Page 260 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 260
ҚАЗIРГI КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА БОЙЫНША БӨЛІНЕТІН
НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ
Ибраева Айымгуль
1
Мусаханова Меруерт Абытханқызы
2
Аңдатпа
Бұл мақалада комьютерлік графика бойынша бөлінетін негізгі салалары
талқыланады.
Компьютерлік графика – арнайы есептеу кешендерінің көмегімен бейнелерді жасау
мен оларды өңдеу құралдары мен әдістерін зерттейді. Компьютерлік графика монитор
экранында немесе сыртқы тасымалдаушыларда (қағаз, кинопленка, мата және т.б.)
көшірмелерінде
кескіндерді бейнелеудің барлық түрлерін қамтиды. Деректерді көрнекілеу адамзат
қызметінің әр түрлі салаларында орын алып келеді. Мысалы, медицина (компьютерлік
томография), ғылыми зерттеулер, киімдерді модельдеу, тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстар және т.б.
Кілт сөздер
Дербес компьютерлердің қазіргі заманғы қолданбалы бағдарламалық қамсыздануы
интерактивтік режимде жұмыс істеуге, яғни адам мен компьютердің арасында
оперативтік графикалық қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік графиканың түрлері
Кескіндерді жасаудың тәсілдеріне қарай компьютерлік графика келесі түрлерге
бөлінеді:
- фрактальдық;
- Үшөлшемді графика
- растрлық;
- векторлық;
- Мультимедиа.
Фрактальдік графика
Фрактальдік графика математикалық есептеулерге негізделеді. Фрактальдік
графиканың базалық элементі математикалық формула болып табылады. Яғни компьютердің
жадында ешқандай объектілер сақталмайды, ал кескіндер берілген теңдеулер бойынша
тұрғызылады. (Синянский И.А., Манешина Н.И. М., 2004 , 109-113)
Осы тәсілмен қарапайым құрылымдардан бастап табиғи ландшафттар мен
үшөлшемді объектілерді имитация жасайтын күрделі кескіндерге дейін тұрғызылады.
Үшөлшемді графика
Үшөлшемді графика ғылыми есептеулерде, инженерлік жобалауда, физикалық
объекттерді компьютерлік модельдеуде кеңінен орын алады. Мысал ретінде үшөлшемді
модельдеудің күрделі вариантын – физикалық дененің қозғалыстағы кескіндерін құрастыру.
Растрлық графика
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.
Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы
растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз
орны мен түсі болады.
Векторлық графика
Растрлық графикада кескіннің базалық элементі нүкте болып табылады. Ал
векторлық графикада базалық элемент сызық болып табылады. Сызық бір тұтас объект
ретінде математикалық жолмен сипатталады. Сондықтан векторлық графика құралдарымен
объектті кескіндеу үшін қажетті деректер көлемі растрлық графикамен салыстырғанда едәуір
аз болады. (Маклакова Т.Г., Нанасова С.М., Шарапенко В.Г., Балакина А.Е., 2004 , 159-165)
1 Магистр аға оқытушы, еуразиялық дизайнелер одағының мүшесі, Казақ технология және бизнес
университеті, Астан қаласы. E-mail: aico_jaco@mail.ru
2 Магистр аға оқытушы, еуразиялық дизайнелер одағының мүшесі, Казақ технология және бизнес
университеті, Астан қаласы. E-mail: meruert.musakhanova@inbox.ru
224

