Page 107 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 107

КӨРКЕМ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ
                                              БОЛАШАҚТАҒЫ ОРНЫ

                                                                       1
                                                         Омер Займоглу
                                                 Кошкинбаева Нургуль Рыспаевна
                                                                               2

                            Аннотация
                            Мақалада қазіргі нарықтық қоғамда, бәсекеге қабілетті болудың маңыздылығы мен
                     қажеттіліктері баяндалған. Ұлттың, бір қауымның табысты болуы оның заман талаптарына
                     сай  білімі  мен  тапқырлығына,  төзімділігіне  тәуелді  болатыны  айқын.  Болашақта  еңбек
                     нарығының қандай болатынынан еш хабарымыз жоқ. Заман талабы, талаптардың жаңарып
                     отыруы шапшаңдықпен артып келеді. Машиналық оқыту мен роботтандыру барлық саланы
                     өзгертуі мүмкін деген пікір бар. Дегенмен алдағы өзгерістердің табиғаты мен оның орындалу
                     мүмкіндігіне қатысты қарама-қарсы көз-қарастар көп. Соңғы онжылдықтарда нейробиология
                     мен мінез-құлық экономикасы салаларындағы зерттеулер адам миына «хакерлік шабуыл»
                     жасап,  олардың  шешімді  қалай  қабылдайтынын  түсіне  бастады. Тағамнан  бастап  өмірлік
                     серігімізге дейін кез келген таңдауда ерік-жігер деген жұмбақ құбылыс емес, ықтималдықты
                     қас-қағым сәтте есептейтін миллиардтаған нейрондардың әрекеті маңызды екен. Мақалада,
                     осындай өзгерістер барысында көркем-шығармашылық бағыттағы педагогтардың қоғамдағы
                     рөлі туралы қарастырылған.
                            Кілтті сөздер
                            Бәсекелік қабілет, жасанды интеллект, алгоритм, ойлау, шығармашылық.

                            Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса
                     ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
                            Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я
                     болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана
                     емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы
                     мүмкін.
                            Болашақта  ұлттың  табысты  болуы  оның  табиғи  байлығымен  емес,  адамдарының
                     бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт
                     ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  компьютерлік сауаттылық, шет
                     тілдерін  білу,  мәдени  ашықтық  сияқты  факторлар  әркімнің  алға  басуына  сөзсіз  қажетті
                     алғышарттардың санатында.
                            Сол  себепті,  «Цифрлы  Қазақстан»,  «Үш  тілде  білім  беру»,  «Мәдени  және
                     конфессияаралық   келісім»   сияқты   бағдарламалар   –   ұлтымызды,   яғни   барша
                     қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы – деп атап көрсеткен Н.
                     Назарбаев (Назарбаев Н., 2017).
                            Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: "Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек.
                     Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек" дейді. Бұл көзқарас
                     бүгінгі  күні  өте  маңызды.  Біріншіден,  жиырма  бірінші  ғасырдың  ұрпағы  терең  білімді
                     болғаны жөн. Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет. Үшіншіден, кез-
                     келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс. Төртіншіден, темірдей тәртіп және
                     жоғары  жауапкершілік  баршамыздың  бойымызда  болуы  керек.  Бесіншіден,  әділдіктен
                     айнымаған  жөн.  Әділдік   –  қоғам  дамуының  маңызды  шарты.  Әділеттілік   –  әсіресе,  ел-
                     жұрттың  тағдырын  шешу  үшін  аса  қажет  қасиет.  Алтыншыдан,  бізге  керегі  –  адалдық,
                     ұқыптылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз
                     сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз (Тоқаев Қ., 2020).
                     Жаһандану заманында «көштен қалып қоймайтындай» болу үшін сапалы білім, өзгерістерге
                     жылдам бейімделу, жаңа техникалар мен технологияларды меңгеру қасиеттері, яғни бәсекеге
                     қабілетті бола білу міндетті болып отыр.
                            Болашақта еңбек нарығының қандай болатынынан еш хабарымыз жоқ. Машиналық
                     оқыту мен роботтандыру барлық саланы өзгертуі мүмкін деген пікір бар. Дегенмен алдағы
                     өзгерістердің табиғаты мен оның орындалу мүмкіндігіне қатысты қарама-қарсы көз-қарастар

                     1   п.ғ.к.,  қауымдастырылған  профессор,  Ақдениз  университеті,  E-mail:    omerzaimoglu@hotmail.com,
                     Orcid: 0000-0002- 9884-8397
                     2   PhD  доктор,  аға  оқытушы,  М.Х.  Дулати  атындағы  Тараз  өңірлік  университеті,  e-mail:
                     koshkinbaeva_nurgul @mail.ru, Оrcid: 0000-0003-3657-4295





                                                            71
   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112