Page 540 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 540

айтыс,  қолөнер  сынды  өнер  түрлерімен  байланыста  қарастыру  әдістері  қолданылды.
                     Домбырашы-студенттердің басым бөлігі құйма-құлақ әдісімен күй үйренуге қызығушылық
                     танытып,  берілген  тапсырманы  жеңіл  меңгерді.  Сонымен  қатар,  құйма-құлақ  әдісімен
                     үйренген  шығармалардың  есте  ұзақ  мерзімге  сақталатындығы  дәлелденді.  Осылайша
                     домбыра   үйретудің   аутентикалық   әдістерін   қолдану   нәтижесінде   домбырашы-
                     студенттерінің басым көпшілігінің музыкалық есте сақтау қабілетінің және есту қабілетінің
                     жетілгендігі,  орындаушылық  шеберлігінің  дамуы,  үйреніп  жатқан  күйлері  мен  жалпы
                     домбыра  орындаушылық  өнеріне  деген  қызығушылығы  артуы  бақыланды  және  домбыра
                     орындаушылық  өнерін  үйретудің  аутентикалық  элементтерін  қолданудың  практикалық
                     тиімділігі дәлелденді.
                            Тәжірибелік-эксперименттің   қалыптастыру   кезеңінде   жасалған   жұмыстар
                     нәтижесінде  эксперименттік  топ  домбырашы-студенттерінің  кәсіби  дайындығының
                     музыкалық-орындаушылық  компоненті  бойынша  құндылықты-мотивациялық,  кәсіби-
                     теориялық  және  орындаушылық-технологиялық  критерийлер  деңгейі  жоғарылады.
                     Құндылықты-мотивациялық  критерий  бойынша  эксперименттік  топ  домбырашы-
                     студенттерінде  өздігімен  жұмыс  жасау,  шешім  қабылдау,  өз  пікірін  қалыптастырып,  оны
                     қорғау дағдылары, болашақ мамандығына деген қызығушылығы мен жауапкершілік сезімі,
                     кәсіби тұрғыдан үздіксіз  дамуға деген ынта сынды кәсіби қасиеттері қалыптасты. Кәсіби-
                     теориялық критерий бойынша домбырашы-студенттердің жалпы музыка өнері, оның ішінде
                     домбыра  күйлері,  аңыздары,  орындаушылық  мектептер,  ән  деңгейі  тұрақтандыру
                     кезеңіндегі  өлшеуіш  құралдар  арқылы  және  жыр  өнері,  көрші  халықтардың  музыка
                     мәдениетіне әсері, т.б. тақырыптар бойынша білімділік деңгейі  көтерілді. Сонымен  қатар
                     кәсіби міндеттерді шешуде медиа құралдарын тиімді қолдануды үйренді. Орындаушылық-
                     технологиялық  критерий  бойынша  әр  орындаушылық  мектепке  тән  орындаушылық
                     стильдерді  меңгеру  арқылы  орындаушылық  деңгейі  көтерілді,  құйма-құлақ  әдісімен  күй
                     үйрену  арқылы  музыкалық  қабылеттері  жетілді,  күй  өнерінің  басқа  өнер  түрлерімен
                     байланысын  ұғынып,  музыкалық  шығарманы  түсініп  орындауды  үйренді.  Жалпы
                     эксперименттік  топ  домбырашы-студенттерінің  тарапынан  тәжірибелік-экспериментке
                     қызығушылығы жоғары болды.
                            Тәжірибелік-эксперименттің бақылау кезеңінде ЖОО-да домбырашы-студенттердің
                     кәсіби  дайындығының  музыкалық-орындаушылық  компоненті  бойынша  деңгейі  қайта
                     өлшенді. Бақылау тобының домбырашы-студенттерімен салыстырғанда эксперименттік топ
                     домбырашы-студенттерінің нәтижелерінің жоғары болуы педагогикалық шарттар кешенінің
                     тиімділігі  мен  нәтижелілігін  көрсетті.  Бақылау  және  эксперименттік  топ  домбырашы-
                     студенттерінің  тұрақтандыру  кезеңінде  көрсеткен  бастапқы  деңгейі  бақылау  кезеңіндегі
                     қорытынды деңгеймен салыстырылды (Кесте 2).

                     Кесте  2  –  Домбырашы-студенттердің  кәсіби  дайындығының  музыкалық-орындаушылық
                     компонентінің 3 критерийі бойынша деңгейі (тұрақтандыру/бақылау кезеңдері)

                                                       Музыкалық-орындаушылық қызметке дайындық
                        Музыкалық-орындаушылық                         деңгейлері
                         қызметке дайындығының        төмен деңгей   жеткілікті деңгей  жоғары деңгей
                               критерийлері
                                                      ЭТ      БТ      ЭТ       БТ      ЭТ      БТ
                      Құндылықты-             ТК       2       2       4        5       5      4
                      мотивациялық            БК       0       1       5        6       6      4
                      Кәсіби-теориялық        ТК       4       5       5        4       2      2
                                              БК       1       3       4        6       6      2
                      Орындаушылық-           ТК       2       1       8        8       1      2
                      технологиялық           БК       0       1       7        7       4      3
                            Ескертулер:
                      1. ЭТ – Эксперименттік топ
                      2. БТ – Бақылау тобы
                      3. ТК – Тұрақтандыру кезеңі
                      4. БК – Бақылау кезеңі

                            Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері ұсынылған педагогикалық шарттар
                     кешенін   оқу   үдерісінде   қолдану   домбырашы-студенттердің   мамандыққа   деген
                     қызығушылығы  мен  кәсіби  тұрғыдан  өзін-өзі  үздіксіз  дамытуға,  өздігімен  ізденуге  деген
                     ұмтылысын,  кәсіби  білімділік  деңгейін  арттырып,  орындаушылық  шеберлігін  дамыту,





                                                           504
   535   536   537   538   539   540   541   542   543   544   545