Page 115 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 115

Демек,  әр  өнер  шеберінің  қолынан  шыққан  туынды  ата-бабадан  қалған  мол  мұрадан  нәр
                     алып, жаңа өмірдің жаңа талабына сай болуы керек. Дәстүрлі қолөнерімізді дамытып, жас
                     ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие берудің маңызы зор. Бүгінгі қолөнердің халық қажетін өтейтін
                     тамаша  үлгілер  көп-ақ.  Осындай  мәдени  мұраны  көне  деп  қарамай,  оны  байырғы
                     байлығымыз деп бағалап, халқымыздың тұрмысына, қажетіне тиімді пайдаланып, сол жолда
                     оқушыларды эстетикалық жағынан тәрбиелеп, он саусағынан өнер тамған қыздар тәрбиелеу
                     басты  мақсатымыз  халық  өнерін  игеруге,  үйренуге  деген  қыздардың  ұмтылысы  көңілге
                     керемет сезім ұялатады. Сондай-ақ көшпелі өмірге бейімделіп, мал бағумен айналысқан ата-
                     бабамыздың  қолөнердегі шикізаты жүн болған, және ши тоқып, бұйымына жаратқан. Әр
                     ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ұмытылмай келе жатқан өнері. Оның өмір тұрмысының
                     көрінісі,  заманы  көшінен  қалып  қоймай  қай  кездеде  халық  қажетіне жараған.  «Өнер  көзі
                     халықта» алдымен өнерді халықтан үйреніп, көне мұрасын жаңғыртып, ізденіп іске асыру
                     перзенттік парызымыз деп түсіну керек. Осыған орай қазіргі қоғамымыздың талабы-қолөнер
                     дүниелерін топтастырып, жинақтап, жүйелеп заман талабына сай түрлендіріп тұтыну. Бүгінгі

                     таңда жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие ісіне ерекше мән  беріліп отыр.   «Өнер таусылмас
                     қазына,  жұтамас  байлық»  —  дейді  дана  халқымыз.  Халық  қолөнері  өзінің  төлтума  бітім
                     қаиетімен,  көркемдік  мән-мағынасымен,  шын  мәнінде  халқымыздың  ғасырлар  талғамына
                     өткен асыл қазынасы. Қолөнер- халық өмірімен тұрмысымен бірге жетіліп, бірге қайнасып
                     келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән берумен
                     адамдарға  рухани  ләззат  әкелген.  Қолөнер  –  ежелден  келе  жатқан  кәсіп.  Ол  халықтың
                     өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Еңбектің өзі баланы
                     қолөнерге баулуда өзбек халқының мәдениетімен тұрмыс тіршілігінің әрі қарай дамуы, түрлі
                     шығармашылық  табыстардың  жетістігі  болады.  Сондықтан  баланы  еңбекке  баулуда  ең
                     алдымен,  оған  үлгі  алатындай  жағдай  туғызып,  халық  өнерінің  әсемдік  құпиясын  ашып
                     көрсету  керек.  Тұрмыста  қолданылатын  ұлттық  бұйымдарын  біліп,  оларды  әшекейлеуді,
                     сапалы өнім дайындауда шеберлікке, ұқыптылыққа үйрету, қолөнерге деген сүйіпеншілігін
                     арттыру. Қолөнер- атадан- балаға мирас болып келе жатқаан асыл мұра десек, қазіргі таңда
                     жас  ұрпақты  ата-бабаларымыздың  сәндік  қолданбалы  қолөнер  түрлерімен,  халық
                     шеберлерінің тамаша шығармаларымен таныстыра отырып, ұлттық қолөнерге баулу басты
                     міндет.  Ата-бабамыздың  қалдырған  бай  мәдени  мұрасының  тарихын  байыпты  зерттемей
                     жаңа  өмірдің  талабына  лайық  туынды  жасау  мүмкін  емес.  Атадан-балаға  жалғасып  келе
                     жатқаан  ұлттық  қолөнерді  өткен  ғасырда  жоғалтып  ала  жаздап  егеменді  ел  болғалы  өз
                     мәдениетімізді,  рухани  сән-салтанатымызды  тұрмыс-тіршілік  болмысымызды  қайта
                     жандандырып,  қазақ  қолөнері  қайтадан  ел  арасына,  білім  ордасына  бірте-бірте  тамаша
                     үлгілерімен  еніп,  шәкірттерге  жан-жақты  білім  мен  тәрбие  беруге,  жаңаша  еңбек  етуге
                     талпындырып отыр.  Киіз басу, сырмақ басу, текемет, алаша, шым-ши, аяққап, құрақ көрпе
                     және ұлттық киімдер мен кілем тоқу сияқты күні бүгінгедейін өз маңызын жоғалтпай келе
                     жатқан  сондай  дәстүрлі  қолөнер  үлгілерін  үйрету  баланы  еңбек  сүйгіштікке,  әсемдікке
                     талпындырып,  халқының  тарихын  біліп,  мәдени  мұрасын  қадірлеп,  дәстүрін  жалғастыра
                     білуге  баулиды.  Оның  үстіне  ұлттық  қолөнер  өзінің  тарихы  терең  мазмұны  сан  қилы
                     ерекшеліктермен  болашақ  жастарға  рухани,  эстетикалық,  эмоционалдық,  интелектуалдық
                     тұрғыда әсер етіп олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз. Сәндік
                     қолөнерге үйреткенде белгілі шеберлердің туындыларына талдау жасап, мүмкіндігі болса
                     еңбектерін көрсетіп, мұражайларды аралатып немесе шеберлердің жеке көрмелеріне апарып,
                     шәкірттердің қызығушылығымен ой-өрісін ояту қажет деп санаймыз. Біз қолөнердің әрбір
                     саласына тоқтауды мақсат етпедік. Халқымыз өнері — бай, классикалық негіздегі іргелі өнер.
                     Оның  бәрін  қамту  мүмкін  емес.  Өзбек  халқының  өнерін,  іскерлігін,  өнер  шеберлерінің
                     қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысымен салыстырып,
                     ұлттық өнерді сүюге, құрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбеккер, жан-жақты
                     жетілген азамат етіп тәрбиелейді, шәкірттердің жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне,
                     жеріне,  ұлттық  өнерге  деген  сүйіспеншілігін,  құштарлығын  арттыру,    қолөнерді  жас
                     жеткіншектердің санасына жеткізудің құралы.
                            Заман өзгерісімен мәдениет те, әдебиет те, өнер де әртүрлі бағытта дамиды. Қазіргі
                     кезде  жоғары  бағаланатын  өнер  туындылары  бірегей,  бұрынғы  замандағы  өнерден  қатты
                     өзгешеленеді. Өнер сыншысы болмаса да, арт-музейлерге барған кез-келген адам қазіргі өнер
                     туындыларын  көргенде  бір  ерекшелікті  атап  өте  алады.  Ол  —  минимализм  Әйгілі  Қара
                     Шаршы  да  осыған  дәлел.  Суретшінің  ойлаған  дүниесін,  суреттің  негізгі  ойы  мен  қазіргі
                     қоғаммен  байланысын  сол  суретке  қарап  тұрған  адам  өзі  тауып,  өз  өмірімен,  өз
                     дүниетанымымен сәйкестендіре алуы керек.






                                                            79
   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120