Page 340 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 340
Осыдан біз халық қолөнер шеберлерінің ұзақ жылдар бойы көшпелі тұрмыс
жағдайына сәйкес жасаған заттары мен негізгі кәсібіне орайлас өрістегенін байқаймыз.
Мысалы қолөнер жиһаздарының ішінде өрнектеп түр салынған шым ши тоқушы: Шәми
Айтмағанбетова, Ермек Өмірбердиева, Нілболла Биімбетова Дариға Жантоқова, Бибі
Сәрсенбаеваларды, т.б қол шеберлерін ерекше атауға болады
Өрнектеп ши тоқу өнерін де қазақ қол өнер шеберлері тиімді қолданған. Олардың ши
бетіне салынған түрлері жүзтеру деп аталған.
Ши тоқу- ши сабақтарын белгіленген, яғни күйдіріп белгіленген жеріне қарай
бірінен кейін бірін қарапайым құрал арқылы 12-15 жерден жіппен шалыпбайластыруды ши
тоқу дейді.
Шаршы- біртұтас өрнекті қамтыған шидің бөлігі, шаршыға әр түрлі өрнек түрі түсуі
мүмкін, оның жүзтеру, патшайымын қошқар мүйіз деп атайтын түрлері бар.
Шиге түсетін ою- өрнектің классификациясы.Бүгінде қазақ ою- өрнектерінің өзінің
даму жолы, табиғи және тарихи сипаттық ерекшеліктері бар. Олардың дамуы біздерде сонау
көне замандардан, сақ, андронов мәдениеті кезеңінен басталғанын білеміз. Андронов
мәдениетін біздің заманымыздан бұрын екі жылдықтың соңғы жартысы мен бір жылдықтың
басында Батыс Сібір мен Қазақстанды мекендейтін тайпалар мәдениеті деп білеміз. Ал,біздің
заманымыздан бұрын V-VІІ ғасырларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс және Орталық
Қазақстан жерлерін мекен еткен. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды «Азиялық
скифтер» деп, ал парсы тарихшылары «сақ» деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар
жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің
үлгілері дәлел бола алады. (Төленбаев С., Өмірбекова М., 1993, 52)
Біздің ши тоқу бойынша жасаған жұмысымыздың қадамдары
Бірінші кезеңде орындалған эскиздер мен нобайлардың сызықтық, реңдік ізденістері
Екінші кезеңде орындалған жұмыстың нәтижесі
304

