Page 332 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 332

- оның ұрпақтары, ал тамыры — ата-бабасы.
                            Түркі тектес халықтардың  әдеп-ғүрып,               салт-дәстүрін,
                     дүниетанымын,     эстетикалық    талғамын    бүгінге    жеткізген   киіз    үй  қазақ
                     архитектурасының  алғашқысы.  Ғаламның  кіші  үлгісінің  үлкен  әлеммен    үндесуін
                     мәдениет      танушы       А.Сейдімбек       былайша  сипаттайды:  "Көшпелілер
                     дүниетанымында аспан әлемі көк күмбез - барша тіршіліктің баспанасы. Ал киіз үй
                     болса, әркімнін, шағын әлемі, әркімнің "көк күмбезі". Сондықтан да киіз үй бүткіл
                     бітім-көркімен  көшпенділер  ұғымында  шағын  әлемді  бейнелейді.  Оның  іргесі    -
                     төңіректегі    көк  жиекті,    уық  –  шаңырағы    аспан    күмбезін  елестетсе, ішкі-сыртқы
                     безенген  көркі    әсем  табиғатты  жоқтатпайтындай       әсерге  бөлейді"[2.334].
                     Жаратылыстың структуралық  құрылымын  бойына  жинақтаған  әлемнің  модулі  киіз
                     үй   экологиялық   кеңістік  пен  уақыт  көріністерін  де   сипаттайды. Түндігінен  күндіз
                     күннің  жүру  жолына    қарап,  уақытты  анықтаса,  түнде  аспандағы  жұлдыздардан
                     бағытын белгілеген. Көшпенділердің   астрономиялық   болжаулары   арқылы   кеңістік
                     пен   уақытты межелеуін танымдық тұрғысынан меңгеру бүгінгі ұрпаққа  экологиялық
                     тәрбие беруде басты құралдардың бірі.
                            Танымдық тұрғыдан алғанда үлкен әлемдегі сияқты киіз үйде де  тіктік іргесі,
                     белдеуі, шаңырағы болып үшке, ал көлбеу оңтүстік, батыс, солтүстік, шығыс немесе
                     төр,  оң,  сол,  жақтар,  есік  алды  болып  төртке  бөлінеді.  Шаңырақтан  түскен
                     желбаудағы су өрнегі кіші мен үлкен әлем арасында дәнекер болса, ал ондағы төрткүл
                     өрнегі дүниенің төрт бұрышын меңзейтін белгі. Халық арасында  "Шаңырағың  биік
                     болсын!", "Шаңырағыңды шайқалтпа", "Ошағыңның оты сенбесін!" деген тілектер
                     ұрпағын отбасындағы береке-бірлікке, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
                            Егер  де  киіз  үй  қазақ  архитектурасының  алғашқысы  болса,  ал  ою-өрнектер
                     қолданбалы  өнердің  барлық  түрлеріндегі  басты  белгі.  Халықтың түрмыс-тіршілігімен
                     тығыз  байланыста  болып,  өзінің  өн  бойына ұлттық  болмыс, стильдік  нақыштылықты,
                     салт-дәстүрді  жинақтаған.  Оны  табиғат  күштеріне  сиыну  кезеңінен  сақталған
                     фантастикалық    денелердің   графикалық,   бейнелеулерінен,   стилизацияланған
                     фигуралардан, символдық белгілерден анық байқауға болады. Сызық, ритм, форма, түр,
                     түстерден  құралған  ою-өрнектердегі  кеңістік  пен  уақыт  халықтың  рухани  жан
                     дүниесінен хабар етеді. Сондықтан ою-өрнекті - "...көне өнер тарихының көзі, еткен
                     өмірдің  өнер  тілімен  таңбаланған  тұрмыс  харекетінің  белгісі,  заманалардың
                     символикалық үні" деп түсінген жөн (Мұхтарұлы, 1985, 264).
                            Кеңістік пен уақыт космологиялық өрнектерде дәлірек айтсақ,  күн, тұмарша,
                     s образды өрнек және төрт құлақ бейнелерінде  көрініс алады. Көп кездесетін басты
                     бейнелер солярийлік (күндік) шеңберлер. Мысалы, тас бетінде дене бітімі, қол аяғы
                     адамға  ұқсас, күн басты Тәңірі ғарыштық негіздегі бейнелер кездеседі.  Бұл жерде
                     экогенетикалық кеңістік пен уақытта адам мен табиғат біртұтас, сондықтан оны табиғи
                     ортадан бөліп қарауға болмайды.
                            Көшпенді  күннен  үйрене  жүріп,  көгілдір  аспан  аясында  мәңгілік  қозғалыста
                     болған. Күн бейнесі ұрпақтар сабақтастығы үшін үзілмейтін өмір жолы. Ол сан мәрте
                     қайталанып отырып, апталар  мен айларға, жылдар мен ғасырларға айналады. Өмір өз
                     дегенін  мақсат етіп  ұрпақпен-ұрпақты салт-дәстүрінде жалғастырады.  Дегенмен  де,
                     адам өмірі шектеулі. Адамның ең бақытты шағы  -"күні туды", дүниеден өтуі - "күні
                     бітгі" деген ұғымдармен өлшенеді. Өлшем - уақыт. Уақыт - мәңгілік, үзілмейтін өмір
                     жолы.  Сонымен  бірге,  адамның  жолы  ежелгі  бота  мойын  s  латын  әрпі,  яғни  ирек
                     тәріздес өрнектерде көрініс табады. Кейде ирек сызықтар су, ағысты білдіріп, оюлар
                     арасында  үзіліс  қызметін  атқарады.  Бүгінгі  тұрмыста  бұл  көптеген  асу  бермес
                     асулардан, өткел бермес өзендерден өтіп, кейде адасып, кейде дұрыс жол тауып жүрген
                     адамның  өмір  жолын  көрсететіндей  танымдық  мағына  береді.  Танымдық  тұрғыдан
                     алғанда, күннің дөңгелек, шексіз шеңбер, үзілмейтін өмір жолы деген мағыналары
                     тәрбиелік  мәнге  ие.  Мысалы,  бір  дөңгелек  "күн"  белгісі  -  "күніміз  ашық  болсын"
                     дегені, ал  қос  дөңгелек  -  мейірімділік  пен  әдептілік  қасиеттерге  тәрбиелейді.
                     Ал,  тұмарша  оюындағы  кеңістік  пен  уақыт  ұ ғымдарының танымдық мәні жер,
                     су, аспанның тұтастығында.
                            Көне түркі тілінде "тума иер" деген сөз "туған жер" деген ұғымды  білдірген.
                     "Тұмар"  сол  "тума  иер"  сөздерінің  қосылуы  арқылы  шыққан.  Бұрын  тұмар  ішіне
                     туған жер топырағын салған. Онысы  "Жер Ана желеп-жебейді", туған жерге қайтып
                     ораламын деген сенімнен шыққан. Бұл ұғым қазақ арасында әлі де бар.
                            Төрт   құлақ   оюы    крест   тәрізді   төрт   бұрышқа   орналасқан  бейнелер





                                                           296
   327   328   329   330   331   332   333   334   335   336   337