Page 338 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 338
қазақ халқының ою-өрнектерін үйреткенде шаблон пайдаланамыз, оның мазмұнын ашқанда
да сюжеттiк сарындарын айқындауға тура келеді.
Қазақ қол өнерiнiң көркемдiк, табиғи, тарихи сипатын, оның мазмұндық мәнiн
қарастырған уақытта батыстық өнер үлгiлерiмен немесе орыс өнерiндегi реалистiк
қағидалармен, кеңес дәуiрiндегi социалистiк реализм өнерiнiң көркемдiк мүмкiндiктерiмен
шектеуге болмайды. Бiз шектелу жөнiнде ғана айтып отырмыз.
Заманымыздыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов: "Бұл өз тiлiн, әдебиетiн бiлмеген,
қадiрлемеген адам толық мәндi интеллегент емес деуге болады, - дей келiп,- екi тiлдiң
мәдениетiн бойға сiңiру ол адамды кең тынысты етедi... Екi бiрдей тiлiң болу - екi енеге төл
өскендей, екi жақты нәр қасиет, қуат бередi",- деген болатын (Шырынбаева. Г., 2010, 452). Бiз
осы тұжырымды дамытып, екi тiлмен де шектелуге болмайды. Орыс қазақ мәдениетiмен
бiрге әлемдiк озық үлгiлi өнерiн және әлемдiк мәдениетте өз орнын қалыптастырған жетiк
өнер туындыларын бiлуiмiз керек демекпiз.
Бiздiң айтатынымыз кез келген өнер құбылысы, соның iшiнде орыс, батыс, шығыс,
кеңес дәуiрiндегi өнер туындыларын бiр жақты қарастыруға келмейдi. Қазақ қол өнерiнiң
өзiндiк ерекшелiгi, өлшенетiн, бағаланатын критерийлерi бар. Қол өнері немесе халықтық
өнер әруақытта өзекті мәселелермен байланысты болмақ.Қысқасы, халқымыздың қолөнері
материалдық және рухани мәдениетімізді тұтастықта бейнелейді.
Өрмек тоқу, ши тоқу, жас талдан ыдыс, құрал – жабдықтар тоқу, өру тоқыма кәсібінің
ежелгі түрлерінен саналады. Тоқыма кәсібі қазіргі уақытта дамыған тоқыма өнеркәсібіне
айналды. Тоқыма бұйымдарының бірі кілемнің ежелгі үлгісі археологиялық қазба кезінде
Пазырақ қорғанынан табылған. (Шойбеков Р.Н., 1991, 14) Қазақстанның әртүрлі өңірінде
түп- түп болып өсетін, сабағы жіңішке, қамыс тектес өсімдік ши деп аталады. Осы өсімдіктен
тоқылған бұйым да ши деп аталады. Ши тоқу өнері қазақтарға, қырғыздарға , түркмендерге,
қарақалпақтарға т.б халықтарға көне заманнан бері белгілі болған. Шиді жүнмен орап, оны
өрнектеп тоқып, керегенің сыртына тағуға, үй ішіндегі аяқ- табақ, ошақ басын қоршап,
көлегейлеп қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, құрт жайып кептіруге, киіз басу жұмыстарына,
киізді ылғалмен сақтау үшін жерге төсеуге, тары сүзу үшін шыпта жасауға пайдаланған.
Ши тоқу үшін ши өсімдігін, әдетте, күзге қарай дайындайды. Ши тоқумен көбінесе
әйелдер айналысқан. Ертеректе батырлардың қорамсақтары да кейде шиден тоқылған.Ши
тоқуда кездесетін ою-өрнектер жан- жануарлар дүниесімен және шаруашылық, тұрмыстық
заттармен байланысты болып келген. Мысалы: құсқанат, қошқармүйіз, итқұйрық,
сыңармүйіз, қарғатұяқ, иттабан, табақ ою, құманбау, торкөз, алағұрт, пышақұшы, тұмарша
т.б.(Маргулан А.Х., 1986, 91) Ши тартудың, оны ауылға әкеліп аршып, жүн орап тоқудың
өзіндік науқандық сипаты болған, өйткені, бұл жұмыстар ши пісіп- жетілген кездері ауыл
азаматтарының бәріне ортақ жұмыс болып табылатын. Ши тартуға жігіттер, қыз-келіншектер
жиналып, ұйымдасқан түрде кіріскен. Қой сойылып, қымыз ішіліп, домбыра тартылып, би
биленіп, ұлттық ойындар ойналып, жұрт көңіл көтерген. Оған «ши тарту биі», «ши
шымылдық» тәрізді ұлттық ойын атаулары айғақ.
Жинақтай айтқанда, ши тоқуға жұрт ерекше мән берген, өйткені қазақ тұрмысында
оның атқаратын қызметі көп болған. Сондықтан, қазақ халқы байырға заманнан бері
тоқылған шиді жоғары бағалап, оларды ұқыпты түрде пайдалана білген.
Ши тоқу өнері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді. Бүгінгі күндері де ауылдық
жерлердешидің маңызы әлі жойылған жоқ. Үй тұрмысынан басқа науқандық жұмыстарда
оны диқандар пайдаланып келеді. Ши тоқу өнері- адамдардың табиғат байлығын тиімді
пайдалана білуінің, өсімдіктер туралы білімі мен тәжірибесінің айқын көрінісі деп білеміз.
(Әбдіғапаров Ұ., 1990, 65) Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылықта
тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай
отырықшы өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен
шаруашылық кажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланып келеді. Оны киіз
үйдің құрамды бір бөлігі ретінде кереге үстіне және сыртына тұтуға,сондай-ақ қазақтар мен
қырғыздарда оларды үйдің ішіндегі аяқ- табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де
пайдаланылған. Тоқылған шиді киіз үйдің есігіне ұстау үшін де қолданған. Оны әр түрлі
шаруашылық мүддесіне, мәселен киіз үй басу сияқты жұмыстарда пайдаланған. Сондай- ақ
киіз үйде төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніш ретінде
киізді астына төсеген. (Тәжімұратов Ә., 1977, 57)
Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да шығыс
халықтары да пайдаланып келеді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу үшін шыпта жасау
сияқты күнделкті тұрмысқа қажетті зат ретінде де ерте заманнан бері кең пайдаланған.
(Тәжімұратов Ә., 1977, 58) Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне
302

