Page 363 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 363

ЭТНИКАЛЫҚ СТИЛЬДЕГІ ЕРЛЕР ТОПТАМАСЫН ӘЗІРЛЕУ

                                              Кудабаева Айгуль Калдыбековна  1
                                                                             2
                                           Абдрахманова Ақнұр Ғалымжанқызы

                            Түйіндеме
                            Мақалада  өрнектелген  принттерді  қолдана  отырып,  этникалық  стильдегі  ерлер
                     топтамасын  жобалау  процесінің  композициялық  ережелер  мен  заңдылықтар  арқылы
                     ұйымдастырылып,  көркемдік  шешімдерінің  нәтижелері  келтірілген.  Этникалық  стильді
                     жаңа контекстінде ежелгі сәнді мен мәдени бейнелерін қайта жаңғырту және заманауи сән
                     дизайны тұрғысынан ерекше шешімі болып табылады.

                            Түйін сөздер
                            Этностиль, ою-өрнек, принттер, ұлттық элементтер, ерлер костюмдері.

                            Кіріспе.  Заманауи  адамның  бүкіл  өмірі  дизайн  өнімдеріне  толы.  Сән  -  көркем
                     өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру
                     шараларын қамтиды. Дизайн саласы заман талабына сай үнемі өзгеріске ұшырап отырады.
                     Костюм дизайны әлемдік деңгейдегі салалардың бірі. Бұйымдарды арнайы мамандар қазіргі
                     таңда компьютерлік бағдарламалармен жасап, тігін машиналарымен тігіп өңдіреді. Костюм
                     бұл  тар  мағынада  адамның  киімі,  аяқ  киімі  және  әртүрлі  аксессуарларды  қамтиды.  Кең
                     мағынада  бұл  дәуірдің  эстетикалық  бейнесі,  оның  идеалдары  мен  сұлулық  канондарын
                     көрсетеді  (Наимова Д.Н, 2022, 186).

                            Зерттеу  мақсаты.  Қазіргі  уақытта  әрбір  қазақ  отбасында  дәстүрлі  қазақ
                     костюмдерінде ұлттық мерекелерді тойлау жақсы дамуда және күнделікті өмірде тұтынуды
                     қолға  алуда.  Айта  кетсек,  тіпті  қазақстандық  жастар  да  өздерінің  даралығын  атап  өтуге
                     тырысады.    Ұлттық  мотивтері  бар  киімдер  қазір  танымал  және  өндірушілер  де  бірдей
                     топтамаларды емес, ерекше киімдерді ойлап табуда. Бұйым  ұлттық талғамға және костюм
                     дизайнының  идея  мазмұнына  байланысты,  көптеген  бағыттағы  байланыстар  арқылы
                     қоғамның  басқа  салаларымен    өзара  байланысады.  Костюм  жасау  -  бұл  өзіндік
                     ерекшеліктері  бар  жан  -  жақтылықты талап  ететін    өнер.  Топтамалар,  әдетте  бір  бейнелі
                     шешімге,  материалдардың,  стилі  мен  құрылымына  негізделген  әртүрлі  мақсаттағы
                     киімдердің  бірнеше үлгілері деп аталады.  Этникалық стиль бұл әлем елдерінің халықтық
                     мотивтері басым болатын киім стилі. Этностиль бұл жеке тұлға қалыптасатын негіздердің
                     бірі. Этникалық тақырыпқа жүгінетін костюм әрқашан халықтың тарихы мен мәдениетіне
                     назар аударуды талап етеді (Липская В.М., 2012, 212).
                            Костюмнің  заманауи  көркемдік  дизайны  өнердің  барлық  салаларында,  соның
                     ішінде ұлттық костюмде ата - баба мұрасын мақсатты түрде зерттемей дами алмайды. Ою-
                     өрнектер  негізгі  рөл  атқарады,  сондықтан  оны  зерттеу,  жүйелеу,  жіктеу,  сондай-ақ  оны
                     заманауи  костюмде  түсіндіру  мәселесі  өзекті  болып  қала  береді.  Дизайнерлердегі
                     этникалық  тақырыпты  шығармашылық  тұрғыдан  түсіну  халыққа  өзінің  этникалық
                     ерекшелігін  сақтауға  және  көрсетуге  көмектеседі  және  рухани  бірлік,  ұлттың  өзіндік
                     құндылығы сезімін дамытады.

                            Материалдар,  әдістер.  Жоғарыда  айтылғандар  киім  дизайнындағы  этникалық
                     бағыттың қалыптасу және даму ерекшеліктерін зерттеудің өзектілігін, ондағы қазақ ұлттық
                     костюмі мен қазақ ою-өрнегінің рөлін айқындауды, сондай-ақ қазіргі заманғы дизайндағы
                     қазақ  ұлттық  костюм  элементтерін  пайдаланудың  әдістемелік  тәсілдерін  әзірлеу
                     қажеттілігін айқындады.
                            Ұлттық нақыштары бар заманауи киімдер ерлер арасында үлкен танымалдылыққа
                     ие.  Этностильдегі  заманауи  ерлер  костюмдері  жай  ғана  әдемі  шапандар  емес  олар  сән
                     философиясын білдіреді. Этностильдегі ерлер костюмдері сән үрдісіне айналуда және біздің
                     елде  ғана  емес,  одан  тыс  жерлерде  де  сұранысқа  ие.  Этностильдегі  ерлер  костюмдері
                     күнделікті өмірге бағытталған. Сәнді ерлер костюмдерін, шапандарын және күпілерді әрлеу

                     1   т.ғ.к,  қауымдастырылған  профессор,  М.Х.  Дулати  атындағы  өңірлік  университеті    E-mail:
                     nyrdaylet@mail.ru, Orcid: 0000-0003-4385-7074
                     2    2   курс   магистранты,   М.Х.   Дулати   атындағы   өңірлік   университеті   E-mail:
                     abdrahmanovaaknur48@gmail.com, Orcid: 0009-0004-7926-5489




                                                           327
   358   359   360   361   362   363   364   365   366   367   368