Page 43 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 43
9 сурет. «Айтыс» сырмақ техникасы, 10 сурет. «Пазрық қорғанға арнау» текемет техникасы
Бейнелеу өнері сабағының негізгі мақсаттарының бірі-студенттердің көркем-
образдық ойлау қабілеттерін, көркемдік санасын дамыту. . Студент- тердің бейнелеу өнерін
оқыту әдістемесі пәніне қызығушылықтарын арттырып, ынталандыру үшін сурет, кескіндеме
және композиция жөнінде кең мағлұмат беруде төмендегідей ақпараттар ескерілуі қажет:
• Сабақ процесінде ұлттық өнер түрлерінің үлгілерін кең көлемде көрнекі құралдар
арқылы пайдалану;
•Сабақ процесінде ұлттық дәстүр, ұлттық мәдениет салаларымен байланыстырып
түрлендіріп өткізу;
• Студенттерді сәндік қолданбалы бұйымдар мен ұлттық нақыштағы кескіндік
бейнелер жасауға жұмылдыру;
Бейнелеу өнері пәнінің білім мазмұны құрылымының негізгі тірегі ретінде ұлттық
өнеріміздің дамуына өз үлестерін қосқан Ә. Қастеев, О.Таңсықбаев, А.Толыбаев, З. Кадыров,
М.Жанкин сияқты қылқалам шеберлері. (Тоғатаев Т.Ү., 2018, 147-155)
Сонымен қатар, сабақ барысында студенттерге Қазақстан кәсіби суретшілері:
Х.Наурызбаев, А.Ғалымбаева, Г. Исмайлова, К. Шаяхметов, С. Романов, М.Кенбаев,
С.Мамбеев т.б. шығармашылық жолдары жөнінде мағлұмат беріп, олардың көркем
туындыларының репродукциясын сабақтың көрнекілігі ретінде пайдаланылатынын атап
өтуге болады.
11 сурет. «Қошқар мұйіз» ылғал басу техникасы
Сонымен болашақ суретші-ұстаздардың ұлттық өнер арқылы эстетикалық тұрғыда
тәрбиелеудің әдістерінің бірі, ол халықтық өнерді жан-жақты ғылыми тұрғыда негіздеу
болып табылады.
Әдебиеттер:
1. Сергей Давыдов: (2010 )."Батик. Техника. Приемы. Изделия". Издательство: АСТ-
Пресс, С. 98-107
2. Сузи Стоку: (2006 ) "Батик: современный подход к традиционному искусству
росписи тканей. Практическое руководство". Издательство: Ниола 21 век,. С. 112-116
3. Н. В. Зотова. (2019) "Батик. Роспись по ткани".Издательство: Планета музыки, С.
156-163
4. Тоғатаев Т.Ү. (2018) Ботабаев: "Текстиль өндірісінің технологиясы". С. 147-155
7

