Page 45 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 45

characteristics  of  a  person.  The  formation,  functioning  and  development  of  the  art  sphere  is
                     characterized by a number of principles: the sphere is an integral part of society; interaction of the
                     industry with the socio-cultural space; the presence of a dialectical and synergistic relationship
                     between  the  elements  of  the  spheres.  The  art  sphere  depends  on  the  level  of  development  of
                     productive forces, spiritual potential, labor resources, and the social system.
                            Keywords: art education, art sphere, art industry, art business, art market, art management.

                            Кіріспе.
                            Қазақстан Республикасында көркем білім беруге үлкен мән беріледі. Мемлекеттік
                     құжаттарда  «көркемдік  білім  тұлғаны  дамытудың  мақсатты,  жүйелі  ұйымдастырылған
                     процесі  ретінде,  оның  ішінде  туған  ел  мәдениетін,  оған  тән  нормалар  мен  құндылықтар
                     жүйесін дамыту; өнердегі әсемдікті қабылдау және түсіну дағдыларын дамыту, эстетикалық
                     көзқарастарды, сезімдерді, талғамды, сұлулықты жасауға қажеттілікті тәрбиелеу, сонымен
                     қатар мәдениетке ұқыпты және жауапкершілікпен қарауды дамыту; мәдениеттер диалогына
                     ашықтық  және  сауатты  мәдениетаралық  коммуникацияны  жүзеге  асыру  үшін  қажетті
                     дағдылардың болуы» деп анықталады, көркемдік білім берудің ең маңызды мақсаты білім
                     мен мәдениеттің әртүрлі салаларына еркін бағдарланған, әлеуметтік жауапты және рухани
                     шығармашылық тұлғаны қалыптастыру екендігі атап көрсетілген [1, б.14].
                            Қазақстандағы көркемдік білім беру дәстүрлері бір жағынан халық мәдениетінің көп
                     ғасырлық  тәжірибесіне  негізделсе,  екінші  жағынан  еуропалық  көркемдік  білім  беру
                     тәжірибесін қамтиды.
                            Өнер туындыларын жасаудың, сақтаудың және таратудың біртұтас жүйесі ретінде
                     арт-сферада реформалау және жаңғырту үрдістері көрініс табады. Осыған орай көркемдік
                     білім  беруге  байланысты  көркемдік  формалар  мен  тәжірибелерді  ғылыми  зерттеудің
                     қажеттілігі  мен  өзектілігі  жаңа  категориялардың,  атап  айтқанда,  «арт-сфера»,  «арт-
                     менеджмент», «арт-нарық», «арт-индустрия» енгізілуіне алып келуде.
                            «Арт-сфера»  өнер  саласы  ретінде  көркемдік  құндылықтарды  құру,  сақтау  және
                     тарату  бойынша  біртұтас  процесті  қамтамасыз  ететін  институттардың  жиынтығы  ретінде
                     бірқатар  сипаттамалық  белгілермен  ерекшеленеді:  өнер  туындыларының  инвестициялық
                     және экономикалық тартымдылығын жандандыру; көркемдік қызметтің ағартушылық және
                     антропологиялық  аспектілерінің  маңыздылығын  арттыру;  өзекті  әлеуметтік,  мәдени  және
                     эстетикалық мәселелерді шешуге ықпал ету; әр түрлі көркемдік мүдделерді қанағаттандыру,
                     арт-өнімді тұтынушылардың қажеттіліктері мен сұраныстары.
                            Материалдар мен әдістер. Мақалада арт-сфераның көркем білім берудегі рөлі мен
                     мәнін  ашу  мақсатында  теориялық-әдіснамалық  тұрғыдан  негіздеуде  талдау,  салыстыру,
                     жалпылау әдістері басшылыққа алынды.
                            «Арт-сфера»  категориясын  талдау  оның  әлеуметтік-мәдени,  көркемдік  және
                     аксиологиялық  мазмұнын  түсіндірудің  бірнеше  негізгі  аспектілерін  анықтауға  мүмкіндік
                     береді:
                            - біріншіден, арт-сфера адамзат мәдениеті мен өнерінің көркемдік практикасының
                     маңызды  құбылысы  және  субъектінің  ұлттық-мәдени  құндылықтар  мен  дәстүрлердің
                     тасымалдаушысы  ретіндегі  жеке  өмірінің  маңызды  сипатын  айқындайды,  сондықтан
                     адамның ұжымдық және жеке көркемдік өмірінің арт-сферасын ажыратуға болады;
                            - екіншіден, ерекше әлеуметтік сала (мәдениет, өнер, рухани өмір саласы және т. б.)
                     ретінде жеке тұлғаны дамыту, әлеуметтендіру үшін әртүрлі көркемдік жүйелердің арнайы
                     тәжірибелерін жүзеге асырады;
                            - үшіншіден, субъектінің қоршаған артортаны игеруінің нәтижесі, оның субъективті
                     қабылдауына  негізделген  кеңістіктің  мүмкіндіктерін  тану,  игеру  және  иемдену  дәрежесін
                     көрсетеді;
                            - төртіншіден, тұлғаны дамыту, білім беру және тәрбиелеу мақсатында көркемдік
                     процесті ұйымдастырудың мәдени, эстетикалық және аксиологиялық жағымен сипатталатын
                     қоршаған орта мүмкіндіктерінің тұтас көпфункционалды кешенін, яғни көркемдік, тәрбиелік,
                     әлеуметтік, эстетикалық, даму кеңістігі және т.б. құрайды
                             «Арт-сфера»  жеке  тұлғаның  көркемдік  қалыптасуы  мен  рухани-адамгершілік
                     дамуын  қамтамасыз  ету  жағдайында  қоғамдық  өнер  институттарының  әлеуметтік-мәдени
                     әлеуеттерін интеграциялауға  мүмкіндік береді.
                            Арт-сфера екі аспектіде қарастырылады:
                            - кең мағынада, адамның әлеуметтік болмыс ретіндегі тәсілі, әлеуметтік тәжірибені
                     ретрансляциялау жүйесі ретінде;






                                                            9
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50