Page 539 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 539

алуға  деген  қызығушылығы  жоғарылады;  ізденушілік,  коммуникативтілік  құзыреттілігі
                     қалыптасты.  СОО  саясатын  ұстану  білім  алушыларға  шығармашылық  еркіндік  беріп,
                     олардың  оқу  үдерісіне  белсенді  араласуына  ықпал  ететін,  оқу  материалын  өздігімен
                     игеруге,  қосымша  ізденуге,  оқу  мәселелерін  шешуде  бірлесе  әрекет  етуге  тәрбиелейтін,
                     кәсіби-оқу  мотивациясын  арттыруға  көмектесетін  маңыздылығы  мен  тиімділігі  жоғары
                     педагогикалық шарт екендігі дәлелденді.
                            2.  ЖОО-да    домбырашы-студенттерді   дайындау    үдерісінің   практикаға
                     бағдарлануын  қамтамасыздандыру  педагогикалық  шартының  өзектілігі  қазіргі  еңбек
                     нарығындағы  мамандарға  деген  талаптардың  күшеюімен  айқындалады  [4,  б.  8].  Бүгінде
                     тәжірибелі, практикалық дағдылары қалыптасқан мамандар ғана сұранысқа ие. Сол себепті
                     білім  алушылардың  практикалық  дағдыларын  оқу  үдерісінде  қалыптастыру  олардың
                     болашақта  еңбек  нарығындағы  бәсекелестікке  қабілеттігін  арттырады.  Оқу  үдерісінің
                     практикаға  бағдарлануы  педагогикалық  шартына  сәйкес  оқу  пәндерінде  практикалық
                     маңызды білімдердің берілуі және студенттердің алынған білімдерін іс жүзінде қолданып,
                     практикалық тәжірибе жинақтаулары қамтамасыз етілді. Оқу үдерісін практикаға бағдарлау
                     нәтижесінде студенттердің болашақ кәсіби қызметінің маңыздылығын ұғынып, мамандыққа
                     деген  қызығушылығының  артуына,  практикалық  дағдыларының  қалыптасып,  кәсіби
                     тәжірибе жинақтауына қол жеткізілді.
                            3.  ЖОО-да  домбырашы-студенттерді  дайындау  үдерісінде  мультимедиалық
                     технологияларды қолдану бүгінгі күнгі білім беру үдерісінде ерекше маңызды орынға ие.
                     Бұған күннен күнге ақпараттың көбеюі, білімнің жаңаруы, жаңа оқыту технологияларының
                     пайда  болып,  қолданысқа  енуі,  коммуникациялық  кеңістіктің  кеңейуі,  қазіргі  білім
                     алушылардың қызығушылықтары мен құндылықтарының өзгеруіне себеп болды [5, р. 361].
                     Сонымен  бірге,  қазіргі  цифрлық  дәуір  ақпаратты  өңдеп,  кәсіби  қызмет  барысында  оны
                     тиімді  пайдалана  алатын,  медиабілімді  тұлғаны  қалыптастыруды  талап  етуі  ЖОО-да
                     домбырашы-студенттерді  дайындау  үдерісінде  цифрлық  білім  беру  технологияларын
                     қолданудың     өзектілігі   мен   домбырашы-студенттердің     медиақұзыреттілігін
                     қалыптастырудың  маңыздылығын  айқындайды.  Цифрлық  технологияларды  қолдану
                     нәтижесінде оқу үдерісі жоғары сапалы деңгейге көтерілді, білім алушылардың назарының
                     өзіндік жұмысқа бағытталуы домбырашы-студенттердің оқу материалына қызығушылығын
                     арттырып,  ізденуішілік,  ғылыми-зерттеу  қызметіне  араласу  мүмкіндіктерін  кеңейтті.
                     Ақпаратты  іздеп,  іріктеп,  өңдеу,  оқу  практикасында  қолдану  нәтижесінде  домбырашы-
                     студенттердің  бүгінгі  таңда  маңызды  құзыреттіліктердің  бірі  медиа  құзыреттіліктері
                     қалыптасты.  Домбыра  үйрету  процессін  цифрландыру  мақсатында  авторлық  «Домбыра
                     академиясы»  оқу-танымдық  сайты  іске  қосылды.  Сайт  білім  алушыларға  қажетті
                     материалдарды  кітапханаға  бармай-ақ  өзіне  ыңғайлы  жерде,  ыңғайлы  уақытта,  шектеусіз
                     пайдалануға,  өзіндік  дайындығын  тиімді  ұйымдастыруға  мүмкіндік  беріп,  оқу-танымдық
                     мотивациясының  жоғарылауына,  өзіндік  дайындық  сапасының  артуына  ықпал  етті.
                     Цифрлық     технологиялары   домбырашы-студенттердің    кәсіби-теориялық   және
                     орындаушылық-технологиялық  критерийлері  бойынша  кәсіби  дайындығын  жетілдірудің
                     маңызды құралы болып табылатындығы тексеріліп, дәлелденді.
                            4.  Оқу барысында студенттердің музыкалық өлкетану материалдарын жинақтауы
                     ЖОО-да  домбырашы-студенттерінің  кәсіби-зерттеушілік  құзыреттілігінің  қалыптасуына
                     жол  ашты.  Домбыра  өнеріндегі  күйшілік  мектептердің  қалыптасуына  әсер  ететін  әр
                     аймақтың өзіндік музыкалық мәдениеті, вокалдық өнері, тұрмыс-салты, көрші халықтардың
                     музыка мәдениеті сынды факторлардың музыкалық өлкетану ғылымының зерттеу аясына
                     кіретіндігін  ескерсек,  домбырашы-студенттің  музыкалық  өлкетану  материалдарын
                     меңгеруінің  маңыздылығы  айқындалады  [6,  б.  290].  Оқу  үдерісінде  музыкалық  өлкетану
                     материалдарын  жинақтау,  талдау,  салыстыру  кәсіби-теориялық  және  орындаушылық-
                     технологиялық  критерийлер  бойынша  домбырашы-студенттердің  кәсіби  дайындығын
                     жетілдіреді  және  күйшілік  мектептерді  одан  әрі  тереңдей  түсінуіне,  соның  нәтижесінде
                     домбыра  күйлерінің  орындаушылық,  стильдік  және  интонациялық  ерекшеліктерін
                     меңгеруіне, кәсіби-теориялық білімділік деңгейінің жетілуіне ықпал етеді.
                            5.  Домбыра орындаушылық өнерін үйретудің аутентикалық элементтерін қолдану
                     бүгінгі  күнгі  ЖОО-да  домбырашы-студенттерді  дайындау  үдерісінде  өзекті  болып
                     табылады. Себебі домбыра күйлерінде нотаға түсіруге келмейтін кейбір шеберлік тәсілдер,
                     қағыс  ерекшеліктері,  дыбысты  алудағы,  иірім  иірудегі,  тыныс  алудағы  өзіндік
                     орындаушылық құпиялар ауызша үйретілгені тиімді екендігі практикада көрініс табады [7,
                     б. 200]. Домбырашы-студенттерге домбыра күйлерін құйма-құлақ әдісімен үйрету, дәстүрлі
                     терминологияны қолдану, домбырашы-студентке күй аңызын айтқызу, күй өнерін ән, жыр,





                                                           503
   534   535   536   537   538   539   540   541   542   543   544