Page 366 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 366
ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫНДАҒЫ СКАНДИНАВИЯЛЫҚ
СТИЛЬДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Белесарова Бакыт Бахтияровна
1
Аннотация
Мақалада дизайндағы скандинавиялық стильге бағытталған заманауи интерьер
дизайнындағы қолдану мысалдарына сүйене отырып, функционалдылыққа,
сызықтардың тазалығына және пішіндердің өзіндік ерекшелігіне негізделген
скандинавиялық стильдің бірегейлігі туралы айтылған.
Түйін сөздер: скандинавиялық стиль, қоршаған орта дизайны, скандинавиялық
дизайн, табиғи дизайн, интерьер.
Кілт сөздер Скандинавиялық стиль, дизайндағы орта, скандинавиялық дизайн,
табиғи дизайн, интерьер.
Заманауи дизайнда танымал стильдердің бірі – бұл скандинавиялық стиль.
Бұрынғы скандинавиялықтар солтүстікте, суық жерде жүрек тыныштығын қалау үшін,
осы скандинавиялық стильді сәулет пен интерьер де көп қолданды. Сұлулықты,
қарапайымдылықты және функционалдылықты біріктіруге арналған бұл жаңа көзқарас,
дизайнерлік ерекшеліктеріне көңіл бөлді. Біріншіден, функционалдылыққа сұраныс
болды. Солтүстік Еуропаның қатал суық климаты, әсіресе қыста, скандинавтықтар
жылулық ыңғайлылық болу үшін ұзақ уақыт бойы осы стильге бет бұрды. Бұл бағытқа
тән ерекше жеңілдік, әсем қарапайымдылық пен ыңғайлылық ұзақ уақыт бойы бүкіл
әлем дизайнерлерінің жүрегі мен санасын жаулап алды. Скандинавия стилінің басқа
өзекті бағыттардан басты артықшылығы ерекше икемділік болды, өйткені оны шағын
қалалық пәтерді безендіру үшін де, қоғамдық нысандарды ұйымдастыруда да қолдану
болды. Скандинавиялық стильдегі үйдің негізгі ерекшеліктері - ол барынша
минимализм, табиғатқа жақындық, қолданбалы өнерге назар аударту, қарапайымдылық
пен тұрақтылық. Пішіндер тұрғысынан дизайндағы скандинавиялық стиль солтүстік
Еуропаның тұрғындарынан ұстамдылық пен қарапайымдылықты қайталады.Бұл стиль
Швеция, Дания, Норвегия және Финляндия елдерінде пайда болды. Олардың солтүстік
орналасуына байланысты бұл елдер Рим империясының ықпалына түспейді және өнер
мен архитектурадағы ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалады. Тоғызыншы ғасырға дейін
Норвегия, орманға бай ел, ағаш құрылысы басым болды.
Декор элементтері ретінде, тұрғын үйлерден басқа, Викингтер мен храмдар үшін
әшекейленген киім-кешектерді қолданатын пұтқа табынған бейнені қолданды. Орта
ғасырларда, Дания, Швеция және Финляндия еуропалық стильдер барокко және
классицизма әсер етті. Дегенмен, олар үйдің және интерьердің құрылысында өз
ерекшеліктерін сақтай алды. Интерьердегі заманауи скандинав стилі табиғи
материалдарды және заманауи технологияларды пайдалануды біріктіреді. Скандинавия
стиліндегі интерьер дизайны жеке үйлердің тұрғындарына да, пәтерлердің
тұрғындарына да мүмкіндік береді.
Стильді дамытудың жаңа кезеңі XIX ғасырдың 80-жылдарына келеді.
Дизайнерлер интерьерді функционалдылық деген ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
стильге заманауи ерекшеліктер бере бастады. Скандинавиялық дизайнның
артықшылықтары 1930 жылы Стокгольмде халықаралық көрмеде бүкіл әлемге
көрсетілді, ал «скандинавиялық дизайн» терминінің өзі арнайы және танымал
әдебиеттерде сәл кейінірек, 1950 жылы АҚШ пен Канадада өткен дизайнерлік
көрмелерден кейін пайда болды.
Скандинавиялық стиль – соңғы онжылдықта интерьер дизайнында сөзсіз сүйікті
бола бастады. Біз оны минимализмі мен қарапайымдылығы үшін жақсы көреміз. Бірақ
бүгінде жарқын және сәнді реңктер сәнге еніп жатыр және скандинавия стилі өзінің
танымалдылығының шыңына жетті. Скандинавиялық стиль басқа бағыттармен бірігіп,
жайлы және үйлесімді кеңістік жасай отырып, сән әлеміне оңай бейімделді.
1 аға оқытушы, дизайн магистрі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, E-mail:
belessarova@yandex.ru
330

