Page 538 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 538
Кәсіби-теориялық Кәсіби білімдердің – музыкалық-теориялық сауаттылық
көлемі мен сапасы (музыкалық-орындаушылық өнер тарихын
білу, ноталық сауаттылық, музыкалық
шығарманы талдау);
– жалпы гуманитарлық білімділік (әлем
және Қазақстан тарихы, мәдениет тану,
әлеуметтану, география, шет тілі негіздерін
меңгеру);
– домбыра орындаушылық өнері сала
сындағы білімдер (домбыра күйлерінің
орындаушылық, стильдік ерекшелік терін,
орындаушылық мектептердің айырмашы
лықтарын, күй аңыздарын, домбырамен
дыбыс шығару әдістерін білуі)
Орындаушылық- Музыкалық – кәсіби-практикалық дағдылар (музы
технологиялық орындаушылық калық есту және есте сақтау қабілеті,
шеберлік орындаушылық аппараттың дұрыс қойылуы,
орындаушылық техника, дыбыс сапасы,
теориялық білімдерді қолдана білу);
– музыкалық-орындаушылық шеберлік
(жан-жақты жеке орындаушылық
репертуарының қалыптасуы, музыкалық
шығарманың стильдік орындаушылық
ерекшеліктерін сақтау);
– шығармашылық қабілет (музыкалық
ойлау еркіндігін, орындаудың өзіндік сипатын
көрсету)
Тұрақтандыру кезеңіндегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыста қатысушылардың
кәсіби дайындығының құндылықты-мотивациялық және кәсіби-теориялық критерийлерінің
деңгейі анкеталау және тестілеу арқылы анықталса, орындаушылық-технологиялық
критерийінің деңгейі «Мамандық» пәні бойынша межелік бақылаулары мен сессиялық
емтихандарда жүйелі түрде тексерілді.
Тұрақтандыру кезеңінде домбырашы-студенттердің кәсіби дайындығының
музыкалық-орындаушылық компонентінің бастапқы деңгейін өлшеуге бағытталған
эксперименттік жұмыс нәтижелері ЖОО-да домбырашы-студенттерді дайындау үдерісі
жетілдіруді қажет ететіндігін көрсетті және зерттеу жұмысымыздың қалыптастыру
кезеңіндегі тәжірибелік-эксперименттік зерттеу үшін бағыт-бағдар болды.
Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысымыздың қалыптастыру кезеңінде
ЖОО-да домбырашы-студенттерді дайындау педагогикалық шарттар кешені
эксперименттік топ домбырашы-студенттерінің білім беру үдерісіне енгізілді. Бақылау
тобының оқу барысында педагогикалық шарттар кешені қолданылмады. Педагогикалық
шарттар кешенінің тиімділігін анықтау 6В02142 – «Халық аспаптары» (домбыра) білім беру
бағдарламасы бойынша келесі пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылды: «Мамандық»,
«Орындаушылық шеберлік», «Ансамбль», «Педагогикалық практика», «Өндірістік
практика», «Түркі халықтарының аспаптық музыка негіздері».
Педагогикалық шарттар кешені домбырашы-студент тұлғасын орталыққа қойып,
оның кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға, шығармашылық қасиеттерін дамытуға баса
назар аударып, ЖОО-да домбырашы-студенттерді кәсіби қызметке дайындау сапасын
арттыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық шарттар кешені оқу үдерісінде келесідей іске
асырылды:
1. Студентке орталықтандырылған оқыту саясатын ұстану педагогикалық шарты
бүгінгі таңда оқу үдерісін ұйымдастырудың өзегі болып табылады [3, б. 9]. Себебі, қазіргі
мамандардан кәсіби білімдер мен дағдылардан бөлек, өздігімен іздену, үздіксіз дамуға
деген ұмтылыс, коммуникативтілік, креативтілік, өзгермелі жағдайға бейімделу сынды
қасиеттер талап етіледі. Аталған педагогикалық шартты енгізу үшін, студенттердің белсенді
оқуын назарда ұстау, оқу үдерісі үшін жауапкершілігін күшейту, дербестігін арттыру, сыни
ойлау мен талдамалық ойлауын дамытуға басымдылық беру, оқытушылар мен студенттер
арасында серіктестік қарым-қатынас орнату міндеттері қойылды. Нәтижесінде
студенттердің сабаққа қатысу белсенділігі мен жауапкершілігі артты; мамандыққа, білім
502

