Page 40 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 40
ҰЛТТЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ
Құсыман Қарлығаш Ерғалиқызы
1
Мусаханова Меруерт Абытханқызы
2
Аңдатпа
Болашақ суретші-ұстаздардың ұлттық өнер арқылы эстетикалық тұрғыда
тәрбиелеудің әдістерінің бірі, ол халықтық өнерді жан-жақты ғылыми тұрғыда негіздеу
болып табылады.
Кілт сөздер: Эстетикалық тұрғыда халықтық өнерді жан- жақты ғылми тұрғыда
енгізу.
Қазipгi кездегі қоғамдык өзгерістер жастарды көркем эстетикалық тұрғыда
тәрбиелеу мен оқытудың жана түпкілікті бағыт бағдарын жүйелі іpіктеп қолдануды қажет
етеді. Жоғары оқу орнының көркем сурет факультетінің типтік, жұмыс оқу
бағдарламаларында және оқу-тәрбие жұмыстарында әлде ұлттық рухани ерекшелігі мен
ұлттық тәрбиелік мәні зор: мәдени-эстетикалық салт-дастүрлер, әдет-ғұрып, жалпы
халықтық өнер оның тарихи-табиғи болмысы жан-жақты ескерілмеген. Сондықтан Бейнелеу
өнерін оқыту әдістемесі жөнінде студенттерді ұлттық өнерге баулу арқылы эстетикалық
тұрғыда тәрбиелеу халық педагогикасының нәтижесі болмақ. Біз көбінесе шығыс, батыс
өнерлеріне көп мән береміз міне, сондықтан да болар өз ұлттық өнерімізді әлі жетелеп
жүрміз. (Сергей Давыдов, 2010, 98-107 )
Егер Қазақстан бейнелеу өнері өркендесін десек, жастардың көп уақытын жан-жаққа
жалтақтатпай, шығармашылығын дамытып, шеберлігін шындатып ұлттық өнеге
құлшындыру қажет. Сондықтан да студенттерге сабақ процесінде қол өнер шеберлерінің
қолынан шыққан әсем бұйымдардың көркемдік ерекшелігін аша отырып, эстетикалық тәрбие
беру міндетті болмақ. Екінші жағынан, ата-бабадан қалған ұлттық мұраларды студенттерге
таныстыра отырып, олардың ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру. (Сузи Стоку,
2006, 112-116 )
1 сурет. «Ай мұйіз» панносы, текемет техникасы
1 Магистр аға оқытушы, еуразиялық дизайнелер одағының мүшесі, Астан қаласы. E-mail:
karlygash_diko@mail.ru
2 Магистр аға оқытушы, еуразиялық дизайнелер одағының мүшесі, Казақ технология және, бизнес
университеті, Астан қаласы. E-mail: meruert.musakhanova@inbox.ru
4

