Page 88 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 88
КӨРКЕМДІК- ДӘСТҮРЛІ ОЮ-ӨРНЕКТІ ҚОЛДАНЫП
ЖҮННЕН ТҮРЛІ БҰЙЫМДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘРТҮРЛІ
ТӘСІЛДЕРІ
1
Смайлова Улжан Усеналиевна
2
Ералиева Мира Жанабергеновна
3
Бекзат Айкүміс Бөріханқызы
4
Аңдатпа
Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын
киізден жасап келгендіктен, киіз басу технологиясын әбден меңгеріп, өнер дәрежесіне
көтерген. Дәстүрлі қазақ қоғамында киіз басу ісі маусымдық сипатта болған.
Киізден жасалған бұйымдар ерекше көрінеді, онымен жұмыс істеу әдістері
қарапайым және шығармашылық көрініс үшін шексіз мүмкіндіктер береді.
Кілттік сөздер
Текстиль материалдары, мата қасиеттері, талшық, бұйым көрсеткіштері.
Дизайн көркемдік дәстүр ретінде тарихтағы адамзат тәжірибесіне сүйеніп, оны
кемелдендіреді, дамытады. Өмірдің заңына сәйкес дизайн өнері үнемі жаңғыруды қажет етіп
отырды. Сондықтан, дизайнның өзгерістерінен дәстүрлік пен жанашылдықтың ерекше
синтезін, іздеу қажет сияқты. Әрбір жаңа жобаны ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып
қабылдаған абзал.
Дизайн бұйымдары қоршаған ортаға, оның элеуметтік және мәдени қатынасына әсер
етеді, өзгертеді.
Адамдар оны өз мақсатына пайдаланады. Дизайн бұйымдарын адамдар болашақ
қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайдаүнемі дамуда болады.
Сол мұраның бірі, яғни жүн илеу болып табылады.
Ежелгі заманнан бері әр халықтың өзіндік ерекше еңбектері бар - сүйек пен ағаштан
ою, қыш жасау, қабырғаға сурет салу және қалыптау өнері. Бұл тізімде лайықты орын –
фелтинг (жүн басу).
Киіз - кенептердің ең көне түрлерінің бірі. Бірнеше мыңжылдықтар бойы ол адамды
жылытады, қорғайды және тіпті емдейді.
Киіздің қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен астарласа үндесіп жатқанының тағы
бір дәлелі, ел ішінде «киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деген сөз мәтелге айналған
(Ералин Қ., Ералина Ғ., 2021, 192).
Киіз басу өнері қазаққа ғана тән емес, ол сол дәуір кезеңінде көшпенді тұрмыс кешіп,
ат үстінде өмір сүрген барлық халықтарда бар қолөнер дәстүрі.
Киіз шикізаттың барлық гигиеналық қасиеттерін сақтайды: жоғары гигроскопиялық,
бу және тыныс алу, төмен жылу өткізгіштік. Киізден жасалған бұйымдар барлық
органикалық еріткіштердің әсеріне және жарықтың әсеріне төзімді (Павловский П.И., 2014,
156-157).
Киізден жасалған бұйымдар ерекше көрінеді, онымен жұмыс істеу әдістері
қарапайым және шығармашылық көрініс үшін шексіз мүмкіндіктер береді. Фелтингтің
көмегімен бәрін жасауға болады: экзотикалық қабырға панельдері, стильді жастықтар, түрлі
фигуралар(сурет 1).
1 УДК 687 12:397
2 PhD доктор., Алматы Технологиялық Университеті, Е-mail: s_zhan@inbox.ru
3 т.ғ.к.,қауымд.профессор, Алматы Технологиялық Университеті, Е-mail: eralieva74@mail.ru
4 магистр, аға оқытушы, Қазақ технология және бизнес университеті, Е-mail: a-aristocratka@mail.ru,
Orcid: 0000-0002-8834-8938
52

