Page 272 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 272
орнықтыруға, олардың патриотизмiн, интернационализмiн, гуманизмiн нығайтуқа
қоғамдық белсендiлiгiн арттыруға, азаматтардың қоғам, алдындағы жауапкершiлiгiн
күшейтуге, сын мен өзара сынды өрiстетуге, жеке адамның барлық творчестволық
мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн барынша өрiстетуге ықпал жасайды.
Оның аса бағалы мұрасының өмiршендiгiне тән тағыда бiр ерекшелiк, олар ұжым
жәнiндегi теориялық қақидалары нақты сүйене отырып жасалуында. Ол өзiмшiлдiкпен,
меншiлдiлiкпен және пайда күнемдiлiкпен сиыспайды, жалпыхалықтық, және мүдделердi
үйлесiмдi ұштастырады, дейтiн келедi принцип А.С. Макаренко армандаған және ол үшiн
барлық өмiрiн сарп еткен iзгi мұраты болды. Ол ұжым анықтамасын нақтылай келе,
адамдарын еңбегiнде қана емес, сондай - ақ ең алғашқы адамдардың бiрiгуiнiң бастауыш
ұйымдық формасы, мектептегi оқушылар деп ескерте келiп, оларқа да арнайы мiндет пен
мақсат тән деп ескерттi. (Макаренко А.С., 1968, 22-41).
Әр мұғалімнің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды бәсекеге
қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Оқу процесінде қанша өзгерістер болғанмен, тек ұстаз ғана оның
мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол
бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық
өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту
бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанмен, дарындылықтың
мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Дарындылыққа педагогикалық
энциклопедияда мынадай анықтама беріпті: «Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында
ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Сондықтан да, біз
баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім
беру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің
байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі өмірдің қандай
да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Дарынды баланың бойынан табылатын
асыл қасиеттердің, өмірге құштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын
білімде. ( Әбілқасымова А.Е. 2003, 112).
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен
озады» деген ұлы Абай ақын. Бұл сөздер еш уақытта өз мәнін жоймайтыны белгілі.
Баланың бойындағы күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз
бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарындылық,
данышпандық, қабілеттілік деген не? Оқушы дарындылығын, қабілетін қалай анықтауға
болады? Неліктен кей адамдардың мысалы: Паскаль, Моцарт, Гете, Архимедтің қабілеті
ерте жасынан, ал Ньютон, Дарвин, Менделеевтердің қабілеті ересек жасында пайда болған.
Осы сұрақтарға талмай жауап іздеген ұстаз ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс
жүргізе алады. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен
кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет. Шығармашылық – өзінің
жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің,
білім мен біліктің болуы.
Негізі жас болу оңай, яғни ешнарседен қаймықпайды. Жас кезінде адам дені сау,
жігерлі және белсенді, өзіне сенеді, сондықтан барлық жоспарларын орындай алады.
Жастық табиғаттың ұлы сыйы. Бұл кезеңде адам өзін қалай басқаруға болатыны тек өзіне
байланысты. Тарих беттерінде ел үшін талай тау қопарған, өмірін қиған жастар аз емес.
Жас кезіндегі әрбір адам болашақта қоғамда құрметке, тануға ие болу үшін өзін қандай да
бір білімімен, ақыл-қайратымен өзін көрсете білуі керек. (Айсина М. 2005, 155).
Жастар-ұлттың өмірлік күші мен шоғырланған энергиясы. Әлеуметтік-
демографиялық топ ретінде ол елдің негізгі стратегиялық ресурсы болып табылады және
қоғамның әлеуметтік құрылымында ерекше орын алады. 14 пен 29 жас аралығындағы
Қазақстан жастары – бұл ел халқының 27% - ы, бүгінде олардың саны 4,4 миллион адамды
құрайды. Сонымен қатар, Қазақстан халқының 24% - ы жастарды әлеуметтендіру
мәселелері.
Жастарды қолдау бұл ел прогресіне салынған инвестиция. Тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарынан бастап білім беру, денсаулық, жаңа ақпараттық технологияларға қол жеткізу,
кәсіби және жеке бәсекеге қабілеттілік, патриоттық тәрбие, жас ұрпақты табысты
әлеуметтендіру мәселелері күн тәртібінен түспеді. Бұл басымдықтар негізгі бағдарламалық
құжаттарда-Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясында, Президенттің халыққа
Жолдауларында, мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген.
236

