Page 111 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 111
оқыту мазмұнын қалыптастыруда олқылықтар кездеседі. Олар композициядағы қозғалыс
ұғымына анықтамалар беру; сызықтық қозғалыстың түрлі қырлары анықтау; композиция
құрастыру үдерісінде сызықтық қозғалыс ұстанымын композиция жасау барысында қолдану
жолдары айқындау; композициядығы бейнелер мен сызықтар қозғалысын оқыту әдістерінің
қажеттігі мәселелері бейнелеу өнерін оқыту саласында жиі кездеседі, егер осыған
сызықтардың мәнін оқыту мәтінінің жоқтығы мен оның қажеттігін қболсақ мәселе онанда
күрделене түседі. Сондықтан осы мәтін мен оны оқытудағы әдістерді ұсынсақ композицияны
оқыту сапасы жаңа сапаға көтерілуі сөзсіз деген болжам жасалды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу үш кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде болашақ бейнелеу
өнері мұғалімдерінің композиция, композициядағы қозғалыс, динамизм, сызықтар
композициясы, сызықтардың қайталанбастығы және т.б. ұғымдар туралы және осыларды
бейнелеу ерекшеліктері туралы оқушылар алдында сөз сөйлеу ерекшеліктері, динамика
ұғымын түсіндіруін бағытындағы бірқатар кемшіліктер анықталды. Екінші кезеңде сол
жұмыс нәтижесінде өнертанымдық, әдістемелік тұрғыдағы анықталған кемшіліктер жою
жолдары анықталды. Композициядағы қозғалыс сипатын диалектика заңына сай түсіну,
сызықтық қозғалысты тұтастай қабылдау әдісі арқылы тану бағытындағы оқыту мазмұны
анықталды. Болашақ мұғалімнің сызықтар қозғалысының мәнін түсінуінің, білімгерлердің
композиция құрастыру дағдысының артуына деген әсерін зерттеу, сызықтар қозғалысының
болуы көзқарастар тұрғысынан сарапталды. Сызықтардың қозғалысы туралы даярланған
мәтіннің болашақ сурет маманының көркемдік білімі мен іс-әрекетіне ықпалын танып
білумен байланысы анықталды. Сызықтар қозғалысы, сызықтар түрлері, формалар
қозғалысы, қозғалысты сызықтардың пайда болуы жайлы талдау әдістері зерттеу
барысындағы сабақтар ды өту барысында қолданылады. Контент мазмұнында сызықты
қозғалыстар сипаттары, кеңістік пен уақыт тұрғысынан білімгерлерге таныту тұрғысынан
қарастырылды. Таным үдерісінде салыстыру әдісі қолданылды. Сызықтар қозғалысы туралы
ақпараттық мәтінінің композиция құрастыру дағдыларының дамуына әсерін тигізетініне
білімгерлерге жеткізілді. Үшінші кезеңде зерттеудің қорытындысы шығарылды. Ұсынылып
отырған әдістеменің ұтымдылығы статистикалық ақпараттар өлшемдерінен көрінді.
Композицияны оқытудың дәстүрлі оқыту әдістемесі мен ұсынылып отырған композициядағы
динамизмді оқыту әдістемесінің артықшылығы салыстырмалы түрде алғанда 18 % артты.
Даму дегеніміз бір сапалық көрсеткіштен екінші сапалық көрсеткішке өту деп есептейміз.
Зерттеу нәтижелері бойынша: композициядағы қозғалыс ұғымына оқыту
мазмұнына сай анықтама берілді; сызықтық қозғалыстың түрлі қырлары оқу мәтіні ретінде
анықталды; қолөнердегі композицияны құрастыру үдерісінде сызықтық қозғалыс
ұстанымын композиция жасау барысында қолдану жолдары айқындалды; бұйымдар
жасаудағы композициядығы бейнелер мен сызықтар қозғалысын оқыту әдістері жасалып,
оның ұтымдылығы тексерілді.
Зерттеу нәтижелерін талдау: Қолөнер сабақтарында композициядағы қозғалыс
ұғымын білімгерлерге таныстыру мақсатында мына бағыттағы түсініктер берілді. Қозғалыс
туралы ілімді - динамизм деп атаймыз. Сызықтардың қозғалысы сызықтар динамизмі болып
танылады. Сызықтар динамизмі ілімі - сызықтық қозғалыстың түрлері, сызықтар
қозғалысының бағыттары, кеңістіктегі сызықтар қозғалысы, формадағы сызықтар
қозғалысы, жазықтық бетіндегі сызықтардың қозғалысы мен композициядағы қозғалыстар
қасиеттері, горизонт сызығы, сызықтар мен оның градациясы, жақындағы сызықтар сипаты,
алыстағы сызықтар сипаты, композициядағы сызықтарды құрастыру ұстанымдары
мәселелері сызықтар динамизмі ілімін құрайды. Сызықтар динамизмі іліміне сызықтар
композициясы, сызықтар композициясын құрастыруды оқыту мәселесін қосатын болсақ
мәселе онанда көкейкесті бола түседі.
Өнер теориясына қатысты айтылатын динамизм деген ұғым бар. «Динамизм»,
«динамика» деген сөзден бастау алады. Динамика - гректің қозғалыс деген ұғымынан
шыққан. Композициядағы динамизмді тану тұрғысында суретші-педагогтар бағалы пікірлер
айтқан. Сурет салу өнерін жастарға үйретудің атасы Н.Н.Ростовцев сызықтар бейнелеудің
негізін құрайтын негізгі мүмкіндік екенін айтқан. [Ростовцев Н.Н. (2002),Б.287-78] Бейнелеу
өнерінің психологиялық қырларын терең зерттеген ғалым В.С.Кузин қатар тұрған түрлі
сызықтар мен түстерді қабылдау үдерісінде көздің қозғалысының маңыздық сипатын
айқындаған. Түрлі түсті картинаны көргенде бірінші көзге түсетіні ашық қанық түстер
екенін, онан соң барып көз араласқан түстерге түсетіндігін, онан кейіндеу көздің
қозғалыстық жолмен ілгерілі, кейінді қозғалыста болатынын анықтаған [Кузин В.С. (1985),
Б.365].
75

