Page 364 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 364
элементтерімен безеңдіреді: ою-өрнектермен, кестелермен, кестеленген белбеулермен және
т.б. Стильдендірілген ерлер киімі қазіргі өмірге ұлттық талғамның сұлулығын алып келеді.
Қазір этностильде киім кию танымал бола бастады. Сәндік элементтерді, яғни, ою –
өрнектерді бұйымдарда қолдану бұйымның көркемдік – бейнелік мағынасын көтеру және
жалпы сезім әрекетті әсерленушілік айқындығын шешетін үлгілер ұсынылды. Таңдалған
үлгілер – қазақи элементтерін қолдана отырып, ерлер топтамасы болып табылады, сурет 1.
Сурет 1. Заманауи ерлер топтамасы
Сонымен, топтаманың басты белгісі - жаңашылдық, яғни ағымдағы маусымның сән
үрдістеріне сәйкестік. Бұл жағдайда үлгілердің сыртқы түрінің жаңалығына оларды жасау
технологиясына аз әсер ететін композициялық әртүрлілік құралдарын қолдану арқылы қол
жеткізіледі. Бұл, әсіресе, шағын және орта қуаттылықтағы шағын сериялы өндірісі бар
Қазақстанның тігін кәсіпорындарына қатысты. Осы санаттағы кәсіпорындар үшін шағын
топтамалар түрінде жаңа киім үлгілерін жобалау ұсынылады.
Композициялық әртүрліліктің осындай құралы ретінде ою-өрнекпен басылған
материалды пайдалану ұсынылады. Дизайны әртүрлі принттермен бұйымдарды шығаруға
болады. Заманауи жабдықтар этностильдегі костюмдерді өңдеуге мүмкіндік береді, бұл
өнеркәсіптік топтаманы көп шығынсыз жаңартуға ықпал етеді, сурет 2-де топтаманың бір
үлгісі көрсетілген.
328

