Page 303 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 303

көлеміне,  бейнесіне  байланысты,  қандай  өлшемнің  (ені  немесе  биіктігі)  маңызды  екенін
                     анықтап  алу  керек.  Бұл  жағдайға  салынатын  бейне  тік  төрт  бұрышты  қағаздың  бетінде
                     горизонтальды немесе вертикальды орналасуы негізгі болып келеді.
                            «Оқу  қойылымының  композициялық  шешімінің  ізденісін  жеңілдету  үшін,  негізгі
                     қағаз  форматының  көлеміне  пропорционалды  бірнеше  рет  кішірейтілген  қатты  қағаздан
                     «терезеше» жасап алып қолдану әдісі өте маңызды. Осы тік төртбұрышты тесіктің көмегімен
                     фотоаппараттың  қалыптастыру  терезесімен  қолданғандай,  бір  көзді  қысып  қарап
                     композицияның  оқу  талабына  сай  орнын  табуға  тырысу  керек»  (Адамқұлов  Н.М.,  2022).
                     Терезені көзге біресе жақындата, біресе алыстата отырып (осы кезде натуралық қойылымның
                     заттары кіші көлемде көрінеді), оңға және солға қозғай отырып, суреттемелі бейнелердің
                     масштабын және орнын анықтайды. Раманы қолдану өте ыңғайлы, өйткені оның шеттері
                     затты анықтауыш кеңістік ортаны шектейді. Ол «модельді» дара және тұтас құбылыс ретінде
                     қабылдауға мүмкіндік береді.
                            Заттардың  болашақ  суретін  қағаз  бетіне  орналастыру  өте  күрделі  және  жауапты
                     жұмыс, себебі жазықтық бетінде модельдің орны мен көлемі анықталған соң оны өзгерту
                     қиын. Оған қоса қайта түзету көп уақыттың дәрменсіз кетуіне және қанғаттанарлықсыздыққа
                     әкеліп  соғады.  Ал  сәтті  композиция  қызықты,  көрікті  суреттің  кейінгі  деңгейлерде
                     орындалуындағы негізін қалайды. Олар:сызықты,конструктивті кұрылысы,бейнені реңмен
                     жапсырмалау.
                            Зерттеу  материалдары  мен  әдістері.  Сызықтық  бақылау  мен  ауалық
                     перспективаның маңызын талдайтын болсақ, қандай да бір өнер шығармасын алмайық, оның
                     идеялық  мазмұны,  композициялық  құрылысы,  түстер  үйлесімділігі  және  орындалу
                     техникасының ерекшеліктері мен сызықтық перспектива заңдылықтары болады. Бұлардың
                     жиынтығын  өнер  шығармасының  көркемдік  ерекшелігі  деп  атаймыз.  Бұл  үшін  көлемді
                     полотноларды алу орынды. «Көркем шығармашылық кез келген қоғамның тарихи дамуының
                     кез келген кезеңінде мәдниеттің маңызды салаларының бірі болып табылады» (Akbayeva, S.
                     A., & Alina N. Lobanova, Z. S. K. A. A. N. , A. T. T. I. M. Z.2019). Мысалы, Қ.Т.Тельжановтың
                     «Сабақтан соң» (Телжанов Қ.Т. 2006, 28) шығармасында мектеп есігінен жаңа шығып тұрған
                     баланың онан әріректегі мектепке жақындап келе жатқан балаларға қарағанда өлшемі үлкен
                     етіп алынған. Сондай-ақ есік алдында тұрған баланың өлшемі әріректе мектепке балаларын
                     әкеліп  тұрған  әже  мен  атаның  өлшемдерінен  әлдеқайда  үлкен.  Осы  сияқты  құбылысты
                     «Қазақстан  1918  жылы»  (Телжанов  Қ.Т.  2006,  37)  картинасынан  да  көруге  болады.
                     Шығарманың  алдыңғы  көрінісін  бейнелеген  ауыл  адамдары  алыста  келе  жатқан  атты
                     әскерлерге  қарап  тұр.  Бұл  кеңістікте  екі  түрлі  қашықтық  өлшемі  бар.  Біріншісі-ауыл
                     адамдары,  екіншісі  –  атты  әскерлер.  Осы  көріністердегі  адамдардың  өмірдегі  өлшемдері
                     бірдей  болғанымен  суретші  кеңістікті  білдіру  үшін  жақындағы  бейне  өлшемдерін  үлкен,
                     алыстағы  көрініс  өлшемдерін  кіші  етіп  көрсеткен.  Мұнан  шығатын  қорытынды  суретші
                     белгілі  бір  көріністің  кеңістіктегі  алыс,  жақындығын,  орналасу  ретінде  байланысты
                     өлшемдерін өзгертті. Бұл ойды суретшінің «Көкпар» (Телжанов Қ.Т. 2006, 60-61), «Кеңес»
                     (Телжанов  Қ.Т.  2006,  75)  және  «Шабандоздар»  (Телжанов  Қ.Т.  2006,  77),  «Толқын»
                     (Телжанов Қ.Т. 2006, 80) картиналары дәлелдей түседі.
                            Қозғалмайтын  көзқарасқа  арналған  және  көкжиек  сызығында  біртұтас  жоғалу
                     нүктесін қамтитын кескінді құру тәсілі, бұл ретте обьектілер тереңдікке қарай азайып бара
                     жатқан  сияқты.  Тікелей  перспектива  ұзақ  уақытбойы  әлемнің  сурет  жазықтығындағы
                     жалғызшынайы  көрінісі  ретінде  танылды.  Сызықтық  перспектива  жазықтықта  салынған
                     кескін екенін ескере отырып, жазықтық перспективалық кескіндердің мақсатына байланысты
                     тігінен, көлбеу және көлденең орналасуы мүмкін. Сызықтық перспектива арқылы кескіндер
                     салынған  тік  жазықтық  кескіндеме  (станоктық  кескіндеме)  және  қабырға  панельдерін
                     жасауда қолданылады. Көлбеу жазықтықтарда перспективалық бейнелер салу монументалды
                     кескіндемеде сол сияқты көлденең жазықтықта перспективалық кескіндерді салу төбелерді
                     (түстерді) бояу кезінде қолданылады. Мысалы, суретші А.А.Дейнекидің «Маяковская» метро
                     станциясының  сопақ  реңктеріндегі  мозайкалық  суреттерінен  белгілі.  Төбенің  көлденең
                     жазықтығында  перспективада  салынған  кескіндер  көлеңкелі  перспектива  деп  аталады.
                     Көлденең  және  көлбеу  жазықтықтардағы  сызықтық  перспективаның  тік  кескіндемедегі
                     суреттерден    айырмашылығы      кейбір    ерекшеліктері   бар     (Котов    П.,
                     https://www.liveinternet.ru/users/stewardess0202/post404527025).  Қазіргі  уақытта  тікелей
                     сызықтық перспективаны қолдану басым, көбінесе кескіннің «шынайылығына» байланысты.
                     Атап айтқанда 3D ойындарында проекцияның осы түрі қолданылады.
                            Ауалықперспектива-ғылым  ретінде  перспективаның  кіші  бөлімі  (түрі).  Бейнелеу
                     өнерінде  ауалықперспектива  тоналды  және  түсті  болып  бөлінеді.  Тональды  (түсті)




                                                           267
   298   299   300   301   302   303   304   305   306   307   308