Page 574 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 574
шамасы, модельді қалыптылығы, жеке биімделу потенциялы төмен болғанымен
түсіндіріледі. Дамыту бағдарламасын өткізгеннен кейін нәтижелеріміз айтарлықтай артты.
Зерттеуіміздің келесі кезеңінде бейімделуге арналған Д.А. Леонтьевтің «Өмірге
төзімділік» тестін өткіздік. Зерттеу нәтижелерінен байқағанымыздай, зерттелушілерде
бейімделудің жоғарғы деңгейі төмен нәтижесін берді.Осындай төмен нәтиженің болуының
себебі, сыналушылардың еліктеуінің төмен болумен тәуекелділіктің жоқтығы болып
табылады. Дамыту бағдарламасын өткізгеннен кейін, сыналушылардың әлеуметтік ортадағы
бейімделу деңгейі жоғарлады.
Сонымен қатар, Ч.Д. Спилбергер және Ю.Л Ханинның мазасыздыққа бағытталған
тестінің нәтижелеріне келетін болсақ қатысушыларда мазасыздық деңгейі өте жоғары
болды.Осындай жоғарғы көрсеткіштердің болу себебі, зертелушілердің өзіндік белсенділігі,
ниеті, үрей деңгейі жоғары болып келеді, бұл нормадан тыс. Оны ситуативті және реактивті
үрейді күйі ретінде, субьективтің бастан кешірген эмоциялары: қысым, мазасыздық,
самарқаулықпен сипатталады. Бұл күй стрестік ситуацияға эмоционалды реакция ретінде
туындап, уақыттың интенсивтілігі мен динамикасының әртүрлігіне байланысты болуы
мүмкін. Дамыту бағдарламасын өткізгеннен кейін, қайта диагностика жүргізудің
нәтижесінде аталған әдістеменің көрсеткіштері қатысушылардың мазасыздық деңгейінің
айтарлықтай төмендегенін көрсетті [101, 13].
Зерттеу жұмысы барысын қортындылай келе,мүмкіндігі шектелуі мүгедек
балаларды әлеуметтендіруде келесі жолдардың тиімді екені анықталды:
• Инклюзивті білім беру;
• Педагогикалық тәрбиелік дамытушылық ойындар мүмкіншілігі шектеулі
баланың ақыл-ойын дамытып, қоғамдық өмірге бейімденуге деген қызығушылықтарын
арттырады;
• Мүмкіндігі шектеулі балалармен қоғам болып әлеуметтік көмек беру, жақсы
қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктерін арттыру;
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына, қамқоршыларына, білім
берушілерге әлеуметтік-психологиялық педагогикалық жағдайларжасау; оны өзгелермен
бірлесе өмір сүруге, еңбек етуге үйрету.
Сонымен, қорытындылай келе, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды қоғамға
әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дамыту бағдарламасы жасалынып, мүмкіндігі
шектеулі адамдардың бейімделу үрдісін арттырудың жолдары көрсетіледі. Алға қойған
міндеттерді орындап, болжамымыз дәлелденді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Тебенова Қ.С., Рымханова А.Р. Арнайы психология. – Алматы, Мектеп, 2011. – 215
б.
2 Бepжaнoв Қ., Мycин C. Пeдaгoгикa тapихы. – Aлмaты, Мeктeп, 1984. -87 б.
3 http://kk.wikipedia.org/wiki/
4 Рымханова А.Р. Арнайы психология. – Қарағанды, Мектеп, 2009. – 36 б.
5 Тебенова Қ.С. Дамуында ауытқуы бар балалар. –Қарағанды, Мектеп, 2005. – 87 б.
6 http://www. Invailid.kz. modules/editor/
7 Воронков В.В.Актуальные проблемы олигофренопедагогики. –Москва,
Просвещение, 2008. – 97 с.
8 Ғалиев Г.Г. Жүйелік негізде оқыту технологиясы. –Алматы, Наука, 2006. – 210 б.
9 Әбдіғәлиев Қ.А., Нурахметов Н.Н. Оқушылардың шығармашылық қабілетін
деңгейлеп оқыту. – А.: Қaзaқ yнивepcитeтi, 2003. – 426 б.
10 Намазбаева Ж.И., Сарсенбаева Л.О. Особенности психофизическогоразвития детей
с особыми потребностями. – Алматы,Мектеп, 2004.– 66 с.
11 Заркенова Л.С., Ильясова Б.И., Тебенова К.С. Дефектология негіздері. –Қарағанды,
Рауан, 2010.– 187 б.
12 Нұрманбетова У.Е. Мүмкіндіктері шектеулі балалар. –Қарағанды, Рауан, 2003. –
213 б.
13 Аltaynews.kz сайты
14 Дементьева Н.Ф., Шаталова Е.Ю., Соболь А.Я. Организационно-
методологические аспекты деятельности социального работника. –
М.:Издательство, 2002. – 51 с.
15 Дюрггейм Э.С. Социология и теория познания. –М.: Просвещение, 2003.– 38 с.
538

