Page 330 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 330
кеңістік туралы ұғымдардың қалыптасу тарихынан бөліп қарауға болмайды. Онда
бейнеленген бедерлер қашан, қайда, калай пайда болғаны белгісіз. Алайда ол "жануарлық
стиль", өн бойына таңғажайып қиял мен шыңдалған шеберлікті жинаған, өмір
тәжірибесімен сабақтасқан мәңгілік өнер туындысы болып табылады. Бұл өнер иесі ұлы
даланы мекен еткен сақтар екендігін әр жерден табылған заттардың жасалу тәсіліндегі
тектестік, стильдік ұқсастығы, тақырыптың үндестігі дәлелдейді және ерекше қасиетке ие
болып, дүниетанымдық жүйе қалыптастырған. Олар бір жағынан, әр түрлі жан-
жануарлардың күштілігі, көрегендігі сол мүліктің иесіне дарысын деген ниеттен туындап
магиялық, екінші жағынан, жануарларға сиыну белгісі ретінде символдык қызмет те атқарған.
Үшіншіден, дүниетану халықтык тәлім-тәрбиенің негізі болған. Енді осы түркі әлемі өнеріндегі
рухани мұрасындағы уақыт иен кеңістік ұғымдарынын ерекшеліктеріне жеке тоқталайық.
Уақыт - әлемдік дамудың өлшемі. Ол Ньютонның бір сарынды түзу сызықтық
уақытынан Эйнштейннің салыстырмалы бір мезгілдік, әлемдік козғалыстың
жылдамдығына тәуелді өзгермелі уақытқа жетті. Негізгі уақыт өлшеуіштері күн, апта, жыл,
мүшел, ғасырды ежелгі ата-бабамыз табиғат құбылыстарының күнтізбесіне біріктірген.
Күнтізбедегі 12 ай жануарлар ерекшеліктеріне байланысты аталғаны танымдық, тәрбиелік
мәнге ие. Мысалы, түркі әлемінде ата-тек тотемі - Көкбөрі күнтізбеде барыс бейнесінде
бейнеленген. Бүгіндегі болмысымыздың нышаны барыс болу қазак, қанына сінген қасиет.
Оның дәлелі Тәуелсіздік монументіндегі Көкбөрі болашақ ұрпақты жаңа асулар мен
шыңдарды бағындыратын, көздеген мақсатына жетелейтін, сенімді соқпақтарды іздестіруде
танымды бірбеткей мінезді, кауіп-катерден каймықпайтын батырлыққа,төзімділікке,
ержүректілікке тәрбиелейді.
Көшпенділер кеңістіктің қадір-қасиетін уақыт аралығында шықтағанына Орхон
ескерткіштері мәтіні мысал болады. Мысалы, «Әкем қаған өлгенде, інім Күлтегін жеті жаста
қалды. ... Он алты жасқа келгенде Ағам қағанның ел-жұртын сонша молайтты. ... Жиырма
бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық". Осылайша оқиғаларды батырдың жасымен
көрсету шектелген, тұйықталған уақытты береді. Сонымен бірге, мемлекеттік басқару
жүйелеріндегі оқиғалар циклдік жүйемен реттелген. Тоныкөкте бірінші цикл - түркі
халықтарының табиғатқа бағынышты болып қалуы, екінші цикл — аман қалған
түріктердің бас қосуы, бірігуі. ...Соңғы он төртінші цикл түріктердің өз елі, жері үшін
соғыстарда Тоныкөктің ақыл-кеңесімен, ерлік істерімен жеңген уақыттары. Дегенмен, түрік
ескерткіштеріндегі хронология мен жыл санаудан тыс этномәдениеттегі уақыт пен кеңістікті
түркітанушы "Г.Кляшторный (Кляшторный, 2000, 2) дәлелдеуіне сүйсне отырып,
төмендегідей топтастырдык. 1- Құдайланған уақыт — тағдыр (жазмыш). 2. Мәңгілік пен
бүгінгілік. 3. Космогониялық уакыт- өмір басы. Ал, Кеңістік— бұл Жер-Су, туған ел, туған
жер, атамекен.
Ежелгі түркі дүниетанымындағы үштік құрылым мифологиялық уақыт пен кеңістікте
көрініс алады. Тік кеңістіктің жоғары бөлігін — Тәңірі, орталық бөлігін — Ұмай, төменгісін —
Ерлік құдайлары басқарған. Осыдан ежелгі ата-бабаларымыздың дүниетанудағы Аспан,
тіршілік көзі, о дүние туралы түсініктері аныкталады. Мысалы, айтылған ойдың тағдырды
құрайтындығында. Өйткені мифті: жаратылыс этномәдениетте тағдырлық мазмұнға ие. Адам
тағдырының өзі осы Аспан мен Жердін арасында, болмыста өтеді.
Уақыттың келесі өлшемі мәңгілік пен бүгінгілік немесе әлемнің тепе-теңдігі. Түркілік
таным бойынша мәңгілік көрінісі ел, көк, билік ұғымдарын біріктіреді. Ежелден мәңгілік қасиет
пен билікке ие болған қазақ халқының максаты — егемендік, тәуелсіздік. Оны Күлтегін
ескерткішіндегі: "Төбеңнен тәңірі баспаса, Астыңнан жер айрылмаса Түркі халқы, ел-
жұртыңды кім қорлайды?" деген жолдардан түрік халқын бірлікке, ынтымаққа, бақытты
ғұмыр кешуін ұрпаққа өсиет еткенін ұғынуға болады (Қыраубаева, 1991, 16). Кешегі
"Мәңгілік Көктің" тұқымы Күлтегіннің ұрпағы - текті қазақ бүгінде тәуелсіздігімізді баянды
етіп этномәдениетте өз орнын тапқаны көп ұлттың ауызбіршілігінде. Ал "мәңгілік ел",
"мәңгілік билік" кеңістік пен уақытты білдіретін киелі ұғымдар.
Күлтегін жазуы —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Күлтегін ескерткіші Түркі
халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Мысалы,. Ескерткіштің 2001 жылы 18 мамырда
Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiн бас ғимаратына
орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының
қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі. Бұл ел, билік, көк ұғымдарын
байланыстыратын "мәңгілік", өткен өмір символы, бүгін мен болашақ сабақтастығы.
Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі саналатын университеттің ең жоғары
«Күлтегін» төсбелгісімен бүгінде елімізгі белгілі тұлғалар марапатталады.
Әлемдік уақыттың басталуының үшінші өлшемі - өмір басы космогониялық уақыт. Ол
294

