Page 116 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 116

Дегенмен, қазіргі өнер әлемінің ерекшелігі тек аллегориялар мен минимализм емес.
                     Қазіргі бейнелеу өнерінің алып келген жаңалығы  — жаңа материалдар, қанық түстер мен
                     бұрын  адам  баласы  білмеген  технологияны  пайдалану.  Қарапайым  кенеп  пен  бояу  емес,
                     коллаж не инсталляция жасау үшін тас, ескі техникадан қалған бөлшектер, жарық шамдары,
                     қолдануға  жарамайтын  түрлі  тұрмыстық  заттар  т.б.  қазіргі  қоғамның  көп  айтылмайтын
                     мәселелерін,  мәселен  адамның  табиғатқа  тигізетін  әсері,  халықтың  әлеуметтік  желілерге
                     тәуелділігі,  саясат  пен  әділетсіздік  мәселелерін  сипаттайды.  Қанық  бояулар  табиғат  пен
                     адамды  басқа  аспектіден  көрсетеді,  шындыққа  сәйкес  келмейтін  түстермен  алуан-алуан
                     бейнелерді жеткізеді, ал ол үшін креативтілік пен талант керек.



























                            ХХІ  ғасырдағы  танымал  өнер  туындылары  біркелкі  болып  келмейді,  бейнелеу
                     өнерінде,  сурет  салуда  да  жүздеген,  тіпті  мыңдаған  бағыттар  мен  жанрлар  бар.  Қағазға
                     салынған, не компьютерге арнайы планшетпен салынған, комикс, әлде бөлек туынды, я түрлі-
                     түсті, анимация, не сурет, салыну стилі, фотореализм, семиреализм немесе сюрреализм және
                     көптеген категорияларға бөлген кезде, қазіргі кездегі өнер саласының ауқымды, кең екендігі
                     білінеді.  Өнермен  айналысу  үшін  әр  кезде  де  көп  еңбек  пен  практика  болған.  Жақсы,
                     басқалардан ерекшеленетін, идея мен сол идеяны жүзеге асыратын еңбекқор адам болса, өнер
                     жоғары бағаланатын болады.
                            Өнер  туралы  қанша  пікір  болса  да,  біз  өнердің  субъективті  сала  екенін  есте
                     сақтауымыз керек. Жаман сурет, көріксіз иллюстрациялар тек солай ойлап тұрған адамның
                     көзіне ғана көріксіз  болып көрінеді, сол  себепті адам еңбегін құрметтеп, бұрын көрмеген






                                                            80
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121