Page 277 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 277
Осы аталған функциялар топтарының әрқайсысында болашақ педагогті дайындау
компоненттерінің қалыптасуына - аксиологиялық, когнитивті, көркемдік-практикалық,
әдістемелік әсер ету мүмкіндігі бар.
Когнитивті функциялар – ою-өрнектің тарихын, дамуы мен болмысын,
семантикасын, дәстүрлі ою-өрнек түрлерінің этноөңірлік белгілерін зерттеу мүмкіндігін
қамтиды.
Білім беру функциялары – жан-жақты білім беру, кең білім беру және тұлғаны
дамыту, қабылдаудың, қиялдың, креативтіліктің, эстетикалық қызығушылықтардың,
пайымдаулар мен бағалаулардың, артықшылықтардың, талғамның ерекше қасиеттерін
қалыптастыру мүмкіндігі ретінде.
Әлеуметтік-мәдени функциялар – әлеуметтік-мәдени белсенділікті қалыптастыру
мүмкіндігі ретінде, халықтық дәстүрлердін сақтау, жаңғырту, дамыту процестеріне қатысу,
басқа халықтардың мәдениеттерімен танысу, адамды табиғатпен, ұлттық-тарихи жадымен,
белгілі бір халықтық шығармашылықтың мәдени дәстүрімен байланысты көркемдік
қызметке қосу болып табылады.
Құндылық функциялары құндылық, дүниетаным, әлемнің этникалық бейнесін,
мәдени және тарихи жадыны қалыптастыру мүмкіндігі ретінде [2].
Осылайша, қазақ ұлттық контентіндегі заманауи киімнің орындалу процесінің
педагогикалық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде көркемдік білім беру педагогтерін
даярлау процесінде Қазақтың ұлттық киімдері" пәндерінде ұлттық ою-өрнекті игеру моделін
әзірлеуге, көркемдік білім беру жүйесінде ою-өрнекті қолдануда педагогикалық
жағдайларының нәтижелілігін тәжірибелік жұмыстан байқауға болады (сурет 2).
Сурет 2. Қазақ ұлттық контентіндегі заманауи киімнің орындалу процесі.
241

