Page 336 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 336
Н.Шаханова, т.б. еңбектерiнде қазақ халқының қол өнері философиялық-этнографиялық-
мәдениеттанымдық тұрғыда жан-жақты қарастырылады.
Қол өнердің шығу тарихы мен оның дамып қалыптасуымен, өмір сүру қажеттігін
қамтамасыз еткеннен пайда болғанын, сонымен қатар аңшылық, малшылық, егіншілік
кәсіптерінің де пайда болуымен тығыз байланысты болғанын атап кетуге болады. Қолөнері
ежелгі заманда әр түрлі ауыл шаруашылық түрлеріне қажет құрал-саймандар, мал өнімдері
мен жабайы аңдар терілерінен, өсімдіктерден, тастар мен металдан сан алуан тұрмыстық
бұйымдар мен заттар жасаудан басталып, сонымен қатар зергерлік, үйшілік т.б. өнер түріне
айналғанға дейін бірнеше ғасыр бойы дамып келді. Қолөнердің қандай түрі болмасын
бұйымдар мен заттарды өңдеп шығаруға табиғи шикізаттар қолданылды. Бұйымдар мен
заттарды өңдеуде табиғат жағдайы, әртүрлі қоршаған орта құбылыстары, халықтың тұрмыс
тіршілігі әрдайым ескеріліп отырған еді.
Жалпы, қолөнердің мыңдаған ғасырлық даму тарихы мен табиғи өзіндік ерекшелігі
бар. Бұған айғақ ретінде біздер археологиялық деректер негізіне сүйенсек, ең алғаш рет
ежелгі адамдардың құралдары мен жабдықтары тек тастан жасалғанын аңғарамыз.
Сондықтан да бұл кезеңді «тас ғасыры» деп аталуы да осыдан. Тас ғасыры кезінде тастан
әртүрлі құрал жабдықтар мен қарулар жасалған болатын. Бұған дәлел, Шығыс Қазақстан
аумағынан табылған әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар мен егіншілік үшін қажет құрал
саймандар. Тастан кейінгі қола дәуірінде қоғамда адамдардың ой шеңбері мен саналары
жоғарлай дамып, олардың тұжырымы мен пікірі бойынша темірдің сиқырлық құдіреті бар
деген сеніммен темірден және басқа да темірлердін түрлерінен қарулар, құралдар,
жабдықтар, саймандар жасап отырды.
Қол өнері, мәдениет жөнiнде айтқанда, бiрiншiден, тарих тезiнен өтiп, өзiндiк
сипатын сақтап келген халықтың рухани, мәдени қазынасын айтамыз. Бұлар қазiргi
мұражайларда тұрған тарихи көне ескерткiштер мен қол өнер туындылары болса, екiншiден,
қазiргi халық шеберлерiнiң қолынан шыққан көркем бұйымдар. Yшiншiден, осы қазақ
халқының қол өнер бұйымдарының қазiргi кезеңде жаңаша көрiнiс табуы. Төртiншiден, осы
құбылыстардың оқушылардың көркем шығармашылығында өз қырынан сомдалуы. Егер осы
жағдайды ендi мектепке тiкелей жанамалап айтатын болсақ, әрине, бұл оқушылардың қазақ
халқының қол өнерін, халықтық мұраны, өнердi өзiнше қабылдауы, пайымдауы, бағалауы.
Бiз сөз етiп отырған қазақ халқының қол өнері өнердiң басқа түрлерiнен өзгеше
болып келедi. Оның өзiнiң болмысы, тарихи, табиғи сипаты бар. Яғни, қол өнер қазақ
халқының өмiр салтымен, материалдық және рухани дүниесiмен, ұлттық тәрбиесімен,
халықтық психологиясымен ерекшеленетiн әлем мәдениетiндегi өз орнымен сипатталатын
өнердің түрі.
Жалпы, қазақ халқының қол өнері негізгі аспектілерде (қызметі, түрі, жанр,
образдар және т.т) тығыз сабақтастық сақталған өнер десек болады. Оның айрықша
ерекшеліктері: шығармашылығының кәсіби сипат алмағандығы, оның жеке бастан
тәуелсіздігі, мифологиялық символикаға толы болуы, бүкіл діни табыну комплексімен
ажырағысыз байланыстылығы т.б.с.с. Олай болса қазақ халқының қол өнері дегенді
халықтың тіршілік етуі барысында дамып қалыптасқан «өмір құбылыстарын, қоғамдық
болмыс, сана нәтижелерін, адамның іс-әрекетімен көңіл – күйін, сезімі мен рухани
дүниесін образда көркем тіл (түрлі бояудағы образдар, пластикалық образдар, көлемдік
- кеңістік формалары, сурет пен реңдер, жарық пен көлеңке сызықтары) бейнеленетін
форма мен қатынасы деп түсінеміз».
"Қазақ халқының қол өнері" ата-бабамыздан келе жатқан көптеген ғасырлар бойы
шыңдалып, санамызда, рухымызда, болмысымызда өзiндiк қолтаңба ретiнде
сiңiпқалыптасқан өнердің түрi деп есептейміз.
Бiз бұл жерде екi түрлi нәрсенi ескеруге тиiспiз. Бiрiншiсi -қазақ халқының қол
өнерін алғашқы қауымдық кезең өнерiмен шатастырмауымыз керек. Себебi қазақ халқының
қол өнерінде алғашқы қауымдық кезеңдегi, тiптi одан бергi сақ, қыпшақ-қимақ, түркi
мәдениетi өн бойында тұтас сақталып жатқанымен, ол - кейiн де өзгерiстерге ұшырап, бүгiнгi
күнге жеткен халықтық өнер деп білеміз.
Екiншiсiне, кейбiр зерттеушiлер қазақ халқының қол өнері деп 1920 жылдарға
дейiнгi өнердi есептейді. Кеңес үкiметi кезеңiнде реалистiк өнердiң қалыптасуына
байланысты қазақ халқының қол өнері жойылған секiлдi. Бұл да сыңаржақты түсiнiк деп
есептеуiмiз керек. Себебi қалай мойындамаймыз десекте кеңес үкiмет тарапынан
қаншалықты қудалауына қарамастан қазақ халқының қол өнері мен мәдениеті өз болмысын
сақтап қана қалған жоқ, сонымен бiрге бейнелеу өнерiмен жарысып, кей жағдайда онымен
ұштаса отырып дамып отырды.
300

