Page 329 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 329
ТҮРКІ ӘЛЕМІ ӨНЕРІНДЕГІ РУХАНИ МҰРА - ҚАЗАҚ ДӘСТҮРЛІ
ӨНЕРІНДЕГІКЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ
1
Самуратова Татигул Какеновна
Абдрахманова Әсемгүл Төлемісқызы
2
Кіріспе. Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері – көшпелі түркі тектес халықтар
әлемі өнерінен бастау алған.
Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі
тайпаларының мәдениетінен арқау алғаны ғалымдар өз еңбектерінде сөз етеді. Мысалы,
С.Қасиманов: «халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру,
бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығы» (Қасиманов, 195, 240) десе, ал
М.С.Мұқанов: «… дәстүрлі халық өнерінің негізі. Халық мұрасынсыз алға басу мүмкін
еместігін» (Мұқанов, 1979,121 ), - ескертеді.
Ө.Жәнібеков дәстүрлі өнер, халықтың рухани әлемі (Жәнібеков, 1965, 109) деп
дәлелдеген. А.Сейдімбектің топшылауынша байырғы көшпенділердің өмір салты дүниеге
әкелген мал құлағына ен салу, малдың санына күйдіріп таңба басу, әр рудың өзіндік
таңбасының болуы, тіптен денелеріне қара күйе сіңіру арқылы татуировкалау («Пазырық»
қорғанының дерегі) сияқты қасиеттердің қай-қайсыда ең алдымен белгі берушілік, хабар
білдірушілік, ажыратушылық міндет атқарған. Мұның сыртында белгілі-бір затпен,
көрініспен ой айту, ниет құлқын білдіру көшпенділер арасында шыңдалған дәстүрге ұласқан
(Сейдімбек, 1997, 464).
Қазақ қолданбалы өнерінің түп-тамыры тереңде, Ол туралы академик
Ә.Марғүлан: "Есть основания полагать, что народное искусство казахов находится
в генетической связи с искусством саков, усуней, гуннов и других племен,
населявших в древности территорию Казахстана" деп дәлелдеген (Марғұлан, 1986,
256). Түркі әлемі өнеріндегі рухани мұра - қазақ дәстүрлі өнеріндегі кеңістік пен уақыт
көркемділік, нақыштылық, айшықтылық, стильдік ерекшеліктері киіз үйде, ою-
өрнектер менбояу түстерінде жинақталған.
Осынау халык мұрасындағы кеңістік пен уақытты жіктейтін болсақ, ол тас
дәуіріндегі геометриялық өрнектер мен сақ дәуіріндегі «жануарлық таңбадан»
басталып, қазіргі ұлттық жаңару төл өнерімізде дәстүрлі көрінісін табады.
Жалпы кеңістік пен уақыт философиялық, этнографиялық, фольклор, ұлттык
мәдени мұра, қолданбалы өнері тұрғысынан бірқатар еңбектерде зерделенген. Оның
ішінде кеңістік пен уақыттың мәні (И.Кант, Гегель), ұлт болмысының рухани-мәдени
құндылықтары, өнердің эстетикалық табиғаты (А.Айталы, Б.Қазыханова, Б.Байжігітов,
т.б.), әдебиеттану саласында (Ә.Қодар, Ш.Ыбраев, А.Сейдімбек) халықтық таным-
түсініктің тарихи өрісі анықталған.
Бірқатар ғалымдар (Г.С.Кляшторный, Б.Байжігітов, Т.Ғабитов, А.Сейдімбек т.б.)
еңбектерінде кеңістік пен уақыт - халықтық рухани мұраның бастау бұлағы, таным-
түсінігі, өмір сүруінің көрінісі, шексіздік әлемі - дүниетаным екендігі тұжырымдалган.
Кеңістік пен уақыт ұғымдары қазақ қолданбалы өнерінде абстрактілі
бейнеленеді. Оның шығу тегі көшпенді ата-бабалар өнерінен бастау алғаны ғалымдар
(Ә.Марғұлан, С.Қасиманов т.б.) еңбектерінде дәлелденген. Тарихи деректерге берген
талдауда оның қалыптасып дамып отыруына бірнеше факторлар есер еткенін
1) көркем табиғаттың рухани-танымдық негізі (күнтізбе, Орхон және т.б.
ескерткіштер, таңбаларда заттанған көрініс алады);
2) әлемнің үштік кұрылымы, дүниенің төрт бүрышы (жеті қат көк, жеті қат жер,
және жер асты немесе қыран бүркіт, көк бөрі, ошақ, бәйтерек, жылан басы
бейнелерінде, төрт құлақ т.б. оюларда көрініс алады;
3) дүние жайлы, оның ішінде жер, су, тау, тас туралы ұғымдары (түмар, бойтұмар,
т.б. зергерлік бұйымдарында көрініс алады), солардың негізінде кеңістік пен уақыттың
мазмұндық ерекшеліктері: құрылымдык жүйесі мен табиғаттағы бояу түстеріне
байланысты қалыптасқанын дәлелдейді.
Материалдар, әдістер.Негізінен көркемдік бейнелеу тарихын уақыт пен
1 п.ғ.к., асс. профессор Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана,
Қазақстан. e-mail: Samyratovatk@mail.ru, Оrcid.org/0000-0001-5390-9451,
2 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өнертану магистранты, Астана,
Қазақстан. E-mail: @gmail.com, Orcid: 0009-0007-1361-3040
293

