Page 109 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 109

қабілетті, еңбек сүйгіш,  өзгерістерге бейімделгіш,  өнертапқыштық,  шығармашыл  тұлғаны
                     қалыптастыру  барысында  көркем-шығармашылық  бағыттағы  педагогтардың  ролі  зор.
                     Мектептегі көркем-еңбек сабағы балаларды еңбектенуге, түрлі дағдылар алуға, армандауға,
                     кәсіптегі  өзгерістерге  төзімділікке,  кәсіпке  бейімделуге  бірден  бір  жол  болып  табылады.
                     Сонымен қатар, бұл пән заман талабына қарай жаңарып, толықтырылып отыруды талап етеді.
                            Қәзіргі өркениеттің жойқын күшін ескерсек адамзаттың бәскекеге қабілетті болуы
                     маңызды орында тұр. Әр адам өзін үнемі шыңдауға, өмір бойы оқуға, өзгеруге, жаңа жұмысқа
                     бейімделуге дайындау керек.
                            Қазір мектептердің көбі оқушының тиісті ақпаратты есте сақтап, жаттап алуына ғана
                     ден  қояды.  Бұрын  оқытудың  бұл  түрі  қарсылық  тудырмаған,  өйткені  бұрынғы  заманда
                     ақпарат  тапшы  болған,  жарыққа  шыққан  ақпарат  цензурадан  өтетін.  Қазір  жағдай  басқа.
                     Толассыз  аққан  ақпарат  көп.  Оны  бақылау  мүмкін  емес.  Кей  жағдайда  жалған  ақпарат
                     таратқыштар да көбейіп алды. Мұндай әлемде мұғалім оқушыға мейлінше көп ақпарат беру
                     дұрыс емес. Ақпарат онсыз да көп.  Адам сол ақпаратты қорытып, бұрысы мен дұрысын,
                     маңыздысы мен маңызды емесін айыра білу керек. Тұжырым шығара алса болды.
                            Балаға не үйрету керек?  Педагогика саласының мамандары мектеп балаларды сыни
                     ойлауға, өзгелермен коммуникацияға түсуге, бірлесіп жұмыс істеуге және шығармашылық
                     дағдыларға баулу қажет дейді. Жалпы, мектеп техникалық машықтарға емес, балаға өмірге
                     қажет болатын дағдыларға басым көңіл бөлу керек деген айтылып жүр. Сондай дағдылардың
                     бірі – өзгеріске бейімделе білу, жаңа нәрсені үйрене білу, күтпеген жағдайға кезіккенде сабыр
                     сақтап, саналы әрекет ету. Адам өзін –өзі үнемі жаңартып отыру[3].
                            Өзгеріс қарқыны үдей түсуде. Соның салдарынан экономика ғана емес «адам болу»
                     ұғымы да өзгеріске ұшырауы мүмкін.

                            Әдебиеттер:

                            1.  Назарбаев Н. (2017) Болашаққа бағдар - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы //
                     www.gov.kz. 20.05.2021.
                            2.  Тоқаев    Қ.  (2020)  Қазақстан  халқына  Жолдауы.  2020  жылғы  1  қыркүйек
                     https://www.akorda.kz  11.05.2021.
                            3.  Харари  Ю.Н.  (2019)  ХХІ  ғасырға  –  21  cабақ.  –  Ұлттық  аударма  бюросы.  –
                     Алматы: Алматы қаласы әкімдігі, 2019. – 384 б.













































                                                            73
   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114