Page 110 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 110

ҚОЛӨНЕР КОМПОЗИЦИЯСЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС
                           ПРОБЛЕМАСЫН ОҚЫТУҒА БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ
                                                       ДАЯРЛАУ

                                                                  1
                                                       Қ. Е.Ералин
                                                     Ж.О.Небесаева
                                                                   2
                                                      А.Қ.Сабырова
                                                                   3

                            Түйіндеме
                            Зерттеу  еңбегінде  болашақ  бейнелеу  өнері  мұғалімдерін    даярлаудың  негізгі
                     бағыттарының  бірі  композициядағы  қозғалыс  ұғымы  айқындалып,    оны  оқыту  мазмұнын
                     қалыптастыру  әдістері  өнертанымдық-әдістемелік  тұрғыдан  негізделген,  композициядағы
                     қозғалыс ұғымын оқыту  әдістері нақтыланған. Композициядағы қозғалыс ұғымын оқытуға
                     болашақ мұғалімдерді даярлау бойынша ұсыныстар берілген. Зерттеу пәні: композициядағы
                     қозғалыс ұғымын оқытуға болашақ мұғалімдерді даярлау әдістемесі болып алынған. Қолөнер
                     композициясындағы  қозғалыс  мәселесін  оқыту-  белгілі  қолөнердің  бұйымдарынің
                     формасындағы сызықтарды қабылдау және бөліп көрсету бірлігімен айшықталған. Болашақ
                     мұғалімнің қолөнердің бұйымдарын өнертанымдық композициялық динамизм түсініктерін
                     қалыптастыру мақсатындағы өнертанымдық түсініктер мен талдау дағдыларын біріктіретін
                     даярлық   мазмұнын   анықтауға   мүмкіндік   ашылған.   Қолөнер   бұйымдарындағы
                     композициялық  қозғалыс  ерекшелігін  таныстыру  бағдарламасы    жасалған.  Қолөнер
                     бұйымдарындағы    композициялық  қозғалысты  көркемдік  талдау  өлшемдері,  әдістері
                     жасалған.Білімгерлерді бұйымдарындағы  композициялық қозғалысты талдау жұмыстарына
                     жаттықтыру  әдістері  көрсетілген.  Осы  қорытындыдан  келіп,  бұйымдарындағы
                     композициялық қозғалысты талдау білімдерін меңгеріп, өнертанымдық талдау дағдыларын
                     қалыптастыру қажеттігі анықталған. Зерттеу  бұйымдарындағы  композициялық қозғалысты
                     талдау әдістерін жасалған. Қолөнердің бұйымдары композициялық қозғалысты талдау атты
                     үш  бағытты  қамтыған.  Бірінші  бағыт  бойынша:  бұйымдарындағы    композициялық
                     қозғалысты тану мәселелері қарастырылған. Екінші бағыт бойынша: болашақ маманының
                     өнертанушылық-зерттеушілік  қызмет  бағыттары,  оны  ұйымдастыру,  қолөнер  бұйымын
                     көркемдік талдау өлшемдері мәселелері сараптанған. Үшінші бағыт бойынша: қолөнердің
                     бұйымдарымен  талдау    жасауға  болашақ  мұғалімдерді  үйрету  әдістері  қарастырылған.
                     Болашақ мұғалімдерді үйрету нәтижелері сипатталған.
                            Кілт сөздер
                            Композиция,  композициядағы  қозғалыс,  динамизм,  сызықтар  композициясы,
                     сызықтардың қайталанбастығы.

                            Кіріспе.  Біз    қозғалыс  дегенді  білгенмен  композициядағы  сызықтар  мен  форма
                     қозғалыстары,  оларды  шығарма  идеясын  ашудағы  роліне  мән  бере  бермейміз.  Сызық  -
                     негізінен    қозғалыстағы  нүктенің  ізінен  құрамдалады.  Қозғалыстағы  сызықтар  қасиетін
                     оқыту көркемдік білім берудің негізін құрайтын көркемдік білім берудіңнегізгі мәселелерінің
                     бірі.  Картинадағы  бейнелеудің  сызықтардың,  түстердің  орналасуының  қозғалысын  оқыту
                     қажеттігі мен оны оқытуға болашақ мұғалімді дайындау  қажеттігінің туындауы мен оның
                     жоқтығы  арасындағы  қарама-  қайшылықтар  біздің  проблемамызды  «композициядағы
                     қозғалыс  ұғымын  оқытуға  болашақ  мұғалімдерді  даярлау»  деп  алуға  мүмкіндік  берді.
                     Философияда қозғалыс ұғымы диалектиканың заңдылығымен сипатталады. Әлемдегі заттар
                     мен  құбылыстар  қозғалыста  өмір  сүреді.  Олардың  бәрі  қозғалыста  болады.  Қозғалыс
                     дамудың көзі. Даму дегеніміз - бір сапалық көрсеткіштен, екінші бір сапалық көрсеткішке
                     өту.  Сондықтан,  қозғалысты  затпен,  құбылыспен,    уақытпен,  кеңістікпен  байланысты
                     қарастырғанымыз орынды. Алайда осы композициядағы қозғалыс ұғымы оқытуда бірқатар


                     1  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Өнер және білім факультеті, Кәсіптік
                     оқыту  және  бейнелеу  өнері  кафедрасының  профессоры,  п.ғ.д.  (Қазақстан,Шымкент   қ.),  E-mail:

                     Kuandikbei@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-1669-0101
                     2  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Өнер және білім факультеті, Кәсіптік
                     оқыту  және  бейнелеу  өнері  кафедрасының  меңгерушісі,  философия  докторы  PhD,  доцент
                     м.а.(Қазақстан. Шымкент қ.), E-mail: gold_15k1@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-4358-3923
                     3   Жансүгіров  атындағы  Жетісу  университеті    докторанты  (Қазақстан,Талдықорған  қ.),  E-
                     mail:eralinaaselina@mail.ru,  https://orcid.org0000-0002-6951-3731





                                                            74
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115