Page 571 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 571

Осы  мағынада  70-ші  жылдардың  аяғында  ағылшын  мамандары  ұсынған:  «білім
                     алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар (тұлғалар)» термині жағымды болып табылды. Бұл
                     термин әлеуметтік және ғылым саласында кең қолданысқа ие болды.
                            Шетелде қазіргі құқықтық және әлеуметтік салада кеңінен «еңбек қабілеті шектелген
                     тұлғалар» («мүгедектер» термині орнына) термині қолдануда.
                            Арнайы  білім  берумен  тығыз  байланыста  реабилитация  термині  қолданылады.
                     Дүниежүзілік  денсаулық  ұйымының  эксперт  Комитетінің  анықтамасы  бойынша,
                     «реабилитация  дегеніміз  индивидуумның  функционалды  қабілеттерін  жоғарғы  деңгейге
                     дейін дайындау немесе қайтадан  дайындау мақсатымен   медициналық, әлеуметтік, білім
                     беру және кәсіби сипаттамадағы тұтас шаралар кешенін қолдану саналады».
                            «Реабилитация» термині «абилитация» терминінен туындаған (латын сөзінен habilis
                     - бір нәрсеге қабілетті болу), оны дамуында ауытқуы бар ерте жастағы балаларға қолданады.
                     Көпжылдық дәстүрге сәйкес әлеуметтік салада ең кеңінен таралған болып дамуында ауытқуы
                     бар  тоғыз  категориядағы  тұлғалар  саналады:  саңыраулар  (кереңдер),  нашар  еститіндер,
                     соқырлар,  нашар  көретіндер,  сөйлеу тілі  бұзылғандар,  кемақылдылар,  психикалық  дамуы
                     тежелгендер, тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары барлар, эмоциялық-еркін аумағының
                     бұзылыстары барлар. Осы терминдердің негізінде әлі де медициналық немесе психологиялық
                     семантика қолданылады [3].
                            Тарихи тұрғыдан «мүгедектілік» және «мүгедек» түсініктері «еңбекке жарамсыз»
                     және  «ауру»  түсініктермен  байланысты  болған.  Сондықтан  да  мүгедектілікті  талдаудың
                     әдістемелік көзқарастары денсаулықты сақтау саласынан алынып жүрді.

                            8 Кесте - Ч.Д. Спилбергер және Ю.Л  Ханинның мазасыздыққа бағытталған тестінің
                      пайыздық нәтижесі

                          Мүмкіндігі        Экспериментке  дейін          Эксперименттен  кейін
                       шектеулі мүгедек
                       балалардың көріну         Саны            %           Саны             %
                            деңгейі
                                          Экс    Бақ     Экс     Бақ    Экс    Бақ     Экс    Бақ


                          Өте жоғары      5      0       50%     0%     3      0       30%    0%
                           Жоғары         2      1       20%     10%    1      2       10%    20%
                            Орташа        2      5       20%     50%    1      4       30%    40%
                            Төменгі       1      4       10%     40%    5      4       50%    40%

                            Эксперименттік  топта  мазасыздық  деңгейінің  өте  жоғары  деңгейі  50%  болды.
                     Бақылау тобының өте жоғары деңгейі 0% болды. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың
                     мазасыздықтың жоғары деңгейі 20% құраса бақылау тобының балаларында 10% құрап отыр.
                            Мүмкіндігі  шектеулі    мүгедек  балаларда  осындай  жоғарғы  көрсеткіштердің  болу
                     себебі  зерттеленушілерде  өзіндік  белсенділігі,  ниеті,  үрей  деңгейі  жоғары  болып  келеді,
                     нормадан  тыс.  Оны  ситуативті  және  реактивті  үрейді  күй  ретінде  субьективтің  бастан
                     кешірген эмоциялармен қысым, мазасыздық, бойкүйездік, самарқаулықпен сипатталынады.
                     Бұл күй стрестік ситуацияға эмоционалды реакция ретінде туындап уақыттың интенсивтілігі
                     мен динамикасының әртүрлілігіне  байланысты болуы мүмкін.
                            Мазасыздықтың орташа деңгейі эксперименттік топта 20% болды. Бақылау тобының
                     балаларының  орташа  мазасыздану  деңгейі  50%  құрайды.  Ал  төменгі  деңгей  мүмкіндігі
                     шектеулі мүгедек балалардың көріну ддеңгейі 10%-ын құраса, бақылау тобында 40% құрап
                     отыр [64, 38].
                            Дамыту  бағдарламасын  өткізгеннен  кейін  нәтижеміз  айтарлықтай  өзгергенге
                     байқауға  болады.  Өте  жоғарғы  мазасыздық  деңгей  50%-дан  30%-ға    төмендеді,  жоғарғы
                     деңгей 20%-дан 10%-ға төмендеді. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың орташа көріну
                     деңгейі 20%-дан 10%-ға төмендеді, ал төменгі деңгей 10%-нан 50%-ға дейін өскенін байқауға
                     болады.
                            Алынған нәтижені дәлелдеу үшін стьюденттің t-өлшемі бойынша      салыстырмалы
                     талдау  өткізілді.  Стьюденттің  t-критериі  бойынша  салыстырмалы  нәтижелер  төмендегі
                     кестеден көруге болады.







                                                           535
   566   567   568   569   570   571   572   573   574   575   576