Page 331 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 331
кеңістіктік уақыт континиуумында адамзат баласының, ұлы түркі елінің дүниеге келуімен
өлшенеді. Көшпенділер болмыс бейнесін ашық аспан аясынан іздеп, тіршілік тынысына ден
қойған. Мысалы, "Биікте көк тәңірі, Төменде қара жер жаралғанда Екеуінің арасында адам
баласы жаралған. Адам баласы үстіне ата-тегі? Бумын қаған, Істемі каған отырған.
Қалыптастырған, иелік еткен. Төрт бұрыштың бәрі дұшпан екен,..." (Қыраубаева, 1991, 10).
деген бейнелі сөзде түрік жұртының дүниетанымынан хабар беретін терең астар бар.
Мұндағы көк пен жер көшіп-қонып, шексіз-шетсіз кең далаға карап бабаларымыз
Аспанды - Ата, ал Жерді — тіршіліктің Анасы деген. Ал адам осы көк пен жердің ұрпағы
саналған. Көк Аспан, яғни ғарыш-тіршілік иелеріне дем бітірген құдіретті күш, ал қара жер
адамзат баласының алтын бесігі. Космогониялық кеңістікте Күн мен Ай жән жұлдыздар да
уақыт өлшемдерінің бірі. Күн - бар тіршіліктің бастауы жер бетіне нәр беруші күш. Сондықтан
да Күн шеңбері — мәңгілік тіршіліктің, баянды бақыттың, бірліктің, белгісі. Қазақ баласын
"шырағым", "сәулем", "күнім", "жарығым" деп еркелеткені аспандағы күннің шуағы дарысын,
"әрқашан күндей жарқыраған көңілі болсын - деп ырым етіп, баланы жастайынан
мейірімділікке, бір-бірімен достыққа, жакындыққа тәрбиелеген. %
Жұлдыздар әлемінің бастамасы Темірқазық малшылар мен жолаушылардың
шексіз даладағы кеңістікті бағдарлау құралы болса, ал Үркердің аууынан ауа райы
өзгереді деп білген. Бұл бүгінгі шаруашылыкта пайдаланады. Жас ұрпаққа экологиялық
тәрбие береді. Жұлдыз адам тағдырына тікелей қатысты. Аққан жұлдыз өшкен
шаңырақпен, бұл дүниеден кеткен тұлғамен теңестірілген. Бұл адам өмірінің шектеулі
екенінің белгісі. Әркімнің жұлдызы бақытының көрсеткіші. "Жұлдызың жоғары болсын"
деген тілектің де сақталуы сондықтан. Яғни өмір де, өлім де әлем кеңістігі шеңберінде
өрбиді. Болмыс, қоршаған орта шексіз. Оның шеті де, шегі де жоқ, кашан жаралғаны да
белгісіз, санаға теуелсіз абстракция. Ондағы бейненің, құбылыстардың бірі уақытпен
салыстырғанда үнемі қозғалыста, алға жылжиды.
Аспан — космостың бір бөлігі ретінде руна жазуларында көк Төңірі, әдеттегі
мәнінде көк, ауа ретінде танылады. Бұл аспанның құстар ұшатын алыс, биік, жақын
болып бөлінуін білдіреді. Ал, жер -"текстерді жазушылардың ұғымында төрт
бүрышты кеңістік болып ұғылды, оның жиектерін түріктерге дұшпан халықтар мекендеді.
Әлем шекарасын белгілеу үшін руникада "бұрыш" термині қолданылды.... әлемнің
орталығы (кіндігі) "Әулие Отюкен" қарашығы. Түріктер осы жерді мекендеп, олар
"алдыға", "оңға", "солға", әлемнің төрт бұрышын бас идіру үшін жорыкқа аттанды",—
дсп тұжырымдайды Орхон Енисей жазбаларын терең зерттеген түркітанушы
С.Г.Кляшторный (Орынбеков, 1996, 168). Бұл тұрғыдан алғанда әлем көлденең
космологиялық дүниетанымда төрт бұрышты жазык кеңістік ретінде танылады. Кеңістік
"туған жер", "ата жұрт", "ата қоныс" ұғымдарында отанын сүю, қастерлеу, табиғатты
қорғау, оған деген жауапкершілік сезімдері айқындалады. Соның нәтижесінде халыққа,
этносқа деген мақтаныш сезімін қалыптастырып, қазақстандық патриотизмге, ұлттык рух,
намыс-жігермен қаруландырады. Сондай-ақ, түркілер үйдің, шаңырақтың, ошақтың
қамқоршысы Ұмай-анаға да табынған. Тоныкөк ескерткішіндегі: "Тәңірі, Үмай, қасиетті
жер-су жеңіс берген екен," (Samuratova, 2015, 127) деген жолдардан жауынгерлерге жеңіс
сыйлаған құдай ретінде көрініс береді.
Ұмай ежелден-ақ наным-сенімдерде танымдық мәнге ие болған. Мысалы, сәби
ержеткенге дейін бәле-жаладан сақтап жүрсін немесе ұзақ сапарға шыққанда "Ұмай
анаға тапсырдым" деген тілектер бүгінде сақталған. Сонымен қатар, сурет көрмесінің
"Ұмай" атымсн аталуы ертедегі өнердің, қолөнердің бүгіндегі сабақтастығын дәлелдейді
және болмысты сұлулық тұрғысынан жоғары рухани мәнге жеткізуге, көркем-эстетикалық
тәрбие беруге қызмет стеді.
Жер мен аспанның байланысы бәйтерек ұғымында көрініс алады. Оның ұшар
басы жеті қат көкке бағыт алса, діңі жерде, тамыры жер астына жайылған. Демек,
әлемдік ағаш жоғары және орта дүниені және үшінші әлем - төменгі дүниені
байланыстырады. Бәйтеректің заттанған көрінісі ұлы дала төсінде мәңгіге коныс тепкен
мүсін тастар.
Тасқа кашалған адам анатомиясы кеңістіктік-уақыт континиумында
микрокосмостық жүйе қалыптастырған. Ондағы адамның басы ақылдық кені,
жоғарыдағы көкті, күнді, денесі - ортадағы жер бетіндегі тіршілікті, аяғы жер астындағы
төменгі (фәни дүниені) қараңғылық, қорқыныш, түнекті бейнелейді. Демек, мүсінтастар
аспан мен жерді байланыстырушы - әлемдік ағаш қызметін атқарады. Бәйтерек ұғымы
адамға да байланысты айтылып, диалекгикалық ұғымды береді. Бүгінде Әке - мәуелі
бәйтерек, өркен жайған өнегелі отбасының алтын діңгегі, әулеттің жанашыры. Жапырағы
295

