Page 114 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 114
«ҚОЛӨНЕР – СЫРЛЫ ӨНЕР»
Амирханова Диана Нурмахан қызы
1
Annotatsiya: Бұл мақалада, қазіргі кезде жоғары бағаланатын өнер туындылары
бірегей, бұрынғы замандағы өнерден қатты өзгешеленеді. Сол себепті қол өнерімен айналысу
үшін көп еңбек пен практиканы үйрену керектігі беріліп өтілген.
Кіліт сөздер: түрлі-түсті, анимация, сурет, өнер, бөлшектер, жарық шамдары,
бейнелеу, көрікті, еңбек
Аннотация: В этой произведения искусства, которые высоко ценятся сегодня,
уникальны и сильно отличаются от искусства прошлого. Вот почему говорят, что для
изучения ремесел необходимо много работать и практиковаться.
Ключевые слова: красочные, анимация, рисунок, искусство, детали, огни,
представительство, красота, работа
Abstrast. In this articcie, the works of art that are highiy valued today are unique and very
different from the art of the past. This is why they say that learning a craft requires a lot of work and
practice.
Key words: colorful, animation, drawing, art, details, lights, representation, beauty, work.
Қай кезеңде болсын ұлттық өнері өз құндылығын жойған жоқ. Қай халықты аласақ
та өзіне тән ұлттық өнері болады. Өзбек халқының да барша жұрт сүйіспеншілігіне бөленген,
жүрек тереңінен орын тепкен, ғасырлар бойы біртіндеп дамып қалыптасқан ұлттық өнері бар.
Өнер – шындық көркем бейнелер арқылы танып, білу болып табылады. Халқымыз ертеден-
ақ өзінің ұлттық өнерін ерекше қастерлеп, бармағы майысқан шеберлерді құрметтеп,
олардың өнерін мақтан еткен. «Өнерді үйрен де жирен», «Өнерлі өрге жүзеді» деген
мақалдармен келтіріліп өтілген. Халқымыз ежелден өнермен ертеден-ақ айналысып, жүннен
жіп үйіріп, түрлі жасаулар тоқыды. Тіпті қараша үйдің үзік бауларын, түс киіздерін басып,
түрлі ою-өрнектен кілем тоқып, ақ тұлпардың қоржын бауларын жасап келеді. Мектеп оқып
жүріп-ақ жастарымыз кесте тігу мен сырмақ сыру, ою түрлерін үйренеді. Қай халықтың
болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы – қолөнер. Қолөнер шеберлері табиғаттың
әсем көріністерін, ою-өрнектерінен пайдалана отырып, тұрмыстық заттарды да жасаған.
Халық шеберлері, ұсталары ағаштан тек үй тұрмысына қажетті бұйымдарды ғана жасап
қоймай, оларды әшекейлеуді, безендіруді, көркемдеп қашауды, ағаш бетінде нақышты
өрнектер салуды шебер меңгерген. Өнердің бұл түрімен ата-бабаларымыз сонау көне
дәуірінен бастап айналысқан. Шеберлер ұлттық қолөнерлер бұйымдарын жасау арқылы сол
халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген.
Халқымыздың қолөнері ғасырлар бойы халықпен бірге дамып келе жатқан дәстүрлі
өнер. Қолөнер қол еңбегі. Адам баласын еңбектенуге тәрбиелейді. Қолөнер бүкіл әлем
халықтарының тамашалайтын көрмесі. Қолөнер ата-бабамыздың ұшқыр қиялынан шыққан,
үлкен даналық ойынан, қажеттілігінен туындаған өнер туындысы. Қолөнер-атадан – балаға
мирас болып келе жатқан асыл мұра болып есептеледі. Әр халықтың ғасырлар бойына
жинақталып, белгілі бір жүйеге түскен рухани өмірінің ұлттық мәдениеті бар. Мол рухани
мәдениетінің маңызды бір саласы – бұл қолөнер. Қолөнер – ғасырлар бойы дамып,
қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығы. Ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп,
түрленіп, жаңарып келіп, атадан балаға қалған мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі өнер. Ол
арқылы біз үлкен рухани эстетикалық тәлім алып, өнер әлеміне қанат қағамыз. Өзге халықтар
сияқты өзбектің де қолөнер шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиып-терген мол
тәжірибелері бар. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі болып өсіруін
мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы
ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, насихаттап үйретіп келген. Қазіргі кезде сол ұлттық
қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін білім ортасы. Олай болса «Ата көрген
оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты
тәрбиелеуде, дамытуда, қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие
құралдарын(тіл, дін, өнер, үлгі өнеге) орнымен пайдалану, бүгінгі күн үшін де ерекше
маңызды. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихы мен терең астасқан сайын ол сол
ортаның идеологиялық және рухани жағдайына лайықты мазмұны мен мағына беруі тиіс.
1 Өзбекстан мемлекеттік ағылшын тілдер университеті II-курс талапкері
78

