Page 108 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 108

көп. Біреулердің болжамы бойынша 10-20 жылдың ішінде миллиардтаған адам экономикаға
                     керек болмай қалады деп санайды. Ал кей біреулер, тіпті ұзақ мерзім тұрғысынан алғанда да
                     автоматтандыру жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, барлық адамзатқа бақуатты өмір
                     сыйлайтынын алға тартады.
                            Сонымен, біз шынымен үрейлі өзгерістердің алдында тұрмыз ба? Әлде мұның бәрі
                     жәй  болжам  мен  қиял  ғана  ма?  Тап  басып  айту  қиын.  Автоматтандыру  жаппай
                     жұмыссыздыққа әкеледі деген болжам ХІХ ғасырдан бері айтылып жүргенімен, ол жорамал
                     әлі  орындала  қойған  жоқ.  Индустриялық  ревалюцияның  бастапқы  кезінен  бері  машина
                     ығыстырған  әр  мамандықтың  орнына  кемінде  жаңа  бір  мамандық  пайда  болады.  Ал
                     адамдардың  орташа  өмір  сүру  деңгейі  жылдам  өсіп  келеді.  Дегенмен  бұлай  болса  да
                     машиналық оқыту ойын ережесінің мүлдем өзгертетінін болжап айтуға болады.
                            Адамдардың физикалық және когнитивті деген екі қабілеті бар. Бұрынғы шыққан
                     машиналар  адаммен  қара  күш  жағынан  бәсекеге  түскен.  Ал,  интеллектуалдық  салада
                     адамның артықшылығы басым болды.  Ауыл шаруашылығы мен өндірістік өнеркәсіптерде
                     қол еңбектерін автоматтандырған соң, қызмет көрсету саласында адамдарға ғана тән қасиет
                     – ойлау қабілетін қажет ететін мамандықтар пайда болды. Ол мамандықтар – оқыту, сараптау,
                     қарым-қатынас орнату және адам эмоциясын түсіну сияқты. Алайда қазір жасанды интеллект
                     осы  қабілеттердің  біршамасында,  соның  ішінде  адам  эмоциясын  түсінуде  адамнан  асып
                     түседі.
                            Соңғы    онжылдықтарда   нейробиология   мен   мінез-құлық   экономикасы
                     салаларындағы зерттеулер адам миына «хакерлік шабуыл» жасап, олардың шешімді қалай
                     қабылдайтынын  түсіне  бастады.  Тағамнан  бастап  өмірлік  серігімізге  дейін  кез  келген
                     таңдауда ерік-жігер деген жұмбақ құбылыс емес, ықтималдықты қас-қағым сәтте есептейтін
                     миллиардтаған  нейрондардың  әрекеті  маңызды  екен.  «Адам  түйсігі»  деген  мақтаулы
                     құбылыс бар болғаны «образдарды тану» болып шықты (Харари Ю.Н., 2019, 276-279).
                            Осы  ізденістерді  алдағы  уақыттарда  жетілдіре  беретін  болса  жасанды  интеллект
                     алгоритмдері  адам  санасымен  бірдей  жұмыс  жасай  алатын  болады.  Әр  оқушының  не
                     қалайтынын, оның қандай сұрақтарға жауап бере алатынын және қай жерде қателесетінін
                     біліп  отыратын  болады.  Егер  оқытып  толықтыру  керек  болып  жатса,  алгоритмдер
                     пианиноның клавиштері тәрізді, адам эмоцияларын тап басып, білімді жеткізеді.
                            Жасанды  интеллект  басқа  жолмен  де  жаңа  мамандықтар  қалыптастыруға  түрткі
                     болады.  Компьютермен  бәйгеге  түсудің  орнына  оны  жөндеп,  жетілдіретін,  дамытатын
                     мамандар  керек  болады.  Мұндай  жұмыс  орындарының  бір  проблемасы  –  жоғары  білікті
                     мамандарды қажет етеді, сондықтан біліксіз адамдар арасындағы жұмыссыздық мәселелері
                     туындауы мүмкін. Демек, көп жаңа мамандық пайда болғанымен, жаңа, бірақ «қажетсіз тап»
                     ұлғая түсуі мүмкін. Екі бірдей үлкен проблемаға келіп соғылуымыз мүмкін. Яғни бір жақта
                     жұмыссыздық  көбейіп  жатса,  бір  жақта  білікті  мамандар  тапшылығы  байқалып  жатуы
                     мүмкін.  Көп  адам  ХІХ  ғасырда  арбакештің  емес  (автомашиналардың  шығуынан),  оның
                     аттарының орнында болып қалуы мүмкін деген болжам бар.      Сол себепті, адамдар жаңа
                     мамандық алу үшін үнемі жаңарып отыруға тура келеді. Бір орында, бір жерде тапжылмай
                     жұмыс  істей  беремін  деп  сенетін  жалдамалы  қызметкерлер  қазірдің  өзінде  аз  кездеседі.
                     Алдағы уақытта мұндай түсінік мүлде болмайтын шығар. Нарықта бәсекеге қабілетті, қажетті
                     сұранысқа  ие  маман  болу  үшін  адамның  ұшқыр  ойы  және  еңбек  сүйгіштік,  бейімделгіш
                     қасиеті қажет болады. Ондай қасиетке ие бола алмаған адамдар түрлі күйзелістерге түсуі
                     әбден  мүмкін.  Тек  бір  мамандықтың  соңында  жүрем,  тек  сол  мамандықпен  ғана  қызмет
                     жасаймын деген қағида заманнан мүлдем артта қалдырып қоюы мүмкін (Харари Ю.Н., 2019,
                     310-320).
                            Сондықтан,  қанша  оқыту  саласына  жасанды  интеллект  алгоритмдерін  қосатын
                     болсақ  та,  бала  тәрбиелеуде және  оны  кәсіпке  баулу  барысында  шынайы  адамның  берер
                     мейірімі  болады.  Жылы  қарым-қатынас  арқылы  еңбекке  баулу,  еңбекқор  тұлғаны
                     қалыптастыру ол жасанды интеллект алгоритімнің қолынан қарағанда тірі адамның қолынан
                     келетіні  сөзсіз.  Бұл  болашақтағы  өзгерістерге  бейімді,  шығармашыл  замануи  тұлғаны
                     қалыптасыру көркем шығармашылық бағыттағы педагогтардың жұмысы деп санауға болады.
                     Баланы жастайынан еңбек сүйгіштікке, шығармашылыққа үйрету заман талабы болып отыр.
                     Мектеп  қабырғасында  түрлі  кәсіпке  үйретіп,  жан-жақты  етіп  тәрбиелеу,  еңбекке  тез
                     бейімделгіш қасиеттерді бойына сіңіру мектеп жасынан басталады. Бұл сала баланы барлық
                     жағдайға дайын төзімділікке, шығармашылыққа, кәсіпкерлікке үйретеді.  Бала жастайынан
                     түрлі кәсіпті үйреніп, шығармашылық ойлау қабілетін шыңдайды.
                            Болашақта    көркем-шығармашылық  бағыттағы  болашақ  педагогтарының  қоғамға
                     керексіз  болып  қалуы  екі  талай.  Себебі,    болашаққа  жұмыс  жасайтын  болсақ,  бәсекеге





                                                            72
   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113