Page 69 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 69
код ретіндегі киім үлгілерін дайындау болашақ тігін өндірісі мамандарының бәсекелік
қабілеттілігін қалыптастыру міндеті тұр.
Дресс код ұғымы қазақ халқы үшін жат ұғым емес, жаңа сипаттағы аталуы болмаса
қазақ халқы бұрынғы заманнан бері ережеге сай киіне білген. Қазақстың ұлттық киім кию
үлгісі ерте заманнан бастап осы ережеге сай киіне білген деп атйтуға болады.Мысалы қаз
баланың өсіп жетілу барысында киім үлгісін қатал сақталуының өзі халқымыздың дресс
кодты негізге алғанын көрсетеді. Сонымен қарат, қазақтың ерлері киген шапандары мен бас
киімдерінің пішімі, ою-өрнегі түсі мен материалына қарап ел басқарған хандар мен
сұлтандарды беделі мен лауазымын көрсеткен. Халық шеберлері тіккен айыр қалпақты өте
қымбат бархат матасымен тысталып, ішіне киіз немесе қалың мата салынып, сырып тігілген
бас киімді өсімдік тектес өю-өрнектермен алтын жіппен зерлеп кестелеген. Мұндай бас
киімді хандар мен сұлтандар салтанатты жиындарға киетін болған. Ал, қымбат
материалдардан тігілген оқалы немесе зерлеген шапанның өңіріне зер салынып, жота бөлігі
мен етегін оқалы жіппен өрнектеп тігілген шапанның арқасына күн тәрізді дөңгелек
өрнектермен зер салынған, шапанның екі алдыңғы бойына өсімдік тектес ою-өрнектермен
кестеленген.
Батырлар, бектер мен билер, сал-серілер «жарғақ шалбар» киді. Олай аталуы иленген
жарғақ теріден тігілген. Теріні қызыл түске бояп, өрнектеп кестеленген. Ұлттық киімге
салынған әрбір ою-өрнектің өзіндік мәні мен мағынасы бар.
Сонымен, халқымыздың осындай салт дәстүрлерін келер ұрпаққа жеткізу
мақсатында көпшілік үшін түрлі мақсатта киетін «дресс код» үлгісінде балалар мен
жастардың, қызметкерлер мен жұмысшылардың киім формасын тігуге және жобалауға
болашақ тігінші мамандығы студенттерін үйретудің маңызы қоғам үшін қажет болып отыр.
Осы орайда Мектеп оқушыларының формасы, спортсмендер киім үлгісі ұлттық дресс кодқа
сай жобалауға назар аудару қажет. Бұл істі, болашақ тігін ісі мамандарына пәндік білім
беруде, әсіресе «Арнайы сурет», «Ұлттық костюм», «Костюм композициясы», «Тігін
бұйымдарын көркем жобалау» пәндерін таңдау компоненттері ретінде ұсынып
интеграциялық білім беруді назарға алынды. Аталған пәндерді болшақ мамандарға оқыту
барысында ұлттық мәдениетімізді, салт дәстүрімізді жаңғыртуға үлес қосуына мүмкіндік
болады.
Білім беру саласындағы интеграция және саралау процестері қазіргі ғылымның
студенттің жеке басын қалыптастыру тетіктерін іздеудегі маңызды тенденциялары болып
табылады. Интеграцияның мәні-синтездеу, күрделілік, өзара ену, білім беру жүйесінің жеке
компоненттерін толықтыру. Саралау олардың терең мамандандырылуынан тұрады. Нақты
білім беру практикасындағы бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты [5]. Әр түрлі
білім беру және кәсіптік жүйелердің интеграциясының шарттары мен тетіктері және олар
тұлғаның дамуына, ұтқырлығы мен бәсекеге қабілеттілігіне әсері үлкен.
Қорыта айтқанда, оқушылар формасының ұлттық дресс кодын қолдану арқылы
болашақ білімді жастарды тәрбиелеуге, қоғам сұранысына сай бәсәкеге қабілеттілігін
арттыру арқылы, еліміздің отынсүйгіш, ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып, ұлттық
дәстүрімізді қастерлейтін жастарды тәрбиелейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен
бекітілген "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000726/links
2.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы.
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1900000988
3. Жолдасбекова С.А., Райымқұлова А.Д. Жастардың қолөнерге бейімділігі мен
эстетикалық деңгейінің сабақтастығы арқылы этнопедагогикалық тәрбие беру / Ұлт
тағылымы – Достояние нации, 2006, № 3. –46-51 б.
4. Архангельский С.И. Учебный процесс в высшей школе. 1980. 116с.
5. Гончарук Н.П., Хромова Е.И.. Интеграция педагогических и информационных
технологий в образовательном процессе. Казанский педагогический журнал No4, 2018.
https://cyberleninka.ru/article/n/integratsiya-pedagogicheskih-i-infor.
33

