Page 537 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 537
Материалдар
Жоғары білім беру жүйесінің даму тенденцияларын және ЖОО-да домбырашы-
студенттерді дайындау үдерісін бақылау, зерттеу, саралау нәтижесінде, сонымен қатар,
мамандарға қойылатын талаптарды ескере, оқытушылар арасында өткізілген сұхбат және
ЖОО домбырашы-студенттерімен сауалнама жүргізу барысында, қазіргі кезде домбырашы-
орындаушыларды дайындау үдерісін нәтижелі ұйымдастырудың келесі педагогикалық
шарттар кешені анықталды:
– Студентке орталықтандырылған оқыту (СОО) саясатын ұстану;
– ЖОО-да домбырашы-студенттерді дайындау үдерісінің практикаға
бағдарлануын қамтамасыздандыру;
– ЖОО-да домбырашы-студенттерді дайындау үдерісінде мультимедиялық
технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану;
– Музыкалық өлкетану материалдарын қолдану ЖОО-да домбырашы-
студенттерінің кәсіби-зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың негізі ретінде
қарастыру;
– Домбыра орындаушылық өнерін үйретудің аутентикалық элементтерін
өзектендіру және қолдану.
Ұсынылған педагогикалық шарттар кешенінің тиімділігін тексеру мақсатында
ҚазҰӨУ-нің «Домбыра» кафедрасының базасында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
жүргізілді. Эксперименттік жұмысқа «Халық аспаптары (Домбыра)» білім беру
бағдарламасының 1-4 курс студенттері қатысты.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс үш кезеңнен тұрды:
1. Тұрақтандыру (Анықтау) кезеңі.
2. Қалыптастыру кезеңі.
3. Бақылау кезеңі.
Тұрақтандыру кезеңінде педагогикалық экспериментті дайындау және домбырашы-
студенттердің кәсіби дайындығының бастапқы деңгейін анықтау міндеттері алға қойылды.
ЖОО-да домбырашы-студенттерді дайындау үдерісінің негізгі кәсіби бағыты
музыкалық-орындаушылық қызмет болғандықтан, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
барысында экспериментке қатысатын домбырашы-студенттердің кәсіби дайындығының
музыкалық-орындаушылық компоненті бақыланды. Домбырашы-студенттердің кәсіби
дайындығының музыкалық-орындаушылық компоненті бойынша деңгейін өлшеу үшін
оның критерийлері анықталып, әр критерийге көрсеткіштерді белгіленді (Кесте 1).
Кесте 1 – ЖОО домбырашы-студенттерінің кәсіби дайындығының музыкалық-
орындаушылық компоненті бойынша критерийлері, критерийлердің сипаттамасы мен
көрсеткіштері
Критерий Сипаттама Көрсеткіштер
Құндылықты- Музыкалық- – кәсіби құндылықтар жүйесінің
мотивациялық орындаушылық қалыптасуы (музыкаалық-орындаушылық
өнерге қызмет мәнін, мақсат міндетін, қоғам үшін
қызығушылық маңыздылығын ұғынуы, жауапкершілікті
сезінуі);
– кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруі
(домбырашы-студенттің өзіндік
дайындалуы, белсенділігі);
– оқу үдерісіне белсенді араласуы (педагог
тапсырмасын орындау, қосымша
материалдарды жинақтау, пікірі мен
ұсыныстарын білдіру)
501

