Page 337 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 337
Сондықтан қазақ халқының қол өнері мен рухани мәдениеті жөнiнде айтқанда,
бiрiншiден, тарих тезiнен өтiп, өзiндiк табиғи сипатын сақтап келген халықтың рухани
қазынаны айтамыз. Бұл қазiргi мұражайларда тұрған қол өнер бұйымдары болса, екiншiден,
қазiргi халық шеберлерiнiң қолынан шыққан көркем бұйымдар. Yшiншiден, осы халықтық
қазақ халқының қол өнері бұйымдарының қазiргi кезеңде жаңаша көрiнiс табуы.
Қол өнерi - ғасырлар бойы шыңдалып практикалық iс-тәжiрибе негiзiнде
қалыптасқан iс-әрекеттiң жемiсi. Сондықтан ондағы шеберлiк "қалыптау", "өру", "тiгу",
"бастыру", "қашау", "құрастыру", "түрлендiру", "бейнелеу" секiлдi "қолдан қолға", "атадан
балаға" берiлетiн тәжiрибемен тікелей байланысты. Халық қол өнерi киiз үйдiң ағашын,
жабынын дайындаудан, оның iшiне қойылатын мүлiк-жиһаздарын әзiрлеуден, көшу, қону,
жол-жорық, қару-жарақ жабдықтарын жасаудан, киiм тiгуден, әшекей сәндiк әсем
бұйымдарды дайындаудан т.б. анық көрiндi. Бiр сөзбен айтқанда көшпелi өмiрдiң табиғи
болмысын құрайтын да, оның сәнiн келтiретiн де осы нәрселер мен бұйымдар едi. Қол өнерi
бұйымдарында, соның iшiнде зергерлiк өнерде мифтiк бейненiң пластикалы көрiнiсiн
байқауға болады. Зергерлiк өнерде алдымен пәле-жала, қауiп-қатерден қорғаушы ретiнде
көрiнсе, екiншiден, ол - әлемдiк модельдiң бейнесi. Одан кейiн ол эстетикалық қасиетке ие.
Зергерлiк өнер қол өнерi бұйымдарының iшiнде ерекше көркем, сәндiлiкпен
байланысты өнердiң түрi. Қазақ өнері мен мәдениетiнде пiшiн, бояу түсi, өрнек сызықтары
ғана емес, материалдың өзi де рәмiздi мағынаға ие. "Зер" сөзi алтын деген мағына
бiлдiргенмен, қазақ зергерлерiнiң сүйiп пайдаланатын материалы күмiс болған. Күмiс-киелi
материал. Бұрыннан күмiспен тазалық түсiнiгi байланыстырылады. Мысалы, жаңа түскен
келiн тағам жабдығымен еркiн араласып кетуi үшiн оған енесi өзiнiң бiлезiгiн сыйлаған
немесе жiгiт келiншегiне әдейiлеп күмiстен қос бiлезiктi жүзiк соққызған. Сәбидi қырқынан
шығарғанда да оны күмiс теңге салынған суға шомылдырады.
Қол өнерде әйелдер айналысатын өнер түрлерi өрмек тоқумен, киiз бастырумен,
сырмақ сырумен, кесте тiгумен, шiлтер шалумен, терi киiм тiгумен, ши ораумен,
түрлендiрумен байланысты болса, ер адамдар ағаш ию, сүйек ою, мүйiз балқыту, тас қашау,
металл өңдеу, оны өрнектеу секiлдi iс-әрекеттермен шұғылданды. Кей жағдайда атқаратын
iсiне қарай қол өнерi үш топқа бөлiнедi:
1. Шеберлер (ағаштан түрлi бұйымдар жасап, киiз үй жабдықтары мен тоқылатын
бұйымдарды дайындайтындар)
2. Зергерлер (алтын, күмiс мәдендерi мен асыл тастарды пайдаланып, әшекейлi
сәндiк бұйымдарды дайындайтындар)
3. Ұсталар (ат әбзелдерi секiлдi темiрден заттар соғатындар).
Қазақ халқының қол өнері өрелi рухтың ұйытқысы салт-сәндiлiктi ұғынуға
мүмкiндiк жасайды. Көшпелi өмiр барысындағы әр түрлi мейрамдарда, той, ас беру секiлдi
шерулерде халқымыз ерекше сәнденiп, осы тойда бүкiл өнерiн көрсетуге тырысқан. Ол
ұлттық мейрамдар: қыз қуу, бәйге, көкпар, алтыбақан, айтыс, тартыс, т.б.
Халықтық қол өнер түрлерiн пайдалана бiлу белгiлi әдебиет сыншысы
М.Қаратаевтың 1960 жылдары айтқан ойымен сәйкес келедi: "Тұскиiз, оюлы текемет, кiлем,
сүйектi өрнек, кесте өрiм - мiне, осы өнердiң бәрiн халық жасаған, халықтың әсемдiктi сүю
сезiмi осы өнерде бейнеленген... өнердiң халықтың арғы негiзiнен қол үзбеңдер, себебi
өнердiң шын мәнiсiндегi халықтыкі ғана жақсы. Ол өмiршеңдiктiң, өшпес әсемдiктiң кепiлi
болып табылады" (Өмірбекова М.Ш., 2003, 26-27).
Қазақ ою-өрнегiн зерттеуге тұтас өмiрiн сарп еткен сәулетшi Т.К.Бәсеновтiң
айтуынша: "Халықтық қолөнерге әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң-аулауға, мал өсiруге
және егiншiлiкке қажеттi жабдықтар да кiредi. Киiз үйдiң сүйегiн (кереге, уық, шаңырақ),
ағаш кереует, кебеже сандық жасау, кiлем, сырмақ, алаша, ши, түрлi басқұрлар тоқу, арқан
жiп есу, көннен және шиулi терiден қайыс таспа тiгу, өрiмдер өру, қолдан әр түрлi ыдыстар,
бесiк жабдығы, т.б. көптеген заттарды халық шеберлерi, өнерпаздар өз қолдарымен жасап,
түрлi нақыштармен әшекейлейтiн болған. Қолөнердегi көнiлге қонымды мәнерлер мен
ондағы қолданылған әдiстер бүгінгі күндерге дейін архитектурада кеңiнен қолданылып
келедi" (Ақбаева Ш.Ә., 2007, 72).
Ғалымдар ұлттық қол өнерiмiздiң iлгерiлеуiне кедергi болып отырған қазiргi таңдағы
кеселдер мен кедергілер жөнiнде нақтылай көрсетiп айтып келедi. Қазiргi таңда бұл кеселдер
мен кедергілердің алдын алмасақ, жеткiншек жас ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеуде
сыңаржақтылыққа ұрынуымыз мүмкiн.
Енді, қазақ өнерiнiң өзiндiк табиғатын орыс және батыстық өнерiмен өлшеуге
болмайтынын ерекше атап кетуге болады. Мектеп тәрбиесiнде есепке алынатын сұлулық
категориясы әлi күнге дейiн реалистiк критерийлермен өлшеніп бағалануда. Сондықтан да
301

