Page 569 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 569
Қазіргі кезде осындай адам саны өсіп отырғаны байқалады. Мұндай адамадар өмірге
келген күннен бастап айналасындағы ересектердің мықтап көңіл бөлуін қажет етеді. ҚР Білім
және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің статистикасы
бойынша, 2005 жылы шамамен мүмкіндігі шектелген балалар саны 124 мыңды құраса 2011
жылы 149 мыңнан асты. 2014-15 жылғы мәлімет бойынша, 151216 бала белгілі болды.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде, даму кемістігі бар балаларды атауға ізгілік термині
қолданылады, балалар категориясын, білім алу қажеттігі ерекше балалар деп атау
қабылданған, себебі балалардың білім алу үдерісі арнайы педагогикалық-психологиялық
көмекті арнайы оқыту әдістері мен ұйымдастырылуын талап етеді[1, 123].
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, соңғы көрсеткіш бойынша 35 процентке
жуығын нервтік-психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар
құрайды.психикалық дамуы кешеуілденген балалар категориясын 50-шы жылдардың
аяғынан бастап зерттеу кеңінен қолға алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан
ғалымдар: М.С.Певзнер, Т.А.Власова, К.С.Лебединская, В.В.Ковалев, П.Е.Сухарева,
В.И.Лубовский т.б. бала дамуының ерекшеліктеріне қарай өз пікірлерін ұсынған.
Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытудың мүмкіндіктері
Қазіргі кезде бүкіл әлемде, даму кемістігі бар балаларды атауға ізгілік термині
қолданылады, балалар категориясын, білім алу қажеттігі ерекше балалар деп атау
қабылданған, себебі балалардың білім алу үджерісі арнайы педагогикалық-психологиялық
көмекті арнайы оқыту әдістері мен ұйымдастырылуын талап етеді.
Қазір Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау жүйесін ұйымдастыру
жұмыстары қолға алынған. Дамуында ауытқуы бар балаларды ерте кезден анықтау
мақсатында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Комитеті, ерте сәбилік жастағы
балалардың жүйке-психикалық дамуында алғашқы дәрігерлік-санитарлық жәрдем беру
пункттерінде (балалар емханалар т.б.) скрининг жасау туралы бұйрық шығарды (12 қазан,
1999 ж.). Демек, балалар емханаларының қызметкерлері, балалар дамуындағы ауытқулар мен
ауытқу қауіптерін анықтау мақсатында, скрининг жасау міндетін атқарады. Қауіп тобындағы
балалардың толық диагностикадан өту мақсатында психологиялық-медициналық-
педагогикалық комиссияларға жіберіледі (ПМПК).
Қазіргі кезеңде еліміздің даму мүмкіндігі шектеулі балалар санының көбеюі,
денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін
талап етіп отыр. Жыл санап даму мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы
өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Мүгедектер әлеуметтік
категория ретінде әлеуметтік қолдауды қажет етеді және олардың толыққанды әрі белсенді
өмір сүруі үшін қоғамдық-пайдалы іс-әрекеттерге тарту, қоршаған ортамен байланысын
жетілдіру,бір сөзбен айтқанда оларды қоғамға әлеуметтендіру қажет. Даму мүмкіндігі
шектеулі балаларды әлеуметтендіруге сәйкес зерттеулер бойынша бірқатар ғылыми
жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, жоғарыда келтірілген мағұлматтар берілген
мәселенің жеткілікті дәрежеде қарастырылмағанын аңғартады. Сондықтан даму мүмкіндігі
шектеулі балаларды әлеуметтендірудің қажеттілігімен оны зерттеудің арасында обьективті
түрде қалыптасқан шешімднрді шешу үшін және осы жағынан жеткіліксіз деңгейде
өңделген қарама-қайшылықты қалыптастырылады.
Ең алғаш «әлеуметтендіру» термині XIX ғасырда Америка әлеуметтанушысы
Фланклин Гидданистің «әлеуметтендіру» теориясы еңбегінде жазылды. Бұл
кітапта«әлеуметтендіру – тұлғаның жаратылысы, мінез-құлқы немесе әлеуметтік
табиғатының дамуы» деген түсінік берілген.
Әлеуметтендіру дегеніміз – қарым-қатынас жасай білетін, өмірлік мақсатына жете
білетін, өмірлік және адамгершілік құндылықтарды ұстанатын өзінің қажеттілігі мен
қызығушылықтарын қоғам талаптарына сәйкес шектей білетін тұлғаның тәрбиелеу.
Әлеуметтену –жеке адамдарға қоғаммен оның құрлымдары тарапынан үнемі
(жинақы, бақылау, шашыранқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі
бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп нақты қоғамда әлеуметтік топтар мен
ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы
мүшесіне айналады.
Ал, педагогикалық сөздікте әлеуметтік – жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени
қалыптасу үрдісі индивидтің өзі орын алатын табысты қызмет етуі үшін қажетті мінез-құлық
үлгілерін психологиялық механизмдері әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды
меңгеруі[2, 45].
533

