Page 46 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 46
- тар мағынада, өнер, шығармашылық іс-әрекет, ойын-сауық, бос уақыт, қолөнер,
балалар шығармашылығын қамтитын қоғам өмірінің нақты саласы, яғни рухани сала, сондай-
ақ оларды қамтамасыз ететін қаржылық, құқықтық, басқарушылық, ақпараттық іс-әрекетін,
материалдық-техникалық базасын дамыту құралы ретінде [2, б. 138].
Л.А. Зеленов «арт-сфера» көркемдік қажеттіліктер, қабілеттер, іс-шаралар,
қатынастар мен институттар жүйесімен қалыптасады, оның функционалдық өзегі –
көркемдік белсенділік деп есептейді [3, б. 73]
Арт-сфераның маңызды компоненті және құрамдас бөлігі мәдениеттің формасы
ретінде өнер, ол субъектінің әлемді эстетикалық, іс жүзінде-рухани игеру қабілетімен, адам
қызметінің жиынтық нәтижесі мен қоғамдық санаға байланысты, бұл шынайлықтың көркем
образдардағы көрінісі, әлемді эстетикалық дамытудың маңызды тәсілінің бірі,
шығармашылық қиялдың ресурстарына сүйену кезінде бейнелі-символдық түрде суреттелуі
деп анықталады [4, б. 166].
Бұл жеке компоненттермен қатар жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін
жағдайлар мен факторларды анықтауға болады.
Арт-сферада өзара байланысты екі секторды ажыратуға болады:
- профиттік (коммерциялық) сектор жеке өнер галереялары, антиквариат салондары,
қалпына келтіру шеберханалары, кинокешендер, шоу-бизнес ұйымдары, кітап шығару
кәсіпорындарынан тұрады;
- профиттік емес (коммерциялық емес) сектор құрамына мәдениет мекемелері мен
ұйымдары, мұражайлар, филармониялар, театрлар, мемлекеттік немесе муниципалдық
бюджеттер есебінен қаржыландырылатын тәуелсіз өнер ұжымдары жатқызылады.
Арт-сфераның мәні, ерекшелігі мен табиғаты жеке тұлғаның рухани, этикалық,
көркемдік және аксиологиялық дамуын басқаратын кәсіби және әлеуметтік іс-әрекет жүйесі,
өзара байланысты бірқатар ішкі жүйелерден тұрады (1-сурет).
Арт-
индустрия Арт-бизнес Арт-нарық
Сурет 1 – Арт-сфераның ішкі жүйесі
Суретте көрсетілгендей, ендігі кезекте арт-сфераның ішкі жүйелеріне қысқаша
сипаттама беріледі:
1. Арт-индустрия нарығы әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тарихи құбылыс
ретінде және шығармалардың тауарлық айналым жүйесі болып табылатын механизм [5, б.
20].
Сондықтан, арт-индустрия нарықтық экономика жағдайында арт-сфераның сапалық
және сандық күйі, көркем мәдениеттің өзегі ретіндегі өнер саласы деп түсіндіріледі.
2. Арт-бизнес коммерциялық негізде көркемөнер көрмелерін ұйымдастырумен және
өткізумен, өнер туындыларын сатумен байланысты қызмет саласы [6, б. 181].
Демек, арт-бизнес экономикалық және кәсіпкерлік қызмет процесі ретінде өнер
нарығында өнер туындылары мен антиквариаттарды сату нәтижесінде пайда табуға
бағытталған, оның түрлеріне келесілер жатқызылады: музыкалық бизнес, галерея бизнесі,
кино бизнесі, шоу-бизнес және т.б.
10

