Page 113 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 113

композиция  туралы  теориялық  талдау  негізінде  оқыту  мазмұнына  қатысты    мынандай
                     ұсыныстарды  айтуға  орынды.    Қол  өнердегі  ою-өрнектердің  өзара  байланысы
                     композициядағы  қозғалысқа  негізделген  заңдылықтарға  сүйеніп    құрылады.  Білімгерге
                     динамикалық  композицияны  оқыту  барысында  кеңістіктегі  ою-өрнектердің  қозғалыстық
                     сипатын  тани  білу,  білімгердің  жас  ерекшеліктеріне  бейнелеу  тәжірибесіне  байланысты
                     болатынын ескеру орынды.
                            Өрнектердің композициясын сабақта тану барысында,  композициялар статикалық
                     композиция  және  динамикалық  композиция  болып  екі  бағытқа  бөлінетінін  білімгерлерге
                     талдап көрсету қажет. Табиғаттағы және бейнедегі заттар мен құбылыстың  қозғалыстарын
                     таныту барысында,  бір нысан мен екінші нысанның қозғалыс сипатын салыстыру арқылы,
                     қозғалыстың барлық сипатын қабылдауға болатындығын бұйым жасауды үйрету барысында
                     білімгерлерге  ұлттық  бұйымдар  мен  сәндік  бейнелеу  шығармаларының  көркемдік
                     ерекшеліктерін  көрсету  орынды.  Кеңістіктегі  белгілі  бір  нысан  мен  оның  бойындағы
                     сызықтардың қозғалыс сипатын білімгерлерге талдап көрсету әдісін тәжірибеде қолданған
                     жағдайда ғана бейнелейтін нысанның ерекшелік сипатын қабылдаудың мәні жоғары болады.
                     Бейнелеу өнері шығармаларындағы сызықтардың қозғалысы, көркем образ жасаудың басты
                     мүмкіндігі  болып  табылатындығын  білімгерлерге  қолөнер  шеберлерінің  жасаған
                     бұйымдарын  демонстрация  жасап  талдап  көрсеткенде  ғана  көз  жеткізуге  болатындығын
                     тәжірибе жұмыстары дәлелдеп көрсетті.

                            Әдебиеттер:
                            1.Ростовцев  Н.Н.  (2002)  Методика  преподавания  изобразительного  искусства  в
                     школе.М.,Просвещение,.,Б.287.
                            2.Кузин В.С. (1985).Психология.М.,Искусства,Б.365.
                            3.Шорохов  Е.В. (2009) Композиция.М.,Просвещение.,Б.294.
                            4.Шпикалова  Т.Я.  (2007)  Методика  преподавания  декоративного  прикладного
                     искусства в школе.,М., Просвещение, Б.169.




















































                                                            77
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118