Page 271 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 271
мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек
интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген
ерекше қабілетті дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере білу
ерекше қиын іс. Заман талабына сай қазіргі білім беру процесінде түбірлі өзгерістер болып
жатқаны белгілі.( Колесов Д.В., 1988, 30-52).
Макаренконың жанұя тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. “Ата-аналар кітабы” және
“Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары” балаларды жанұяда тәрбиелеу туралы өте
маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып табылады. Жанұядағы тәрбие мәселелері –
педагогиканың ең қиын да және ең жеткіліксіз талданған мәселелердің бірі. Белгілі
дарынды педагог, әрі көрнекті жазушы А.С.Макаренко 1937 жылы жарыққа шыққан “Ата-
аналар кітабын” жұртшылық қызыға, зор қуаныш сезімімен қабылдады. Автор өзінің жаңа
еңбегін бастай отырып, сыпайылықпен өзіне-өзі: “Мүмкін, бұл кітап тым асыра сілтеушілік
болар?” – деп сұрақ қойып, өз міндетінің мейлінше қиын екендігін түсінді. “Жанұя — өте
үлкен әне аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар алдында, өз бақыты және балалары
алдында жауап береді”, — деді ол. “Ата-аналар кітабында” екі ата-ананы
салыстыра отырып, “жалғыз бала”, “көп балалы” жанұя проблемаларын көтеріп,
нақты мысалдар келтіре отырып, қорытынды жасайды. Бірінші кейіпкері Петр
Александрович Кетов – ол күшті, ақылды, адам психологиясын жақсы біледі. Ол жалғыз
баласын тәрбиелеуге көп уақытын жұмсайды. Оның ойынша көп жанұя орташа адамды
тәрбиелейді. “Жалғыз бала” дарынды, ақылды болып шығады, бірақ теріс тәрбие оны
өзімшілдікке әкеп соқтырады.
Жалпы жанұя мүшелерінің өзара көмегіне, сүйіспеншілігіне, үлкен балалар
кішілеріне қамқор болуға негізделген. Бұл мысалдардан екі жанұяның екі түрлі тәрбиесінің
қорытындысын көруге болады. Жыныстық тәрбие мәселелері де Макаренконың назарынан
тыс қалған жоқ. А.С. Макаренко жүйесiменен педагогикалық процестердi ұйымдастыратын
мектептердiң оқу — тәрбие жұмыстарына тән негiзгi ерекшелiктер:
Бiрiншiден: — бiрде бiр бала тәрбиешiнiң назарынан тыс қалмау принципi. Ол
қабiлеттерi мен мiнез- құлықтары мейлiнше әртүрлi балаларды тәрбиелеу мен оларқа жеке
тұрқыдан келу туралы былай деп ескерттi: “Мен өз жұмысым да өзiне айрықша кәңiл
аударатындар емес, менең жасырынатындардың неқұрлым қауiптi элемент болып
табылатынын көрдiм. Бұл ойқа мен неге келдiм? — деп ” жалқастрады педагогикалық ойын
ұстаз, әйткенi, 15 рет өз өмiрiнде түлектерiмдi ұшырдым, соларды қадағалай отырып мен
өзiмнiң өте қауiптi және жаман деп санақандарымның көпшiлiгi өмiрде белсендiлiкпен,
советтiк дәуiрге лайықты алқа бақаналардың арасынан көрдiм, олар кейде қателеседi, бiрақ
жалпы алқанда тәрбие жұмысының жемiсi ретiнде менi қанақаттандырады. Ал кезiнде
менен тықылқандар немесе ұжымда елеусiз болып жүргендер өмiрде кейде нақыз мешандар
сияқты тiрлiк кешедi… Ал, кей жақдайларда мен тiптi бiрте — бiрте тңпкiлiктi iрiп —
шiрудi де байқадым…
Екiншiден — оқушыларқа ңлкен талап қоя отырып оның жеке басын құрметтеу
принципi — бұл А.С. Макаренко пiкiрiнше «адамға барынша үлкен талаптар қою керек,
бiрақ сонымен бiрге оны барынша құрметтеу керек». Бұл оқушылардың өз борышына деген
адалдығы ерте бастан- ақ қалыптастыру мен өз тағдырына деген жауапкершiлiктi арттыру.
Макаренконың сөзi мен айтқанда: “Жаупкершiлiк сезiмiнiң ежелден кiсi қинайтын, iш -
бауырыңды соратын бiр жағымсыз ауыр түрi болады. Ол өз затында ақылға жараспайтын
нәрсе көрiнген уақ - түйектiн бәрiне де талғамастан қадала қалады. Болар - болмас
жарқыншақ табылқған жер болса соған тұмсығын тығып, iшiне кiрiп, қалтырап, дiрiлдеп
отырып алғысы келедi”. Үшiншiден - тәрбиедегi ынтымақтастық принципiне адалдық. Бұл
ұлы педагог ғалымның пiкiрi бойынша Ұлы Отанымыздың лайықты азаматтарын
тәрбелеуге деген гуманизм. Яғни, эстетикалық таным дүниесiн байыту, қабiлетi мен
дарындылық қасиетiнiң барлық көздерiн ашу, әлеуметтiк және творчестволық белсiндiлiгiн
арттыру, сөйтiп жан - жақты жарасымды адамдарды, коммунизм адамын тәрбиелеудi
алдына мақсат етiп қоюды және оны ойдағыдай шешудi ұйымдастыру.
Оқушылар ұжымы өзiнiң мазмұны, даму заңдылықтары мен бағыттары, көрiну
формалары А.С. Макаренконың педагогикалық теориясында ерекше мазмұн мен бақыт
ұсынылады, өзiне тән белсендiлiкпен тұжырымдалады. Ұжымдық өндiрiстiк қатынастар
жүйесiне негiзделе отырып, салауатты өмiр салты жас өспiрiмдердiң қоғам игiлiгi үшiн
берекелi еңбекке, материалдық және рухани мәдениеттiң кең құлашты дамуына еңбекке
көзқарасты қалыптастыруға, саналы тәртiптi нығайтуға, меншiктi сақтап, молайта беруге,
демократияны дамытуға деген мүдделiгiн бiлдiретiн өмiрлiк қамқарекет формаларың
қамтиды. Ол адамдардың мiнез — құлқындағы және өзара қатынастарындағы сезiмiн
235

