Page 339 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 339
тұтқанда киіз үйдің жылы болуына, туырлығын жоғары түріп, үйдің ішініңтез салқындау
үшін де пайдаланған.
Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай- ақ Орта Азиядағы басқа да
халықтарда көбіне әйелдер тоқып айналысқан. Жай ғана ақ шидан өзіне керекті күнделікті
тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады. (Мұқанов Қ., 1990, 20)
Ерте кезде тұрған үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши дайындауға
топтанып, әйел кісілерменер кісілер де баратын болған. Ерлер жағы ши өсімдігін түбімен
қопарып оны түйеге, өгізге немесе атқа арту сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. Айтып
кететін жағдай, жалпы қазақ халқы шиді күзге қарай дайындайтын болған.
Қазақ халқының қолөнер саласында ши өңдеу, оған жүн орап,өрнектеп безендіру,
түр салып тоқу ісі деғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлтық өнер түрі
болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай:ақ ши, ораулы ши, шым
ши деп үш топқа бөлінетін болатын. Мұндай шитүрлері қазақ халқы арасында әр қайсысы өз
орнымен, әр түрлі мақсатта пайдаланылған. Мысалы,қабығынан тазартылған ақ шиді
көбінесе құрт, ірімшік т.б жаю үшін қолданылатын болса, ұзына бойы түсті жүмен немесе
жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып есептеледі. Ал ен бойы
тұтас оралмай әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп аталған.
Жалпы сырт көрінісіне қарай тоқылған ши үш түрге бөлінеді: ақ ши, ораулы ши, шым
ши (шымораулы ши). Бұлардың әрқайсысының өзінің қолданылатын орны бар. Ақ ши-
шидің бояулы жіп оралмай, өрнексіз, шидің текөзінен тоқылған түрі, шидің қарапайым түрі.
Алғаш тоқи бастаған 3 не 4 шиді бірден салып қабаттап, ширатылған жүн жіппен
айқастыра орап, қосу таңбасы сияқты байланыстырады, алони шидің алақаны деп атайды.
Тек үш шиден қабаттап, байланыстырған түрі шыбын қанат деп аталады. (Тәжімұратов Ә.,
1977, 57)
Ши тоқу
Ақ ши Ораулы ши Шым ши
Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыда айтылған шидің соңғы
екі түрі : шым ши мен орама ши пайдаланылады. Шым шиді кейде «жез ши» деп те атайды.
Шым ши тоқу- қазақтың қолөнер саласындағы ұлттық өнерінің ерекше бір түрі.
Өрнектеп шым ши тоқуда болсын, халық қолөнерінің қайсы бір саласында болмасын, қазақ
әйелдерінің ісмерлігі, іскерлігі мен шеберлігі көрініп, қол өнер туындыларының көркемдігі
өзінің табиғи шынайлығымен көз тартады. (Тәжімұратов Ә., 1977, 58)
Шым ши тоқуда, негізінен, бұйымға композициялық жағынан ою өрнектер толық,
жекелеген және тұтас ою болып түсіп, бір беткей ұзындықта, екі жақты ұзындықта ою өрнек
(компоненттері бойлай да, көлденең де тепе-теңдігі ұзындықою) тобы болып бөлінеді.
]Шым ши тоқуда геометриялық ою элементтері: ромбы, төртбұрыш, шаршыдағы
жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірленіп, бұрыштанып келген крест тәріздес
болып келеді. Бұдан геометриялық ою элементтері шым ши тоқу өнерінде ғана сақталған
деген ойтумауы керек. Мұндай оюлар ерте заманна қыш жасау өнерінде, үй құрылысында
және күнделікті үй мүліктерінде (алаша, кілем, киіз тоқу т.б.) өрнектеу салаларында жақсы
сақталған. Алайда, геометриялық оюдың шыққан тегі анықталды деп үзілді кесілді айту өте
қиын. Дегенмен, мұндай оюлардың түрі алғаш рет еңбек құралдарын бейнелеу, бақташылық
дәуірде үй жануарлары мен жабайы аңдарды белгілі жерге дағдыландыру орындарын
суреттейтін бізге келіп жеткен ромбы, көп бұрышты ұқсас қолдан тоқылған кескін
үйлесімінен шықты деп шамалауға болады. (Қазарбекұлы С., 2005, 96)
Шымши керегенің сыртынан ұсталады. Бұл сәнге де, жылылыққа да, мықтылыққа да
керек. Әр шидің арасын бөліп, қосатын жіп біркелкі келеді де, араларынан құртты кептіретін
саңылау қалып отырады. Мұндай есеппен, дәлдікпен жасалынбаған нәрсеге құртты кептірсе,
асты көгеріп, құрттап кетеді. Қазақ әйелдері оқымаса да, өмірдің өз тәжірибесінен үйренген
аса шебер, өз істерінің қас шеберлері болғанын атап кетуге болады.
Ас ши мен есікши де өреннен тоқылады. Мұның өзгешелігі оның үлкен немесе кіші
етіп жасалуы. Ал, енді атқаратын міндетіне келетін болсақ,есік ши жаңбыр суын киізге
сіңірмейтін қасиетке ие, алас ши болса босаға жақтағы ыдыс- аяқтар менүйдегі әйелдерді
төрде отырған адамдарға көрсетпейді.
303

