Page 269 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 269

ЖАСТАРДЫҢ  БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАР ОРНЫ

                                                     Омер Займоглу
                                                                   1
                                             Боранқұлов Еркінбек Қағазбекұлы
                                                                           2

                            Аңдатпа
                            Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі –
                     ұрпақ тәрбиесі, білім беру болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда
                     мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда. Болашақ
                     мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың
                     болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе.
                            Әсіресе дарынды жастардың дамуына алдыңғы буын өкілдері атсалысу міндетіміз.

                            Түйін  сөздер
                            Педагогика, білім саласы, өнер, мәдениет, мемлекеттік бағдарлама, саясат,
                     педагок мәртебесі, ұлт, дарындылық.

                            Кез-келген  елдің  болашағы  жастарды  оның  негізгі  қозғаушы  күші,  құнды
                     стратегиялық  және  кадрлық  ресурсы  ретінде  анықтайды.  Сондықтан  елімізде  жастар
                     саясаты  мемлекеттің  маңызды  міндеттерінің  бірі  болып  табылады.  Елімізде  жастардың
                     сапалы  білім  алуы,  әлеуметтік  жағдайының  дұрыс  болуына  мемлекеттік  тұрғыдан  бар
                     жағдай қарастырылған.  Сондай-ақ олардың рухани, мәдени, кәсіби және физикалық дамуы
                     үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға арналған.
                            Әрине, барлық осы міндеттерді тиімді іске асыру көбінесе күшті заңнамалық базаға
                     байланысты. Қазіргі кезде бiлiм беру жүйесi қоғамның  ең өзекті мәселесіне айналып отыр.
                     Ал бiлiмнiң қалыптасып, тұлғаның дамуы үлкен күш-қайратты талап етеді.
                            «Қазіргі  заман  талабына  сай,  әр  мұғалім,  әр  тәлімгер  өз  білімін  жетілдіріп,  ескі
                     бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай  инновациялық  технологияларды  өз
                     сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  сабақ  тартымды  да,  мәнді,  қонымды,  тиімді  болары
                     сөзсіз»  деді  орыс  педагогі  К.Д.Ушинский.  Бұл  жөнінде  Қазақстан  Республикасы  «Білім
                     туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің  бірі  –  оқытудың
                     жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық
                     коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.  Сондай-ақ бұл жөнінде мемлекет
                     басшылары  «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына
                     сай  білім  қажет.  Қазақстанды  дамыған  елдің  қатарына  жеткізетін,  терезесін  тең  ететін  –
                     білім».  Сондықтан,  қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісінің
                     технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып,
                     жаңашыл  педагогтардың  іс  –  тәжірибесі  зерттеліп,  мектеп,  жоо  өміріне  енуде.
                     (Абдыманапов С. А., 2011, 7-10).
                            Иә,  қазіргі  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  -  бәсекеге  қабілетті  маман  дайындау.
                     Жалпы  жастарды дамытудағы маңыздылық ол әлеуметтік-экономикалық даму, Тәуелсіздік,
                     бейбітшілік  мәселелерін шешуге ерекше қызығушылық танытады. Ол  халықаралық өзара
                     түсіністікті  нығайту  ісінде  ынта  мен  қабілеттерін  көрсетеді,  планетаның  экологиясы
                     қозғалысына қатысады.
                            Жалпы жастар саясатының да алар ролі жоғары. Мемлекеттік жастар саясатының
                     мақсаты еліміздің одан әрі дамуы үшін оның әлеуетін ашуға бағытталған жастардың өзін-
                     өзі табысты, білімді маман екенін жүзеге асыруы үшін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық
                     және ұйымдастырушылық жағдайларды жетілдіру, сондай-ақ жастардың қоғамға пайдалы,
                     қоғамға  өз  үлесін  қосу  болып  табылады.  Жасыратыны  жоқ,  жастарды  қазір  күнделікті
                     қарым-қатынас, әлеуметтік байланыстар, әртүрлі топтардың ұстанған саясаты, яғни, оның
                     байыбына бармай беріле, сене кетуі қорқынышты. Неге десек, елімізде қаншама дарынды
                     жастар шетелге қызметке кетіп жатыр.
                             Бұл  еліміздегі  дарынды  жастарымызды  жоғалту  деген  мемлекеттің  өркенденуіне
                     жол жоқ деген мағынаны білдіреді. Осыған орай, жастар саясатының міндеттері Қазақстан
                     Республикасындағы жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау,  жастарға көмек

                     1   к.п.н.,  доцент,  университет  Акденис    E-mail:    omerzaimoglu@hotmail.com,  Orcid:  0000-0002-  9884-
                     8397
                     2   п.  ғ.  к.,  қауымдастырылған  профессор,  Қазақ  технология  және  бизнес  университеті  E-mail:
                     erkinbek74@mail.ru





                                                           233
   264   265   266   267   268   269   270   271   272   273   274