Page 270 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 270
және әлеуметтік қызметтер көрсету, жастардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларын іске
асыру болып табылады. Бұл жастар өміріндегі ең маңызды интернеттің кері әсерін емес,
мемлекетке пайдалы жағын қарастыру. Соңғы деректерге сүйенсек, қазіргі жастардың
құндылықтары отбасы, денсаулық, тәуелсіз, ақша үлкен мәнге ие екендігі анықталды. Ал,
ең құнды қасиеттердің ішінде мейірімділік пен адалдық, жауаптылық, қарым-қатынас
мәдениеті, тәрбие туралы ойлар артта қалып бара жатқан секілді. (Райс Ф., 2000, 21-36).
Жоғарыда айтылған проблеманың шешушісі, өзгермелі қоғамдағы мұғалімнің орны
ерекше. Ол педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге
талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация
мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге
қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби
шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Иә, осының бәрін меңгерген мұғалім ғана
баланың шығармашылығымен тәрбиелеп, білім беріп дамыта алады. Жалпы білім моделі
мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және
тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін
дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің
мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі
тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға
үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық
сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру
үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын процесс қажет.
Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту,
ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен
әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін
білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет
адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру оның
философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін
тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде
оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу
оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік
позицияны қалыптастыру. (Караковский В.А., 1970, 47-76).
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында
мұғалімдер мемлекеттік стандартта берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен
меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын,
ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны
атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек кәсіби икемділігін
оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін үнемі оқып – үйрену
және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. (Божович Е.И., 1968, 89-102).
Қазақстандағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасында
Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі
білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын
арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі
бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету,
сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру
мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты, қазіргі таңда еліміздің білім беру
жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог
қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа
идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің
сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының
деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби
білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал
қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін
адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін
ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде
ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуальдық дамуы жеке адамның
дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Дарынды балаларға білім
беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты
234

