Page 393 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 393

«СГРАФФИТО» ТЕХНИКАСЫМЕН ХАЛЫҚ ФОЛЬКЛОРЫ

                                                                               1
                                               Мусаханова Меруерт Абытханқызы

                            Аңдатпа
                            Бұл  мақалада  страффито  техникасы  қазіргі  заман  талабына  сай  халық
                     фальклорының негізінде практикалық орындалуы қарастырылған.  Мақала нысаны ретінде
                     страфито техникасымен фальклорлық тақырыпты ашу қарастырылған. Мақалада теориялық
                     білім  мен  дәйекті  шығармашылық  дағдылармен  қамтамасыз  етіледі.Страфито  техникасы
                     туралы материалдар толық көлемде зерттелді.

                            Кіліт  сөздер  Сграффито,  өнер,  дизайндағы  жобалау,  композиция,  халықтық
                     фальклор,түстану, түстік колорит,эскиз.

                             Сграффито-(Италиян  тілінен  аударғанда  тырнау  деген  мағынаны  білдіреді)
                     Алғашқы  қауым  адамдары  үңгірлерде  арнайы  тас  сынықтармен  қабырғаға  тырнап   сурет
                     салған.  Ең  ежелгі  түрлерінің  бірі  ретінде  сграффито  жай  ғана  саусақпен    қабырғаға.
                     ылғалды  балшықтармен  суреттерді  қабаттастырып  салған.  Бұл  тәсіл  -  сграффито  (итал.  -
                     аударғанда  тырнау  деген  мағынаны  білдіреді)  Орыстар  мен  грек  шеберлері  сграффито
                     тәсілін  нығайтып  ыдыс-аяқ  декорирования  үшін  пайдаланды.  Латын  Америкасы
                     халықтарының  -  Ежелгі  қыш  бұйымдарына  арналған  суреттерінде  тырнап  салынған
                     суреттерді  кездестіруге  болады.  XV  -XVII  ғасырларда  Италияда  сграффито  кеңінен
                     таралды, осы елдегі әшекейлік бұйымдар, сыртқы қабырғалардың сәулет құрылыстарында
                     кеңінен пайдаланылды (Швидковский О. А., 1984, 115-125)
                            Сграффито  (итал.  Sgraffito  немесе  grafrito,  сөзбе-сөз  айтқанда-сызу,  тырналау,
                     тырналап  жазу)  –  біршама  жас  болғанымен,  қабырғаға  салынған  сурет  техникаларының
                     ішінде  ең  кең  таралғаны  деп  айтуға  болады.  Алайда,  сграффито  қағидасы,  өз  бетінше
                     керамикада  әлдеқашан  Ежелгі  Грецияда  қолданылғаны    туралы  атап  айтқан  жөн,  оған
                     Греция  мен  Этрурия  қалаларында  табылған  көне  құмыралар  дәлел.  Б.з.XV-XVIIғ.
                     Сграффито Италияда қабырғаларды сәндеу мен әрлеу тәсілі ретінде  таралды. (К.Даглдиян.,
                     2008, 155-167)

























                                               1 сурет. Сграффито техникасы

                            Сграффитті  орындау  техникасы  үш  кезеңнен  тұрады:  сылақты  қондыру,
                     суреттің  сұлбасын  келтіру  және  тырнау.  Сылақты  қондыру  материалдары  және  тәсілі
                     әдеттегі түрлі-түсті сылақ кезінде сияқты.   Қатып қалған, бірақ әлі ылғалды негізгі қабат
                     сылағына  түрлі-түстіні  жағады.  Трафарет  бойынша  суреттің  контурын  түсіргеннен  кейін
                     тырналауға  көшеді.    Тырналауды  сылақ  кепкенге  дейін  жүргізу  керек,  сылақ  толық

                     1   Магистр  аға  оқытушы,  еуразиялық  дизайнелер  одағының  мүшесі,  Казақ  технология  және  бизнес
                     университеті, Астан қаласы. E-mail: meruert.musakhanova@inbox.ru




                                                           357
   388   389   390   391   392   393   394   395   396   397   398