Page 568 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 568
ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ
ОҚЫТУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ.
1
Жамитова А.А
Аңдатпа
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқыту – күрделі әлеуметтік және
педагогикалық мәселе. Бұл мәселелер осындай балаларды мүмкіншіліктеріне қарай ,
қоғамдық өмірге пайдалы, белсенді, өз беттерінше өмір сүре алатындай дайындау
мақсатындағы негізгі сұрақтарды шешу болып табылады. Қазіргі кезде бүкіл әлемде, даму
кемістігі бар балаларды атауға ізгілік термині қолданылады, балалардың категориясын, білім
алу қажеттігі ерекше балалар деп атау қабылданған, себебі балалардың білім алу үдерісі
арнайы педагогикалық-психологиялық көмекті арнайы оқыту әдістері мен
ұйымдастырылуын талап етеді.
Аннотация
Воспитывать и обучать недееспособных детей – это сложная социальная и
педагогическая проблема. Это проблема является основным вопросом подготовки таких
детей пригодных обществу: быть активными и уметь жить самостоятельно. В современном
мире, к категории таких детей, применяется определенный термин их называют особенными.
Для того, чтобы эти дети имели возможности получить образование, требуется специальная
психолого-педагогическая помощь специалистов, организаций, применение учебных
методов.
Annotation
Depending on the capabilities of these issues, whether these children are active in public
life, to be able to live on their own training are key issues. Children with disabilities and their
education-a complex socio-pedagogical problem. At present, all over the world, children with
disabilities children category used the term called humanitarian, education, education for children
with special children took this name because of the need to handle the special pedagogical and
psychological care requires special teaching methods and organization
Кіріспе
Қазіргі өркениетті заманымызда қоғамдағы алға қойылып отырған ең өзекті
міндеттердің бірі арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңа
бағытта ұйымдастыру нәтижесінде жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі мен
денсаулығымен бағаланады.
Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан
жолы-2050:Бір мақсат, Бір мүдде бір болашақ» атты жолдауында «Даму мүмкіндігі шектеулі
азаматттарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа
айналуға тиіс.Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетуге тиіс-бұл өзіміздің және
қоғам алдындағы біздің парызымыз» деген болатын.
Өзекті мәселелері: даму мүмкіндігі шектеулі мүгеддек адам дегеніміз –жүре және
өмір жағдаяттарымен пайда болған кемістігі бар, арнайы оқу тәрбиені талап ететін, өмірлік
іс –әрекетке мүмкіндігі аз шектеулілер адамдар.
Әлеуметтік, денсаулық сақтау және білім беру салаларында даму және мүмкіндігі
шектеулі балалар категориясына, жалпыға ортақ әлеуметтік даму, білім алу нормативіне сай
үлгерім, қоғамдық қарым-қатынастар, басқа ережелерді қабылдау мүмкіндігі шектелген
балалар жатады.
1 Аға оқытушы, магистр, Магистр, Ы.Алтыгсарин атындағы Арқалық педагогикалық
институты, Қазақстан, Арқалық қ., E-mail:Zhamitovaaa@mail.ru
532

