Page 333 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 333
алғаш рет Ноин-Ұлы ескерткіштерінде, кейіннен бесінші Пазырық қорғанында
табылған. Қазірде қазақ түс киіздерінде құбыланы, әлемнің төрт бүрышын
көрсететін дүниетанымдық белгілер. Демек, жер, су, өсімдіктерге қатысты
өрнектердегі кеңістік пен уақыт ұғымдарын түсіндіру негізінде ұрпақты туған жер,
атамекен табиғатына ұлттық сана-сезімдерін қалыптастырған. Қолданбалы өнердегі
кеңістік пен уақыттың ұлттық сипатын анықтайтын белгілердің бірі - бояу
түстері (реңдер). Бояу үйлесімділігінің тереңдігі, ою түрлерінің айшықтылығы оның
белгілі-бір ой туындайтындығы этномәдени мұраның көркемдік болмыс пен
шындықты анықтайды. Мысалы, ашық аспан әлемі, Тәңірі - көк, молшылық пен
шындық, адал көңіл мен ақиқат - ақ, от, бақытты өмір - қызыл, күннің белгісі
сары бояуларда көрініс табады. Біріншіден, көшпенділер тіршілік көзі болған
малдың ерекше реңдері мен табиғат құбылыстарын таным-түсінігіне
бағындырған. Мысалы, жылқыға байланысты ақ, боз, шүбар, ала, күрең, қасқа,
қара торы, көк қасқа, көкшіл, күрең қызыл, жирен боран, қылаң т.б. реңдерді
топтастырған. Мыңдағаи табын-табын жылқылардың ішіндегі ерекшеліктерін
реңдеріне байланысты ажыратын айтқан. Екіншіден, әр халықтың өзіне тән колориті
бар. Мысалы, көне түркі тілінде "қызыл" - оңтүстікті, "қара" - солтүстікті, "ақ" -
батысты, "көк" - шығысты білдіреді. Кей уақытта Батыс - қара, Шығысы - сары, Терістік
- қызыл, ал орталық ядросы - көк деген түстермен белгіленген. Ең қасиетті ұғым,
тәңірлік түс - көк. Өйткені көшпенділер аспан әлемі - көк тәңіріне сиынып, құдірет
тұтқан. Өздерін де көк түріктер деп атап, көктің ұлдары санаған. Көк киелі
болғандықтан, тек өзіне-өзін ғана теңеп айтуға келеді, мысалы, көк пен көк. Тілімізде
"көкпеңбек" деп айтылып жүрген сез осы.
Зеңгір көк түс үғымын әр түрлі жер-су атауларынан да байкауға болады. Туған
жеріміздің ең бір шырайлы, сүлу өңірі "Көкшетау", ал Сарыарқа жерінде орналасқан
Балқаш "Кәкше теңіз" деген атауларға ие болған.
Күн, қыран бүркіт, өрнек және шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар бүгінгі
қазақ елінің ұлттык, рәміздерінде көрініс алады. Туымыздағы шаңырақ пен күн
тіршілік еткен бар халықтардың бірлігінің, тәуелсіз мемлекетіміздің баянды
бақытты, бай өмір сүруінің белгісі. Бүркіт бейнесі қазақ елі үшін біріншіден, биікке
киялдап қанат қағу. Екіншіден, тосыннан тұрып аяқтан шалғысы келгендерді жеңетін
күш-қайрат көрсете алатын патриоттық сезімге тәрбиелейді. Елтаңбадағы қос
тұлпар бейнесі қазақ елін мекен еткен халықтардың бойында жылқы малына тән
қасиеттер талғампаздық, тектілікке тәрбиелейді. Ал, қошқар мүйіз өрнегі мен
бесбұрышты жұлдыз бейнелердің танымдық мәні қайраттылық пен қажырлылыққа
тәрбиелейді.
Қорытынды.Кеңістік пен уақыт ұғымдарын былай топтастырудағы себеп
біріншіден, қазақ дәстүрлі қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры зерделенеді. Екіншіден, уақыт
арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды. Үшіншіден, кеңістік
көріністері бүгінгі "ата жұрт", 'ата мекен", "елім, жерім", "туған өлке" ұғымдарын
қалыптастырады. Демек, қазақ дәстүрлі өнеріндегі кеңістік пен уақыттүркі әлемі өнеріндегі ата
бабаларымыздан жеткен рухани мұра.
«Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің
Ғылым комитеті (Грант № AP19676893 «Дәстүрлі қазақ өнері мен қазіргі өнертану
саласыноқу-әдістемелік қамтамасыз ету») қаржыландырды»
Пайдаланылғанәдебиеттер
1. Қасиманов С. (1995) Қазақ халқының қолөнері. - Алматы: Қазақстан, С. 240б.
2. Муканов М.С. (1979)Казахские домашние художественные ремесла. –А.: Казахстан, С.121.
3. Жәнібеков Ө. (1965) Жолайрықта. - Алматы: Рауан, С.109 б.
4. Сейдімбек А.(1997) Қазақ әлемі: этномәдени пайымдау. Оқуқұралы. – Алматы: Санат, С.
464 б.
5. Маргулан А.Х. (1986)Казахское народное прикладное искусство. –Алма-Ата: - Өнер.
Т.1. С.256.
6. Кляшторный С.Г. (2000) Представление о времени и пространстве
вдревнетюркских памятниках. Материалы международной научно-теоретическойконференции
"Древнетюркская цивилизация: памятники письменности",посвященной 10-летию независимости
Республики Казахстан. –Алматы, С.2.
7. Ежелгі дәуір әдебиеті. (1991) Жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне
арналған хрестоматиялық оқу қүралы. (ҚүрастырғанА.Қыраубаева.). – Алматы: Ана тілі,С.280.
8. Орынбеков М. (1996) Ежелгі қазактың дүниетанымы. – Алматы; Ғылым, С.168.
297

