Page 575 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 575

ҚАЛА ОРТАСЫНДА ЛАНДШАФТЫҚ ДИЗАЙННЫҢ
                            ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАР

                                                                          1
                                              Әбітхан Айдана Расылханқызы

                            Аннотация
                            Бұл мақалада ландшафтық дизайнның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар
                     қарастырылады,  сондай-ақ  олардың  әртүрлі  шешімдеріне  талдау  беріледі.  Негізгі  назар
                     сәулеттік ортаға әсер ететін негізгі факторлар және оларды талдау, шешім табу жолдарын
                     анықтауға,  түсінуге  және  жіктеуге  аударылады.  Ландшафттық  дизайндағы  үрдістерді
                     жіктеу  қарастырылды,  салыстырмалы  талдау  берілді,  қала  ортасына  әсер  ететін  негізгі
                     факторлар анықталды.

                            Кілт  сөздер:  Сәулеттік  орта,  рельеф,  қалалық  урбанистика,  инновацияларды
                     ассимиляциялау, әлеуметтік ортаны жобалау, инсоляция.


                            Табиғи  –  климаттық  орта.  Табиғи  –   климаттық  жағдайлар  біріншіден:  қажетті
                     негіз, қала ортасын құру үшін өзіндік іргетас, екіншіден, оның жұмыс істеу үдерісіне әсер
                     ететін  ең  тұрақты  фактор  болып  табылады.    Әртүрлі  қалалар  үшін  табиғи  –  климаттық
                     жағдайлардың және олардың жекелеген элементтерінің  рөлі, атап айтқанда, бірдей емес.
                     Мысалы,  қалалық  ортаның  бір  ерекшелігі  үшін  рельефтің  (Тбилиси)  ерекшеліктерін,
                     басқалары үшін – теңізге жақындық (Баку), үшіншісі – климаттық ауданның экстремалдығы
                     (Норильск) деп есептеуге болады.
                            Табиғи  –  климаттық  кешен  екі  құрамнан  тұрады:  микроклимат  және  ландшафт.
                     Микроклиматтың  негізгі  факторлары:  аумақтың  радиациялық  режимі  (инсоляция,
                     жарықтандыру),  ол  географиялық  ендіктен,  сондай  –  ақ  жергілікті  жер  бедерінің
                     құрылысының  ерекшеліктеріне  байланысты.  Аумақтың  жекелеген  учаскелеріндегі  жел
                     режимі  және  оның  ерекшеліктері,  сондай  –  ақ  онымен  байланысты  жер  бедері  мен
                     өсімдіктерінің  сипатына,  топырақ  жағдайларына,  су  айдындарының  болуына  байланысты
                     және  жыл,  тәулік  ішіндегі  өзгерістермен  сипатталатын  қар  көшкіні  болуы;  географиялық
                     ендік,  рельеф  сипаты,  топырақ  жағдайлары,  өсімдік  жамылғысы  түрі  және  акваторияның
                     болуына байланысты температуралық  –  ылғалдық режим; ерекше ерекшеліктері  –  тұман,
                     инверсия, көктайғақ және тағы басқа себептермен (Полякова Т. А., 2010, 27– 36).
                            Бұл  факторларды  бағалау  табиғи  бақылау  нәтижелерін  пайдалана  отырып,
                     климаттық анықтамалықтар мен жергілікті метеостанциялар деректерінің негізінде графо –
                     талдау  әдістерінің  көмегімен  жүзеге  асырылуы  мүмкін.    Жекелеген  метеорологиялық
                     факторлардың  (күн  радиациясы,  ауа  температурасы  мен  ылғалдылығы,  жел  режимі)
                     сипаттамалары негізінде аумақты кешенді микроклиматтық бағалауды жүргізген жөн, бұл
                     ретте  ауа  райының  ықтималдығы,  желдердің  жылдық  және  маусымдық  раушандары,  қар
                     қалуының режимі, суық ауаның тұрып қалу аймағы және қарға төзімділігі ескеріледі. Осы
                     негізде  аумақтың  инсоляциясын  реттеу  және  құрылысты  жоспарлау  және  көгалдандыру
                     құралдарымен желден қорғау мүмкіндіктері зерттеледі.
                            Ортаның әлеуметтік – мәдени сипаттамасы.  Бұл қала ортасының сапасы адамның
                     тіршілік әрекеті тұрғысынан алынған қаланы білдіреді.  Бұл ретте тұлғаның қалалық ортаға
                     бейімделуге,  оны  жаңғыртуға,  қолдауға  және  сақтауға  ұмтылысы  айқындаушы  фактор
                     болып  табылады.  Қалалық  ортаның  сапасы,  сайып  келгенде,  қалалардың  бір  жағынан,
                     қоғамның  шығармашылық  күштерінің  фокустары  болу,  шығармашылық  әлеуетті  жүзеге
                     асыру, шоғырландыру, екінші жағынан, әр тұлғаны қала өмірінің түрлі нысандарына тарту
                     үшін қажетті жағдайлар жасау қабілеттілігімен анықталады. Қала ортасының сипаты, оның
                     динамикасы, даму үрдістері күрделі көп жоспарлы сипатқа ие.  Бірақ жалпы қала әлеуметтік
                     – аумақтық қауымдастық ретінде келесі белгілерге ие. Бірыңғай «мәдени шығармашылық»
                     ортаны  құрады:  ашықтық,  әртүрлілік,  мобильділік,  біртектілік,  тұтастық  және  т.  б.    қала
                     ортасының  осы  және  басқа  да  белгілері  қалалықтардың  өмір  салтында  айқын  көрінеді.
                     Мысалы, қалалық орта адамдардың еңбек, демалыс процесінде, тұрмыста, қозғалу кезінде
                     адамдардың  көп  санымен  үнемі  көптеген  байланыс  жасауға  ұмтылысын  дамытуға  ықпал
                     етеді.  Кез  келген  өндірістік,  экономикалық  қызмет,  егер  адамдар  үнемі  жаңа  қарым  –


                     1  өнер магистрі, оқытушы, Қазақ технология және бизнес университеті E-mail: abitkhan-aidana@mail.ru




                                                           539
   570   571   572   573   574   575   576   577   578   579   580