Page 343 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 343

Қорытынды
                     Қазақ   халқының  қолөнер  саласында  өңдеу,   оған   жүн   орап,  өрнектеп   безендіріу,  түр
                     салып  тоқу   ісі  де   ғасырлар   бойы   атадан балаға   мирас   болып,  қалып  келе  жатқан
                     ұлттық өнері болып табылады.
                            Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда маталар мен басқа тоқыма бұйымдарына
                     арналған жаңа оқу бағдарламалар мен оқу әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарға
                     сұраныс  мәселесі  ерекше  маңызға  ие  болып  отыр.  Тоқыма  бұйымдарын  көркемдік
                     безендіруін дамытуда сәндік тенденциялар мен стильдік жаңа инновациялық технологиялар
                     мен  жаңа  бағыттарды  болжаумен  байланысты  сұрақтар  да  бүгінгі  күні  өзінің  мәнін
                     жоғалтқан  жоқ.  Тоқыманы  ою-өрнектеу  тілі  осы  өнердің  мәндік,  сипаттамалық,
                     стилистикалық белгілерін көрсете отырып, жалпы барлық декоративні-қолданбалы өнердің
                     уақыт  заңдылықтары  мен  жаңа  тенденцияларының  әсерінен  әрдайым  қалыптасқан  және
                     қалыптаса бермек деп  ойлаймыз.
                            Сәнді  қолданбалы  өнер    оның  ішінде  көркем  тоқыма  өнері  өзінің  ерекшелігімен,
                     образдық сипатымен, форма мен мазмұнның бірлігімен ерекшеленеді.
                            Қазақстан  қол  өнері  шеберлерінің  оның  ішінде  шым  ши  тоқу  өнері  бойынша
                     бүгінде  әйгілі,  халыққа  ерекше  танымал  болып  жүрген  ши  тоқу  өнерінің
                     тоқымашыларының жұмыстарымен жете танысу, зерттеу, жинақтау, меңгеру яғни, олардың
                     өмірбаянымен,  көркем  туындыларымен,  қол  өнер  саласында  халыққа  сіңірген  еңбектері
                     жөнінде  көптеген  мәліметтер  жинақтадық.Сонымен  қатар  қазіргі  кезде  аталған  ши  өнері
                     тоқымашыларыныңшым  ши  өнеріндегі  өзіндік  тоқу  стильдері,  мәнерлері,  орындау
                     техникаларының  ерекшеліктері  жөнінде    т.б.  с.с  мәселелерді  қарастырылды.  Осы
                     жұмыстарды  зерттеудің  нәтижесінде  сәнді  қолданбалы  өнер  бағыты  бойынша  шым  ши
                     өнері  бойынша  жасау  менің  негізгі  мақсат  болды.  Кәсіптік  білім,  көркем  еңбек  және
                     графика  мамандығы  студенттерін  оқыту  барысында  ұлттық  құндылықтарды,  қол  өнер
                     шеберлерінің    туындыларымен  таныстыру  арқылы  игерген  теориялық  білімдерін
                     практикада  қолдану  арқылы,  оларды  ұлттық  мұраны  сақтауға  тәрбиелеу  міндетіміз  деп
                     ойлаймыз.



                                                           307
   338   339   340   341   342   343   344   345   346   347   348