Page 297 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 297
ҰЛТТЫҚ СТИЛЬДЕГІ КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ ЭКОЖИҺАЗ
1
Еркин Арман Еркинулы
Аңдатпа
Бұл мақалада үй тұрмысында қолдануға арналған ұлттық стильдегі көп
функционалды эко-жиһаздың көркемдік образын дамытуға және заманауи сұраныстарға
сай жиһаз концепциясын әзірлеуге, сонымен қатар интерьердегі маңыздылығы көрсетілген.
Қазіргі заманғы дизайн-жобалауда көркемдік бейнені таңдаудың негізгі қағидаттары
негізделген: заманауи дизайндағы этнодәстүрдің дамуының кейбір аспектілерін ашу;
көпфункционалдық және эргономика талаптарын сақтау; эстетика және үйлесімділік
қағидаттарына сәйкестік; дизайн-жобалаудың өзекті үрдістерін көрсету; қоршаған ортаға
сәйкестік. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде аудитория талғамы анықталып, үй
тұрмысына арналған жиһаз жиынтығының дизайн тұжырымдамасының нұсқасы
ұсынылған.
Түйін сөздер Жиһаздағы этнодәстүр, ұлттық құндылық, эко-жиһаз, ою-өрнек,
интерьер, эргономика, түс
Бүгінгі күйдегідей көпфункционалды жиһаз тарихта сирек кездеседі. Бұл негізінен
бұрын білмеген технологиялар мен материалдардың дамуына байланысты. Алайда ата-
бабаларымыздың үй тұрмысында қолданылған жиһазын қарастырсақ:
Ағаш төсек — жатып тынығуға арналған жайлы жиһаз. Ел арасында "төсек ағаш", "
төсағаш", "кереует", ал кейбір көркемдік ерекшеліктеріне қарай "сырлытөсек", "күмістелген
төсек", "сүйектелген төсек", "оюлы төсек" деп аталады. Бетіне салынған ою-өрнек әр түрлі
болғанымен, бәрінің сыртқы пішіні ұқсас. Қайқылау келген екі басы жатуға ыңғайлы
жалпақ арқалығымен бірге бөлек дайындалып, төрт аяғы сүйек, күміс, әр түрлі тастар,
көксауыр былғары, қызғылт, күрең, сары, жасыл, қоңыр бояулармен өте әсем көркемделетін
екі бетімен тұтасады. Қақ ағаштың түзу тақтайларынан құрастырылады. Ағаш төсек пішіні
ұсталардың шеберлігіне, көркемдік талғамына, қолданылатын құрама материалдарына
қарай, әрі Қазақстан аймақтарындағы ағаш шабу өнерінің жергілікті дәстүрлеріне сай
түрліше жасалуы мүмкін. Ағаш төсек кейде cәндеп көрпе-төсек те жиналады (Биекенов К.,
Садырова М., 2007, 215-227)
1-сурет. Ағаш төсек.
ХХ ғасырдың басында көп функционалды қондырғылар мен өзгермелі жиһаз
түрлеріқарқынды дамыды. Оларға биіктігін өзгертетін кофе үстелдері, жылжымалы
функционалды бөліктері бар әйнек пен металл үстелдері, дәретхана керек жарақтары үшін
жасырын көлемді қабырға айнасы және басқа да бұйымдар кірді. Бұл заттардың барлығы
1 магистр, Казахский университет технологии и бизнеса E-mail: arman_erkin@mail.ru, Orcid: 0000-
0003-3683-6451
261

