Page 335 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 335
ШИ ӨНЕРІ-ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХИ МҰРАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Әлібекова А.Ә.
1
Ташкенбаева С.Ж.
2
Кіріспе
Қоғамның саяси, әлеуметтік – экономикалық дамуындағы жаңару үрдістерінде өткен
тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауды, рухани құндылықтарымызды
саралап, оны оқу-тәрбие үрдістеріне енгізу арқылы ұрпақтар тәрбиесін ұлттық негізде
жүргізуге қолайлы жағдай жасап отыр. Экономикасы дамыған елу елдердің қатарына қосылу
үшін нарықтық экономикаға негізделген бәсекеге лайықты жаңа заманда жаңаша тұрпатта
ойлай алатын өнерлі, өнегелі, рухани мәдениеті жас ұрпақты оқытып тәрбиелеу міндеті тұр.
Қазіргі кездерде жас ұрпаққа қазақ халқының қолөнер түрлері бойынша білім мен
тәрбие беру міндеті уақыт талабы екендігі, оны көркем білім беру жүйесінде нормативтік
құжаттар арқылы қолдау табуы заңдылық.
Қазақстан Республикасы “Білім туралы” заңында да былый делінген:
“... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық
озық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Қазақстан Республикасының және
оны мекендеген басқа халықтардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрін зерделеу, мемлекеттік
тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру” – деп көрсетілген. Аталған міндет білім беру мен тәрбие
беру жүйесінде халық дәстүрлерін, қол өнерін, рухани мәдениетін жас ұрпаққа зерделетуді,
олардың бойына терең сіңіруді меңзейді. Демек, білім мен тәрбие беру жүйесінде қазақ
халқының қол өнері оның ішінде әрине, ағашты көркемдеп өңдеу өнерін терең зерттеп, оны
жалпы орта мектептің көркем еңбек пәнінің оқу тәрбие үрдісіне барынша тереңінен
қарастыруды талап етеді.
Қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін, сәндік қолданбалы өнер шығармаларын жас
ұрпаққа үйретуде біріншіден оқушылардың көркем еңбекке деген өзіндік қатынасын,
мәдениетін қалыптастыру қарастырылса, ал екіншіден, балаларды көркем еңбекке баули
отырып, көркем эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, сапалық, рухани қасиеттерін ояту,
үшіншіден, көркем еңбек пәнінде білік, дағды, іскерліктің негізі ретінде де қарастыруға әбден
болатынын ескертіп кетуге болады.
Зерттеу мақсаты: көркем еңбек пәнін оқытуда қарастырылатын шым ши тоқу өнері
тақырыбында білім алушыларға шиді тоқудың ерекшеліктермен таныстыру, оны орындау
әдіс-тәсілдерімен, техникалары мен технологияларын игерту, ши тоқу жұмысын жасаудың
тиімді әдіс тәсілдері мен жолдарын көркем еңбек пәнінде оқушыларға үйретуді терең
қарастыру.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
- ши тоқу өнері арқылы оқушыларға көркем еңбек бағыты аясында білім мен тәрбие
берудің теориялық негіздерін айқындау;
- шым ши тоқу өнері арқылы оқушыларының шимен жұмыс жасаудың әдіс-
тәсілдерін меңгерте отырып көркемдік, шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтары
мен талғампаздықтарын арттыру;
- шым ши тоқу өнері арқылы оқушылардың көркемдік шығармашылық іс-әрекетке
баулу ерекшеліктерін анықтау;
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер:
-теориялық материалдарды зерделеу, шимен тоқу өнерімен айналысқан шеберлердің
еңбектерін салыстырмалы талдау, сауалнама алу.
Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн 90-жылдардың алғашқы
жартысында халқымыздың қол өнерін, рухани мәдениетін қайта жаңғырту барысында
бұқаралық сипатта көптеген iс-шаралар атқарылды. Ұмыт қалған ұлттық қол өнері
туындылары ғылыми тұрғыда зерттеле бастады. Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, Ө.Жәнiбеков,
Ә.Тәжiмұратов, С.Ақатай, М.С.Мұқанов, А.Сейдiмбеков, С.Қасиманов, Б.Байжiгiтов,
1 «Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика» мамандығының 4 курс студенті:
2 Физика және технологиялар кафедрасының аға оқытушысы:
299

