Page 112 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 112

Е.В.Шорохов  ритмдік қозғалыс - белгілі өлшемдермен, бағыттармен  қайталанып
                     отыратын    қозғалыс  екенін  айтқан[Шорохов    Е.В.  (2009)  Композиция.М.,  Б.294.].
                     Т.Я.Шпикалова, ою-өрнектердің біркелкі қозғалыстарының қайталануынан  «динамикалық
                     композиция» шығатынын айтқан. Әрбір өрнектердің өзара қатынастарының тұрақты түрде
                     қайталауын «статикалық композиция» деп таныған. [Шпикалова Т.Я. (2007), Б.169.].
                            Қозғалыс  дегеніміз - белгілі процестің қадамдық өзгермелілік, алға жылжушылық,
                     ілгерілеушілік  сипаты.  Қолөнердің  негізін  қалайтын  тұғырдың  бірі    «сызық»    болып
                     табылады. Қолөнердегі сызық - дегеніміз қозғалыстағы нүктенің ізі. Нүктелерді бір-біріне
                     жақын  орналастырып,  алыстан  қарасақ  ол  сызыққа  ұқсас  болып  қабылданады.  Яғни
                     сызықтың  негізін  құрайтындар  қозғалыстағы    нүктелердің  ізі.  Сызықтың  тұғыры  нүкте.
                     Нүктелер қозғалғанда ізі ғана визуалдық мәнге айналады. Нүктелердің қозғалыстағы іздері
                     сызыққа айналады. Біз нүктелерінде алыстаған сайын олар бір- біріне жақындағандай болып
                     көрінеді.  Алыстан  қарағанда  нүктелер  сызық  болып  қабылданады.  Сызықтың  пайда
                     болуының тағы бір жағы - екі жазықтықтың қосындысымен сипатталуында. Сызықтың тағы
                     бір жағы - жарық пен көлеңкенің қатар орналасуы шекарасынан пайда болады деп айтуға
                     болады.  Бұған  мысал  қаламсаптың  іздері,    тау  шыңдарының  көріністерін  алатын  болсақ
                     таудың  күнгей  беті  мен  көлеңке  бетінің  арасы  сызықты  құрап  тұрады,  сызық  арқылы
                     бөлінеді,  шкафтың беттерінің қырлары жарық пен көлеңке деңгейлерімен, қатар орналасқан
                     жарық  пен көлеңкенің ара жігінен сызықтар пайда болады.
                            Композициядағы   динамизм   ұғымын    зерттеу   нәтижесінде,   білімгерлерге
                     сызықтардың  өнертанымдық сипатын  таныту барысында мына мәтіндер ұсыну қажеттігі
                     көрінді.  Сызықтар  бір-бірін  қайталамауы  тиіс.  Сызықтар  композициясы  дегеніміз  -
                     шығармашылық жазықтық бетіне сызықтарды туынды идеясын ашуға лайық етіп, көрушіге
                     әсер  беретіндей  сипатта,  негізгі  ойды  білдіретін  пішін  мен  қосалқы  ойды  білдіретін
                     пішіндердің  сызықтарын  қайталанбастық  ұстанымдарына  сай  орналастыру  деп
                     тұжырымдауға  болады.  Қозғалысты  тағы  бір  қырынан  алып  қарағанда  ол  -  қолөнері
                     бұйымдаларын жасау үдерісіндегі шебердің ұстанымы. Қолөнері теориясының бір бағыты
                     композицияның мәселелерінен құрамдалады. Қозғалыс ұғымымен байланысты түсініктерді,
                     пікірлерді, нормалар мен  ұстанымдарды қолдану іс- әрекеттері туралы  ілімді - «сызықтар
                     динамизмі ілімі» деп  танимыз. Қолөнердегі  динамизм - композициялық іс-әрекет барысында
                     сызықтарды пайдалану жөніндегі ұстанымдардың бірі ретінде қабылдау қажет. Динамизм
                     шебердің бұйым жасаудағы  қолданатын ұстанымы болып табылады. Бұйым композициясын
                     құрастыруда  шебер    сызықтардың,  түстердің  сапасын    өзгертіп  отырады.  Сызықтардың
                     қозғалысын  синхронды  түрде  қайталанбауы  қолөнер  композициядағы  ұстаным  ретінде
                     ескеріледі. Бұйымдағы сызықтардың қозғалысын   бірін-бірі қайталамайтындай етіп өзгертіп
                     отыру  қолөнердегі  маңызды  талап.    Жалпы  қозғалыстарды  біз  -  табиғат  формаларының
                     қозғалысы  және  қолөнер  бұйымдары  мен  туындыларындағы  қозғалыс  болып  екі  бағытқа
                     бөліп қарастырамыз.
                            Қағаз  бетіндегі  сызықтардың    қозғалысы  мен  бағыттары    белгілі  бір  форманың
                     образын    елестетеді.  Бұйым  формасы  сыртқы  сызықтардан  құралады.  Сызықтардың
                     қозғалыстары:  түзу  сызықты,  серіппелі  ұмтылысты  қозғалысты,  бұралаңқы  қозғалысты,
                     сынық  бұйрышты  қозғалысты,  шеңбер  қозғалысты,  овалдық  қозғалысты  болып  келеді.
                     Паралель  қозғалысты  нүктелердің  бір  бағыттағы  арақашықтықтағы  қозғалыстағы    ізінен
                     паралел  сызықтар  пайда  болады.  Сызықтардың  сипатын  көрушімен  қарым-қатынасына
                     байланысты  қарағанда      бірнеше  бағыттарды  қамтиды.  Өмірдегі  заттар  формасындағы
                     сызықтар қозғалысы, табиғат формасындағы сызықтар қозғалысы, адам қолымен жасалған
                     формадағы  сызықтар    қозғалысы,  форманың    жазықтық  бетіндегі  қозғалысы,  бейнедегі
                     қозғалыс,  картина  композициясындағы  қозғалыс,  бұйым  композициясын    құрастырушы
                     сызықтар  қозғалысы  болып  түрленеді.  Сызықтың  қозғалысы  географиялық  өлшемдермен
                     байланысты өзгеріп отырады. Кейбір сызықтарды солтүстікке, оңтүстікке, батысқа, шығысқа
                     бұрылатын сызықтар деп  бағыт бағдарына мәніне қарай аталады. Сонымен қатар сызықтар
                     қозғалысы    көрушінің  географиялық  орналасуы  тарапынан  алып,    салыстырып  қарағанда
                     оңға, солға, алға және артқа қарай бағыт алғанын көруге болады.
                            Динамизм қолөнер бұйымын құрамдау бағытындағы  ұмтылысты сипатта болады.
                     Динамизм - көркем бұйымның түстерінің қозғалысы, сәндік композициядағы ою өрнектердің
                     орналасуы тұрғысындағы ритмдік қозғалыстары, көлемді бұйымдар пішіндерінің қозғалысы
                     болып бірнеше бағыттарды  қамтиды.  Бұл  екінші жағынан  әрбір қозғалыстың  материалды
                     қолданумен,  орындау технологиясымен байланысты өзгерістерге  ұшырайтынын  білдіреді.
                     Қозғалыс  психологиялық  мәселелермен  байланысты.  Сызықтардың  сипатын    қабылдау
                     ерекшеліктерін  білу,  қолөнер  бұйымын  жасау  үдерісінде  өте  маңызды.  Динамикалық





                                                            76
   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117