Page 48 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 48

трансформациясы  мен  модернизациясы  макроортаның  көптеген  өзара  байланысты
                     факторларымен анықталады:
                            -    экономикалық     факторлар    көркемдік-эстетикалық   қажеттіліктерді
                     қанағаттандыратын  өнер  өнімі  туралы  тұтынушының  көзқарастары  мен  идеяларының
                     өзгеруімен;  әлеуметтік-мәдени  қызметтерді  әртараптандыруға  алып  келетін  сатып  алу
                     сұранысының күрделенуімен байланысты символдық құндылыққа ие;
                            -  әлеуметтік-демографиялық  факторлар  халықтың  жас  құрылымының  өзгеруімен,
                     бос уақыт үлесінің ұлғаюымен, өмір сүру сапасының жоғарылауымен, отбасылық өмірдің
                     алуан түрлілігінің өсуімен және т. б. байланысты;
                            -  ғылыми-техникалық  факторлар  іс-әрекет  пен  өнім  тиімділігінің  сапалы  өсуін
                     қамтамасыз  ететін  цифрландырудың  инновациялық  технологияларын  әлеуметтік-мәдени
                     тәжірибеге енгізумен байланысты;
                            -  моральдық-этикалық  факторлар  этикалық  нормалар  мен  құндылықтарды
                     қолдануға,  пайдаланушылар  үшін  қолайлы  және  жайлы  орта  құруға  бағытталған
                     корпоративтік кодекстерді қалыптастырумен байланысты.
                            Өнер саласының функциялары көркемдік құндылықтардың қоғамдық қатынастарға
                     әсер етуінің маңызды бағыттарын сипаттайды (1-кесте).
                              Кесте 1 – Арт-сфераның функциялары

                         №     Фукнциялардың аталуы      Функциялардың мазмұны
                         1    Креативтілік    (латын  тілінде  кеңістікті  түрлендіру  және  игеру,  көркемдік
                              creatio құру, жасау)       құндылықтар жасау процесін қамтиды
                         2    Интегративтік (латын тілінде  күрделі  сараланған  әлеуметтік-мәдени  жүйе
                              integratio    –   қалпына  ретінде  қоғамның  тұтастығын  қолдау  мен
                              елтіру, толықтыру)         нығайтуды қамтиды
                         3    Идентификациялық   (латын  жеке    тұлғаның   белгілі   бір   көркемдік
                              тілінде       identificare   –  құндылықтар,   мұраттар,   үлгілерге   өзіндік
                              ұқсастыру)                 тиесілігін  білу  қажеттілігін  қалыптастыруды
                                                         көздейді
                         4    Семиотикалық (грек тілінде   адам  үшін  материалдық  объектілерге  және
                              semeion – таңба, белгі)    құндылықтар мән беруді көздейді. Бұл функция
                                                         артефактілердің   коннотативті   мазмұнын
                                                         қамтамасыз етеді
                         5    Семантикалық (грек.        белгілерді,  индекстерді  және  оларды  талқылап,
                              semantikos – белгілеу)     түсіндірмесін  қолдана отырып, артефактілердің
                                                         мағынасын айқындайды
                         6    Адаптациялық (латын.       адамның      арт-сфералардың      өзгермелі
                              аdaptation – икемделу,     жағдайларына бейімделу қабілетін болжайды
                              бейімделу)
                         7    Әлеуметтендіру (латын.     адамның қоғамның басқа мүшелерімен  қарым-
                              socialis – қоғамдық)       қатынас  және  әлеуметтік  өзара  әрекеттесу
                                                         процесін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін
                                                         идеалдар,  үлгілер,  білім,  стандарттар,  мінез-
                                                         құлық  нормалары  мен  құндылықтар  жүйесін
                                                         меңгеруін сипаттайды
                         8    Коммуникативтік    (латын.   жалпы    қабылданған      категорияларды,
                              communicatio    –пікірлесу,  ұғымдарды,    белгілерді,   символдарды,
                              хабарласу, байланыс орнату)   стереотиптерді   және   басқа   коммуникация
                                                         құралдарын  қолдану  негізінде  субъектілердің
                                                         өзара  және  арт-саламен  өзара  әрекеттесуін
                                                         қамтамасыз етуді көздейді
                         9    Этикалық  (грек.  ѐthos  –   көркемдік құндылықтарды тұтынудың біртұтас
                              дәстүр, мінез-құлық)       процесінде адамның адамгершілік мінез-құлық
                                                         пен қарым-қатынас нормалары мен
                                                         принциптерін игеруін қамтиды

                            Т.Н. Суминова өнер саласын (артосфераны) рухани-практикалық қызметтің ерекше
                     көркемдік-бейнелі түрі ретінде қарастыра отырып, бірін-бірі толықтыратын функцияларын
                     ажыратады: баяндау (когнитивтік-эвристикалық), ақпараттық-коммуникативтік, болжамдық





                                                            12
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53